|
Р.Қ. Елшібаев кәсшкерлік қызметті үйымдастыру оқу қүралы o h o m u k a б а с п а с ы алматы 2009
Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруЕлшібаев90
Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру
еңбегімен қатысуға міндетті, сондықтан азамат тек бір ғана сенім
серіктестігінің толық серіктесі бола алады. Ол толық серіктестіктің
қатысушысы бола алмайды. Сенім серіктестігі оған қатысушы
барлық салымшылар шығып кеткен жағдайда тоқтатылады. Толық
серіктестер сенім серіктестігін таратудың орнына оны толық
серіктестік етіп қайта құруға құқылы. Егер оны тарату кезінде
ең болмағанда бір толық серіктес және бір қатысушы-салымшы
қалса, онда сенім серіктестігі сақталып қалады.
Сенім серіктестігінің жарғылық капиталы оның қатысушылары
- толық серіктестер мен салымшылар салатын салымнан құралады
және қатысушылардың жарғылық капиталға салымдарын енгізу
сәтінде 50 айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек. Сондық-
тан жарғылық капиталдағы салымшылар үлестерінің жиынтық
мөлшері 50%-дан аспайды. Ал, жарғылық капиталының ең төменгі
мөлшері 100 айлық есептік көрсеткіш больш белгіленген.
Серіктестіктердің ішінде кеңінен тараған және едәуір қол-
айлы нысаны жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып табыла-
ды. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп бір немесе бірнеше
адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгі-
ленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестікті айтамыз. Жауап-
кершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндетте-
мелері бойынша жауап бермейді жэне серіктестіктің қызметіне
байланысты залалдарға өздерінің қосқан салымдарының шегінде
тәуекел етеді. Жауапкершілігі шектеулі ссріктестіктің салымдар-
ды толық қоспаған қатысушылары оның міндеттемелері бойынша
эрбір қатысушының салым салмаған бөлігінің құны шегінде ортақ
жауапты болады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жалғыз
қатысушысы ретінде бір адамнан тұратын басқа шаруашылық
серіктестігі бола алмайды. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің
қатысушысы серіктестіктен басқа қатысушылардың келісімінсіз
өтініш негізінде шыға алады жэне оған оның жарғылық капитал-
даты үлесіне пропорционалды мөлшерде мүлік қүны төленеді.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушылардың қа-
былдаған шешімі бойынша өз еркімен қайта құрылуы немесе та-
ратылуы мүмкін. Сондай-ақ, жауапкершілігі шектеулі серіктес-
|
|
|