|
Р.Қ. Елшібаев кәсшкерлік қызметті үйымдастыру оқу қүралы o h o m u k a б а с п а с ы алматы 2009-тарау. Шагын және орта кәгіпкерлік және оны уиымдастыруЕлшібаев2-тарау. Шагын және орта кәгіпкерлік және оны уиымдастыру...
89
жеткіліксіз болган жағдайда катысушылары серіктестіктің міндет-
темелері бойынша өздеріне тиесілі барлык мүлкімен ортақ жау-
апкершілікте болатын серіктестікті айтамыз. Толык серіктестіктін
қатысушысы - серіктестіктің борышы бойынша оған өзі кіргеннен
кейін немесе кіргенге дейін пайда болғанына қарамастан жауап
береді.Толық серіктестікке катысушынын өз үлесін (үлесінің бір
бөлігін) оның басқа қатысушыларына немесе үшінші жақтарға
қалған барлық қатысушылардың келісімімен ғана беруге болады.
Толық серіктестік қаржы-шаруашылык қызметінін нәтижесі тура-
лы мәліметерді жариялауға міндетті емес.
Толық серіктестіктің қатысушысы оның өзге де катысушы-
ларына алты ай бүрын ескерте отырып, кез келген уакытта шыға
алады. Егер қатысушы ұжымнан шығып кеткен уақытта толық
серіктестік сақталып қалса, оның шығып кеткен күніндегі балансқа
сәйкес серіктестік мүлкіндегі үлесінің салған салымына тең кұны
төленеді және серіктестіктің сол жылы алған таза табысының оған
тиесілі бір бөлігі де төленеді. Еғер серіктестікте жалгыз қатысушы
қалып ол алты ай ішінде серіктестікті қайта құрмаса немесе жаңа
қатысушылар қабылдамаған жағдайда таратылуы немесе басқа
нысанда қайта құрылуы тиіс. Толык серіктестіктің жарғылық
капиталының мөлшерін оның құрылтайшылары белгілейді, бірақ
ол заң қүжаттарында белгіленген ең төменгі мөлшерден, яғни са-
лымдарды енгізу сәтінде 25 айлык есептік көрсеткіштен, бірақ
бір жылдан кейін 100 айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы
керек.
Серіктестіктің тағы бір нысаны - сенім (коммандитті) сер-
іктестігі. Серікгестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүк-
іл мүлкімен қосымша жауап беретін бір немесе одан да көп
қатысушыларымен қатар, серіктестікгің мүлкіне өздері салған са-
лымдардың жиынтығымен шектелетін және кэсіпкерлік қызметті
жүзеге асыруға қатыспайтын қатысушыларды да енгізетін серік-
тестік сенім серіктестігі деп аталады. Сенім серіктестігінің ісін
басқаруды толық серіктестер жүзеге асырады. Ал салымшылар-
дың басқаруға қатысуға, сондай-ақ сенімхат болмаса оның атынан
эрекет жасауға құкығы жоқ. Толық серіктестер серіктестікке жеке
|
|
|