3-тарау. Кәсіпкерлікті дамыту мен мемлекеттік қолдаудың...
145
иеленушінің өзі қожайыны болғандықтан еркін әрекет ете алады.
Кәсіпорын иесінің табысы кэсіпорынның табысты қызмет етуі-
не байланысты болғандықган, иеленуші өз ісін неғұрлым тиімді
жүргізуге тырысады. Кәсіпорынның осы категориясына мемлекет
салықтық жеңілдіктер береді.
Бірақ, мұндай меншік нысанындағы кәсіпорындардың кем-
шіліктері де бар. Ең алдымен, өз қызметі үшін шектелмеген
жауапкершіліктің болуы, ал бұл барлық мүлкінің жоғалу тәуеке-
ліне әкелуі мүмкін. Қаржымен байланысты қиындықтар несие алу
мүмкіншілігінің күрделілігінен туындайды, сондықтан кәсіпорын
иелері өзіне немесе өзінің туыстары мен достарының қаржылық
көмегіне сүйенуге мэжбүр болады. Кәсіпорын иесі коммерциялық-
кәсіпкерлік қызметпен байланысты барлык функцияларды өзі
орындай отырыті, барлық негізгі шешімдерді де өзі ғана қабылда-
уы керек. Осы айтылғандарды келесі түрде топтастыруга болады:
Меншіктің жеке нысанының артықшылықтары:
- тіркелу жеңілдігі (оңайлылығы), әрекет ету еркіндігі жэне
толық дербестік;
- табыстың жұмыс тиімділігіне тәуелділігі (байланысты бо
луы);
- жеңілдікпен салық салу және кәсіпорынның икемділігі.
Меншіктің жеке нысанының кемшіліктері:
- шектелмеген жауапкершілік тәуекелі;
- басқару жүйесі бойынша барлық функцияларды орындау
мен жеке-дара шешім қабылдау ;
- қаржымен байланысты қиындықтар және түрақсыздық.
Кәсіпорынның келесі құқықтық нысаны екі немесе бірнеше
адамдар біріккен кездегі эріптестік немесе серіктестік болып табы-
лады. Кейбір елдерде бүл адамдарды компаньондар (серіктес) деп
те атайды. Әріптестік иелері де өз қызметі үшін шектелмеген жау-
апкершілікте болады, бірақ бүл жауапкершілік әрбір иеленушінің
үлестік (пайлық) қатысуына сәйкес бөлінеді.
Меншіктің бұл нысанының артықшылығы келесіде, ягни
мұнда да жеке кәсіпорындағы сияқты жергілікті билік органында
тіркеу тэртібі оңай болады. Кәсіпорынның бірнеше қосымша ие-
10
3/51-09
146
Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру
лері болғандықтан қаржылық ресурстары да артады, басқарудағы
мамандану мүмкіндігі пайда болады, яғни кәсіпорынды басқару
бойынша міндеттемелерді әрқайсысының қалауына сәйкес бөлуге
мүмкіндік туады.
Бұл нысанның кемшіліктері бірнеше әріптестердің тез арада
іс-шаралар қабылдау керек болғандағы әрекетсіздігі, келісілмеген
саясат жүргізу, басқару проблемалары бойынша келіспеушіліктің
туындауымен байланысты болып келеді.
Иеленушілердің өз фирмаларының қызметі үшін шектелме-
ген жауапкершілігі, кәсіпорын өсімін қамтамасыз ету үшін қаржы
ресурстарының жеткіліксіздігі, әріптестердің біреуінің шығуы
немесе оның өлімі қызметін тоқтатуға алып келуі мүмкін. Соны-
мен кэсіпорынның эріптестік нысанының артықшылықтары мен
кемшіліктерін қорытындылай келе келесі түрде топтастырып
көрсетуге болады.
Әріптестік нысанындағы кәсіпорындардың артықшылық-
тары:
- тіркеу жеңілдігі (оңайлығы) жэне басқару мүмкіндігі;
- қаржылық ресурстарды арттыру мүмкіндігі;
- мемлекет бақылауынан салыстырмалы түрде бос болуы
жэне икемділігі.
Әріптестік нысанындағы кәсіпорындардың кемшіліктері:
- шектелмеген жауапкершілік тәуекелі;
- басқару проблемасы бойынша әр түрлі көзқарастар;
- тез арада шаралар қабылдау қажеттілігі кезіндегі әре-
кетсіздік;
- әріптестердің біреуі шыққан кезде қызметін тоқтату жэне
тұрақсыздық.
Дамыған елдер экономикасында кәсіпорындардың үстемдік
етуші нысаны акционерлік нысан болып табылады. Орта кә-
сіпорындардың көпшілігі, шағын кәсіпорындардың бір бөлігі, ірі
кәсіпорындардың барлығы дерлік акционерлік қоғамдар болып
табылады. Жеке кәсіпорындар мен әріптестерден айырмашылы-
ғы акционерлердің шектеулі жауапкершілікте болуы. Акционер-
лік коғам немесе корпорация оны иеленуші нақты тұлғалардан
|