Э. В. Фуфаев, Л. И. Фуфаева


AutoCAD  мəзірінің  командаларымен  жұмыс  жасау



жүктеу 23,02 Mb.
Pdf просмотр
бет157/204
Дата09.01.2022
өлшемі23,02 Mb.
#31801
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   204
Фуфаев Қолданбалы бағдарламалар пакеті. Оқу құралы

AutoCAD 
мəзірінің  командаларымен  жұмыс  жасау 
технологиясы
.  AutoCAD2000  жүйесінің  мəзірі  иерархиялық  болып 
табылады  жəне  Windows  барлық  қосымшаларына  ұқсас  түрде 
ұйымдастырылған. 
Бұрынғы  нұсқаларда  экранның  оң  жағында  орналасқан 
экрандық  мəзір  болған.  Экран  мəзірінде  екі  нүктеге  аяқталатын 
пункт  болса,  бұл  тікелей  AutoCAD  командасы  болып  табылады.  Екі 
нүктесі  жоқ  пунктілер  -  төменгі  деңгейдегі  ішкі  мəзірге  өту 
командалары.  Дегенмен  пайдаланушы  мəзірді  бағдарламалау  жəне 
оны өз ережелері боцынша құрастыруы мүмкін. 
Сайман  тақтасының  мəзір шежіресінің соңғы  пукнті AutoCAD 
командалары бар бір немесе бірнеше мəтін жолдарымен байланысты 
болады.  Мəзір  шежіресінің  соңғы  командасын  басқан  кезде  осы 
команда 
командалық 
жолға 
тапсырылады 
(AutoCAD 
командаларының интерпретаторына). 
Команда келесі тəсілдер арқылы беріледі: 

 
командалық  жолда  пернетақта  арқылы  диалог  терезесінде 
Command:(немесе Команда:) арқылы (15.2 суретті қарау); 

 
саймандар тақтасында команданы таңдау; 

 
команданы командалық файлдан таңдау, бірақ тек осы сызба 
барысында  қолданылған  командаларды  ғана  таңдауға  болады 
(Командаларды  енгізу  терезесінде  тінтуір  көрсеткішін  орналастыру 
жəне  оң  жақ  батырманы  басу  арқылы  шығатын  контекстілік  мəзір 
соңғы алты командалар тізімін қамтиды). 
Команданы  орындау  кез  келген  кезде  [ESC]  батырмасын  басу 
арқылы тоқтатуға болады. 
Команданы  командалық  жолда  қосқаннан    кейін    («) 
таңбасынан  басталатын  параметрлер  тізімі  пайда  болады,  ал  осы 
команданың  жұмысы  аяқталғаннан  кейін  жүйе  үзілген  команданы 
жалғастыру туралы хабарламаны шығарады. 
Басқа  командалар  орындалып  жатқан  кезде  шақырыла  алатын 
командалар 
мөлдір  (Help,  Zoom,  Pan,  Redraw 
жəне  т.б.)  командалар 
деп  атайды.  Мөлдір  командалардың  көбісі  сызбаны  монитор 
экранында  көрсетуді  басқарып  отырады.  Мөлдір  команда  белгісі  - 
апостроф  (').  Командалық  жолға  мөлдір  команданы  енгізу  керек 
болса, команданын толық аты алдында апостроф койылады. 
229 


 
 
Сурет  салудың  барлық  командаларында  ішкі  командалардың 
бір немесе екі деңгейі бар. Олар команданы нақтылайды немесе оны 
орындау  режимін  белгілейді.  Осы  жағдайда  AutoCAD  енгізілген 
команданы  ішкі  командалармен  бірге,  бір-бірінен  қиғаш  сызық 
арқылы  ажыратылатын  сыбыр  жолға  шығарады  немесе  тапсырыс 
жасайды.  15.3  суретінде 
Circle 
(шеңбер  салу)  командасының  ішкі 
мəзірі  көрсетілген  жəне  онда  шеңбер  салу  тəсілдерін  анықтайтын 
ішкі 
командалар 
белгіленген. 
Circle 
командасы 
үшін 
3P/2P/
түріндегі  сыбыр  жолдар  бар  жəне  бұл 
дегініміз  AutoCAD  шеңбер  салуға  дайын  болып  тұр  жəне  оны  қай 
тəсілмен  орындау  нұсқаулығын  тосып  тұр  деген  сөз:  шеңбер 
бойындағы  үш  нүкте  арқылы,  екі  нүкте  арқылы  немесе  шеңбер 
центрінің нүктесін енгізу арқылы. 
Егер  шеңберді  үш  нүкте  арқылы  салу  керек  болса,  онда 
3Points 
командасын  енгізу  керек,  одан  кейін  AutoCAD  кезекпен  үш 
нүкте координаталарын «сұрайды». Басқа екі тəсіл үшін осы ақпарат 
жеткілікті  болмайды  жəне  AutoCAD  қажетті  деректерді  (радиус, 
центр,  нүкте  жəне  т.б.)  талап  етеді.  Егер  команда  нақты  берілмесе, 
сыбыр  жолда 
бұрыштық  жақшада  элемент  əдепкілік  белгіленеді

Мысалы, доғаны (
Arc) 
келесі параметрлерден үшеуін таңдау арқылы 
салуға  болады:  центрлік  нүкте,  шеткі  нүкте,  бұрыш,  доғадағы 
үшінші нүкте, доға хордасы, жанаманың бір шетіне қарай бағыты. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Үш жанама 
Екі жанама жəне радиус 
Екі нүкте 
Үш нүкте 
Центр жəне диаметр 
Центр жəне радиус 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет 15.3. Шеңберді салу тəсілдерін таңдау терезесі 
 
230 


Параметрлердің 
қайсысын 
қолдану 
ішкі 
командамен 
белгіленеді.  Бірінші  жол  - 
Arc 
командасы  үшін  сыбыр  осындай: 
Center/ 
>. 
Команданы  бермей,  координаталарды  енгізіле  басталса, 
доғаның  бастапқы  нүктесі  ретінде 
(
>)    алынады,    бірақ 
оны 
Start  point 
командасы  арқылы  анық  түрде  белгілеп,  одан  кейін 
доға  координаларын  енгізуді  бастауға  болады.  Ішкі  команданы 
сыбыр жолға толығымен енгізбей, тек алғашқы (кейде бір) əріптерді 
енгізуге болады. Мысалы, осы жағдайда -  S əрпі. 
Команда  (ішкі  команда)  немесе  координаталар  енгізілгеннен 
соң  AutoCAD  төменгі  деңгейдің  ішкі  командасын,  нүкте 
координатасын  (бастапқы,  бірінші,  келесі  жйне  т.б.),  терезені  ашу, 
объектіні таңдауды талап етуі мүмкін. 
Тікбұрыштың  диагональді  екі  нүктесінің  координаталарын 
енгізу   арқылы   терезе   белгіленеді.   Бос   жол   енгізілген   жағдайда 
(тышқанның  оң  жақ  батырмасын  немесе  аралық  батырмасын  басу 
арқылы) команда талап етілгенде соңғы команда жүзеге асырылады. 
Көптеген  басқару  жəне  форматтарды  анықтау  командалары 
үшін  AutoCAD  көп  терезелі  жүйелерге  тəн  жұмыс  тəртібін  енгізеді. 
Жүйенің  соңғы  нұсқасында  белгілер  мен  таңбалар  (қанат  белгілері) 
көмегімен  мəтін  терезелері  мен  тізімнен  таңдау  арқылы  нəрсе 
ерекшеліктері анықтау арқылы жаңа терезе ашылады. 
Бұрынғы  нұсқалар  мен  баптауларға  сəйкес  болу  үшін  анық 
мəтіндік жұмыс тəртібі сақталынды. Мысалы үшін, қабат белгілерін 
жасайтын  жəне  анықтайтын 
Layer 
командасы  қабат  белгілерін 
анықтау  терезесін  ашады,  ал 
LAYER 
командасы  мəтіндік  тəртіпте 
жұмыс  жасайды.  Осындай  екілік  командалар  қосымша  болып, 
жұмысты  ыңғайландыру  үшін  жасалынған.  Саймандар  мəзірі 
батырмалары 
əдетте 
терезелік 
интерфейсі 
бар 
ыңғайлы 
командаларына  бапталған.  Форматты,  сызықтар  типін,  сызық 
қалыңдығын,  түсін,  мəтін  форматын,  өлшемдерін,  бетті  бояу  түрі 
(рендеринг)  сияқты  екілік  командалардың  да  терезелік  интерфейсі 
өте ыңғайлы болып тұр. 

жүктеу 23,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   204




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау