Р.Қ. Елшібаев кәсшкерлік қызметті үйымдастыру оқу қүралы o h o m u k a б а с п а с ы алматы 2009


  Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру



жүктеу 7,96 Mb.
Pdf просмотр
бет56/258
Дата04.01.2022
өлшемі7,96 Mb.
#31746
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   258
Елшібаев

50 
Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру
жүзеге  асады.  Яғни,  делдал  тауар  өндірушіден  тауарды  сатып  ал- 
майды, тек соның (тауар өндірушінің) есебінен белгілі бір сыйақы 
үшін сату-сатып алу мәмілесін жасайды.
3)  агенттік операциялар.  Мүндай операциялар кәсіпорынның 
атынан  жэне  есебінен  сату-сатып  алу  операциясын  жүзеге  асыру 
үшін  кәсіпорын  мен  делдалдың  арасындағы  жасалған  агенттік 
келісім негізінде іске асады.
4)  брокерлік  операциялар.  Мүнда делдалдар  сатушы  мен  са­
тып алушының арасында байланыс орнатады. Осындай қызметтер 
үшін белгілі бір көлемде сыйақы алатын болады.
Коммерциялық  мәмілелерді  дайындау  мен  жүзеге  асыру  мы- 
надай кезеңдерден түрады:
-   контрагенттерді іздеу және таңдау;
-   сату-сатып алу шартын жасасуға дайындау;
-   сату-сатып алу шартын жасасу (бекіту);
-   сату-сатып алу шартының шарттарын орындау.
Коммерциялық  мэмілелерді  жүргізу  кезіндегі  негізгі  қүжат-
тардың  бірі  шарт  болып  табылады.  Шарт  дегеніміз  -   екі  немесе 
одан да көп адамның азаматтық қүқықгар мен міндеттерді белгілеу, 
өзгерту немесе тоқгату туралы келісімі.  Шартты тек жеке түлғалар 
ғана емес  азаматтар  мен заңды түлғалар, сондай-ақ занды тұлғалар 
өзара бір-бірімен  жасаса алады.  Шарт оны жасасқан  кезден  бастап 
күшіне енеді жэне тараптар үшін міндетті болып табылады.
Шарт  -   коммерциялық  мәмілелерді  жүзеге  асыру  үшін 
қажетті  шарттарды  заңдық  тұрғыда  нығайтатын  құқықтық  құ- 
жат.  Шарттың  эр  түрлі  түрлері  кездеседі.  Мысалы:  сату-сатып 
алу  шарты,  мердігерлік  шарт,  жалға  алу  немесе  беру  шарты, 
сақтандыру  шарты,  тасымалдау  шарты,  жеткізу  шарты,  сақтау 
шарты т.б.
Сатып  алу-сату  шарты  бойынша  бір  тарап  (сатушы)  мүлік- 
ті  (тауарды)  екінші  тараптың  (сатып  алушының)  меншігіне, 
шаруашылық  жүргізуіне  немесе  жедел  басқаруына  беруге  мін- 
деттенеді,  ал  сатып  алушы  бүл  мүлікті  (тауарды)  қабылдауға 
және  ол  үшін  белгілі  бір  ақша  сомасын  (бағасын)  төлеуге  мін- 
деттенеді.



жүктеу 7,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   258




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау