|
Р.Қ. Елшібаев кәсшкерлік қызметті үйымдастыру оқу қүралы o h o m u k a б а с п а с ы алматы 2009
Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруЕлшібаев150
Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру
шеңберінен шығатын мәмілелерге коммандиттер келісімі қажет.
Коммандиттерге қатысты келісіммен олардың барлық істі жүргі-
зуі қарастырылуы мүмкін. Серіктестіктің бұл түрі айтарлықтай
жоғары табыс алуды жэне толық билік жүргізуді қамтамасыз
ете алмайтындықтан ірі капитал үшін ерекше қызығушылық
туғызбайды. Осыған байланысты кейбір елдерде коммандитті
серіктестіктің акционерлік коммандит деп аталатын нұсқасы да
кездеседі. Мұндай жагдайда командиттердің капиталы еркін ажы-
ратыла алатын акцияларға бөлінеді, ал ол, ірі жэне орта капиталға
бизнесте өзіне сенімділігін сезінуге мүмкіндік береді.
Германияда кооператив деп мүшелерінің саны шектелмеген
қоғамды түсінеміз. Оның мақсаты кәсіпкерлік қызметті бірлесіп
жүргізу арқылы олардың мүшелерінің шаруашылық қызметті
жүргізуі немесе табыс алуға әрекет етуі болып табылады. Оның
мүшелерінің ең аз саны жетеуден кем болмауы керек. Жалпы жи-
налыс, бақылау кеңесі жэне басқарма кооператив органдары бо
лып саналады. Егер жарғыда өзгеше қарастырылмаса басқарма
мүшелері екі адамнан тұрады жэне жалпы жиналыспен сайлана-
ды. Бақылау кеңесі мүшелерінің саны үш адамнан кем болмауы
керек. Әрбір мүше жиналыста бір дауысқа ие болады. Үш мыңнан
астам мүшелері бар кооперативтерде жалпы жиналыс кооператив
мүшелерінің өкілдерінен түрады.
Америка Қүрама Штаттарында толық әріптестік деп екі не
месе одан да көп адамдардың іскерлік операцияларды жүргізу
мен табыс табу мақсатында бірігуін айтады. Мұндай нысан заңды
тұлға болып табылмайды жэне эріптестердің жауапкершілігі шек
телмеген. Толық әріптестікті құру үшін заң жүзінде ешқандай
жазбаша қүжаттар талап етілмегенімен іс-жүзінде әріптестер
арасында келісім жасалатын жайттар жиі кездеседі. Мұнда эрбір
әріптес бір дауысқа ие болады жэне бірнеше толық әріптестікке
қатысуға шектеу қойылмайды, сондай-ақ әрбір әріптес салық
төлеуге өз бетінше дербес жауапты болады. Бұл мемлекетте бір-
лескен кәсіпорындар толық эріптестікке біршама үқсағанымен
айтарлықтай айырмашылықтары бар. Атап айтсақ, толық әріп-
тестер жалғасымды бизнес жүргізу үшін кұрылса, бірлескен
|
|
|