есептеу формуласына қою арқылы біз:
НОРМА(24;-2500;-5000;100 000) = 3,28% аламыз.
Сондықтан жылдық пайыздық мөлшерлеме 3,28 • 12 = 39,36%
құрайды, яғни инвестицияланған қаражаттың үлесі осы құннан кем
болмауы тиіс.
Тапсырма.
X компаниясына ай сайынғы төлемдерден бас тартқан
болсын (бұрынғы тапсырманы қараңыз) жəне бүгінгі күні 40 000
мың рубльді сақтауға дайын болсын делік. Бұл жағдайда, жылдық
пайыздық мөлшерлеменің қалай өзгеретінін анықтаңыз. Шешім.
Мөлшерлеме (аргумент r) (12.43) формуласы бойынша анықталады.
100 000 мың рубль бастапқы салымның болашақ кезеңінің есебінен
ғана қалыптасады:
12 * НОРМ (24, - 40 000, 100 000) = 46,7%, яғни бұл жағдайда
алдын-ала белгіленген болашақ мəнге жеткен ең төменгі жылдық
пайыздық мөлшерлеме 46,7% -ға дейін өседі.
Тапсырма.
7000 мың рубль көлеміндегі соманы төрт жылға несиеге
беру үшін пайыздық мөлшерлемесін есептеңіз жəне несие
толығымен өтелуін ескеріңіз.
Ш е ш і м . Келешектегі ай сайынғы төлем құны 250 мың рубльдан
тұрады жəне төрт жылдан кейін несиенің пайызымен қосқандағы
жалпы сомасын өтеу керек. Ағымдағы несиенің құны келісім
бойынша 7000 мың рубльға тең (аргумент нз = 7000). Несие
бойынша 4 *12 кезеңдерінде сыйақы төленеді. Осыған сəйкес ай
сайынғы пайыздық мөлшерлеме келесі формула бойынша
анықталады:
Н0РМА(48;-250;7000) = 2,46.
Сондықтан жылдық пайыздық мөлшерлеме 2,46 • 12 = 29,5 %
құрайды.ЭФФЕКТ жəне НОМИНАЛ функциялары сəйкесінше
тиімді жəне номиналды пайыздық мөлшерлемелерді есептеуге
арналған. Бағалы қағаздарды шығару кезінде қаржылық шарттар
жасалады, борыш туралы шарт бойынша қарыздар жылдық
номиналды пайыздық мөлшерлемені жəне есептеу кезеңін (жыл,
жарты жыл, тоқсан) көрсетеді.
Номиналды
мөлшерлемені
есептеу
күрделі
пайыз
формуласымен жүзеге асырылады. Пайыздық мөлшерлемені
төлегеннен кейінгі номиналды ставканы бірдей табыспен
қамтамасыз ететін жылдық мөлшерлеме тиімді пайыздық
мөлшерлеме болып табылады. Номиналды жəне тиімді пайыздық
мөлшерлемелер қаржы нəтижесі бойынша жəне (12.22) формуласы
бойынша есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: