формалары және педагогикалық үрдістің құрылымдары, заңдылықтары мен қызметтері туралы
1.
дегеніміз – қойылған мақсатқа жетуге бағытталған тәрбиелеуші және тәрбиеленушілердің өзара
әрекеттесуі. Басқа сөзбен айтқанда, педагогикалық үрдіс дегенеміз - әлеуметтік тәжірибе жеке
адамның сапасына айналатын үрдіс. Тұтастылық негізінде оқыту, тәрбиелеу және дамыту бірлігін
қамтамасыз ету педагогикалық үрдістің басты мәнін құрайды. Педагогикалық процесті жүйе ретінде
Педагогикалық процесс дегенеміз – барлық жүйелерді біріктіретін басты жүйе. Онда шарттары,
формалары, әдістері бар дамыту, оқыту, тәрбиелеу үрдістері қамтылған. Педагогикалық теория
педагогикалық үрдісті динамикалық жүйе ретінде елестетуді үйрене отырып, прогрессивті қадам
жасады. Құрамдас компоненттерді нақты айырудан бөлек, елестету көптеген байланыстарды және
олардың компоненттерінің арасындағы қатынастарды талдауға мүмкіндік береді; ал бұл
педагогикалық процесті басқару тәжірибесінде басты болып табылады. Педагогикалық процесс орын
алатын жүйелер – толығымен алынған халық білімінің жүйесі, мектеп, сынып, сабақ және т.б. Бұл
жүйелердің әрқайсысы белгілі бір сыртқы орталарда қызмет етеді: табиғи-географиялық, қоғамдық,
өндірістік, мәдени және т.б. Алайда арнайы жүйелер де болады, мысалы, иектеп ішіндегі жағдайларға
материалдық-техникалық, санитарлық-гигеналық, моральдік-психологиялық, эстетикалық және т.б.
Құрылым дегенеміз - жүйе ішіндегі элементтердің орналастырылуы. Жүйе құрылымын
қабылданған критерийлар бойынша бөлінген элементтер (компоненттер), сонымен қатар олардың
арасындағы байланыстар жатады. Педагогикалық жүйелер арасындағы байланыстар басқа
динамикалық жүйелердегі компоненттер арасындағы байланыстарға ұқсамайды. Педагогтың
мақсатқа бағытталған әрекеті еңбектің едәуір бөлігі бар органикалық бірлікте жатыр. Объект – сол
субъект. Үрдіс нәтижесі қабылданған технологияға, педагог және оқушының өзара әрекеттесуіне
байланысты. Педагогикалық процесті жүйе ретінде талдау үшін талдау критерийлерін бекіту керек.
26
Мұндай критерия ретінде процестің едәуір көрсеткіші немесе жеткен нәтижелердің шамалары бола
алады. Оның жүйені зерттеу мақсаттарына жауап бере алатындағы маңызды.
Педагогикалық процесс – кәсіптік іс-әрекеттің бір түрі, негізгі мақсаты мектеп және әртүрлі оқу
орындарының оқушыларын оқыту, тәрбиелеу, білім беру және дамыту.Педагогикалық іс-әрекеттің
негізгі сипаты-педагог пен оқушының біріккен іс-әрекеті, яғни оны мақсатты түрде оқыту, тәрбиелеу,
дамыту.
Педагогикалық процестің түпкі мақсаты адамның тұлға ретінде қалыптасуы болса, оңда
педагогикалық үдеріс элементар бірлігі, оның «кереге көзі» бастапқы абстракция болып
«қалыптасудың қас қағым сәті» (педагогикалық жағдаят) болуы керек. Педагогикалық үдерістің
мәнін терендеу және жан-жақты түсіну үшін тек бөліктер құрамын ғана емес, сонымен бірге олардың
әрбірінін ерекшеліктерін білу керек. Педагогикалық үдеріс бөліктерінің ерекшеліктерін түсіну
нақтылы оқу орнындағы педагогикалық процесіндегі солардың арасындағы объективті өмір сүретін
ішкі байланыстарын анықтауға мүмкіндік береді.
Кәсіптік іс-әрекетпен айналысатын адам арнайы білім алумен қатар, мамандыққа сай білім,
іскерлік, дағдылармен қарулануы қажет.
Кәсіптік педагогикалық іс-әрекет пен айналысатын адамдар – тәрбиеші мұғалім, оқытушы,
педагог деп аталынады. Атаулары әртүрлі болғанымен, мақсаты бір – адам тәрбиелеу, оқыту, дамыту.
Педагогикалық іс-әрекет алғаш ежелгі Грецияда пайда болған (б.э. дейін VI-IV ғ.). Алғашқы
мектептерде тек байдың балалары оқыған. Оларды мектепке апаратын, мектепте оқытатын құлдар –
педагог деп аталынған. Педагогика – баланы ерту деген мағына береді, яғни педагог – баланы ертіп
жүруші, үйретуші деген мағына береді. Кейіннен сөздің мағынасы кеңейіп, ерекше статусқа ие
болды, баланы арнайы кәсіптік білім алған адам ғана оқытып, тәрбиелейтін болды. Педагогикалық іс-
әрекет тарихи даму кезеңінде көптеген өзгеріске ұшырай отырып, өзінің негізгі мақсатын сақтап
қалды-ол келер ұрпақта оқыту, тәрбиелеу, дамыту. Бүгінгі күні педагогикалық жүйеде субъект-
субъектілі қарым-қатынас түрі жоғары қойылуда, яғни мұғалім мен оқушының өзара әрекеттестігі
ынтымақтастық, түсіністік деңгейінде жүргізілуі тиіс. Педагогика ғылымы өзінің пәнін зерттей
отырып, оқыту –тәрбиелеу процесінің теориясын жасайды. Теориялық білімге ұғым, заңдар,
заңдылықтар жатады.Оларды зерттеу теорияны жасауға және оқыту –тәрбиелеу жұмысын
педагогикалық процесті ұйымдастыру әдістері бағыт береді.
Педагогикалық үдерістің заңдылықтары:
1.Оқу мен тәрбие қоғамның әлеуметтік, экономикалық жағдайына байланысты. Жас ұрпақты
оқыту, тәрбиелеу қоғамның тапсырмасы, қоғам өзіне лайықты ұрпақ дайындайды, өз жағдайымен
байланыстырады.
2.Тәрбиенің, оқытудың білім берудің жене дамудың өзара байланыс заңдылығы. Оқытусыз
тәрбиені іске асыруға болмайды. өйткені, адам баласы белгілі заңдылықтарды білімді меңгеру
негізінде ғана өмірге игі әсер етеді.
3.Тәрбие мен өзі-өзі тәрбиелеудің бірлігі.
4.Тәрбие мен оқыту – іс-әрекеттің және қарым-қатынастың шешуші ролі. Тәрбие, оқыту және
білім беру іс-әрекетке байланысты. Іс-әрекет, қарым-қатынас таным процесін дамытады.
5.Педагогикалық үдерісте оқушылардың жас және дара ерекшелерін есепке алу.
6.Педагогикалық үдерістің процесте ұжым мен жеке адамның өзара байланысы.
Жеке адам ұжымға тәуелді, ұжымсыз өмір сүруі мүмкін емес. Педагогикалық үдерістің міндеттерінің,
мазмұнының, формаларының өзара байланыс заңдылықтары:
А) Оқыту мен тәрбиенің мазмұны қоғамның мақсаттарын және қажеттілігін бейнелейтін
міндеттерге байланысты.
Ә) Оқыту мен тәрбиенің формалары, оларға ұйымдастырып өткізудің міндеттеріне, мазмұнына
және әдістеріне байланысты.
Б) Оқыту мен тәрбиенің әдістері олардың мақсаттарымен анықталады.
Тұтас педагогикалық процесс (ТПП) - Оқушылар мен мұғалімдердің, тәрбиеленушілер мен
тәрбиешілердің келісілген қызмет жүйесінен тұратын ғылыми талаптарға сәйкес құрылған оқу-тәрбие
процесі.
ТПП қасиетері:
1.ТПП оны құрастырған процестерді өзара күштейді.
2.ТПП оқыту және тәрбие әдістерінің тереңдеуіне мүмкіндік береді.
3.ТПП педагогикалық және оқушылар ұжымының біртұтас жалпы мектеп ұжымына айналуына
әкеліп соғады
ТПП заңдылықтары:
27
1.ТПП мақсаттары, мазмұны ,міндеттері, қалыптары,және әдістері қоғамның әлеуметтік-
экономикалық қажеттіліктерімен шарттандырылған.
2.ТПП бұл процесс немесе т.б.өтіп жатқан жағдайға байланысты болатын әдістермен және
қалыптармен жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: