Сатыбалдиева Р.Ж.
ТҮСІНІКТЕМЕ ХАТ
Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде болып жатқан
реформалар, өз қызметкерлігінде алға ұмтылып, үнемі барлығына үлгеріп
жүре алатындай жаңа түрдегі жоғары мамандандырылған мамандарды
дайындау үшін әзірленген.
Қазақстанның үштілділік ияеясына негізделген тілдік саясаты ағылшын
тілін халықаралық қарым-қатынас құрылғысы ретінде, ал мемлекеттік қазақ
және орыс тілдерінің жанында халықаралық қарым қатынас тілдері ретінде
игеруді ұсынады. Халықаралық интеграцияның кеңеюі, жаңа ақпараттық
технологиялардың белсенді түрде енгізілуі, әлемнің көптілді, саяси-мәдени
және көп полярлы бола түсуі ҚР – ның білім беру жүйесінің
интернационалдандыру мен халықаралық қарым-қатынас құрылғысы ретінде
ағылшын тілін қолдануды ұсынады.
Заманауи білім беру жүйесінің назарына ынтымақтастыққа қабілетті,
топпен жұмыс істеуге, әртүрлі ұлт өкілдерімен келіссөздер жүргізе алуға, өз
бетінше ойлай алатын мамандарды дайындау мәселесі қойылды.
Бұл жағдайда шет тілдерін меңгеру адамдардың көпұлтты және
көптілді қоғамда әлеуметтік қызметкерлігінің негізгі құралы, жалпы
ғаламдық ойлау қабілеті бар, мәдени және интеллектуалды даму мен жеке
тәрбиесінің факторы болып табылады.
Отандық және халықаралық еңбек нарығында аса қажетті және білім
беру кеңістігінде жан-жақты, жоғары білікті мамандарды дайындау
бағдарламасының негізгі компоненттерінің бірі «Кәсіби бағытталған шет
тілі» болып табылады. Қазіргі таңда шет тілін терең меңгерген университет
бітірушілеріне арнайы әлеуметтік тапсырыстар қалыптасқан, әлемдік
академиялық білімді пайдалануда шет тілі мәнін бағалау мүмкін емес болса
10
да, бакалаврларды дайындау жүйесінде оқытылатын басқа курстар арасында
«Кәсіби бағытталған шет тілі» ерекше орын алған.
Кәсіби бағытталған шет тілін игеру тәжірибелік есептерді шешу үшін
қажетті дағдылар мен икемділіктер, алынған білімге сәйкес негізделе отырып
дамитын құзыреттілікке негізделген. Нәтижесінде студенттер келесідей
құзыреттіліктерге
ие
болады:
мәдениетаралық
және
танымдық;
коммуникативті – кәсіби бағытталған және лингвистикалық. Берілген
бағдарлама келесі төмендегі қағидаға негізделген құзыреттілікті
іске
асырумен қамтамасыз етуге бағытталған:
-
Шет
тілінде
қарым-қатынас
жасау
процесінде
кәсіби-
коммуникативті құзыреттілігін дамыту және қалыптастыру;
-
Білім беру мазмұны компоненттерін таңдауда пәнаралық
байланыстарды қарау;
-
Қолданылған оқу материалдарының шынайылығы;
-
Кәсіби бағытталған шет тілін игеру және оқыту процесіне жеке
көзқарасының бағыты;
-
Студенттердің өз бетінше жұмыс жасауға икемді және
жауапкершілікті болуы;
-
Оқу процесінде студенттің автономдығын дамытуға ықпал ететін
өзін-өзі бағалау және рефлексияны қолдану;
-
Электрондық құрылғыларды қолданумен тілді аралас оқыту;
-
Оқуға интерактивті икемділік.
«Кәсіби бағытталған шет тілі» курсының ерекшелігі шет тілі мен
профилдік пәндер арасындағы пәнаралық байланыстарды күшейту жолымен
жүзеге
асырылатын
болашақ
мамандарды
дайындауда
оқытуды
лингвистикалықтан лингво-кәсіби оқытуға ауыстыру болып табылады.
Берілген бағдарлама 5B060200 – Информатика мамандығы бойынша
білім алушы студенттерге арналған және оларға келесі тек кәсіби-
коммуникативтік құзыреттіліктен басқа коммуникативті икемділіктерді
ұсынатын мақсаттарды қалыптастырады:
-
Мамандық бойынша негізгі мәтіндерді түсіну және оқу;
-
Негізгі монологиялық және диалогтық сипаттағы, әңгіме, сұхбат,
талқылау, хабарлама түріндегі ауызша мәтіндерді түсіну;
-
Мамандық бойынша ағылшын тіліндегі ғылыми және ғылыми-
танымал мәтіндерге ауызша және жазбаша түсініктеме беру;
-
Әртүрлі кәсіби тақырыптар бойынша хабарламалар, есеп беру,
презентация жасау;
-
Ақпараттық сипаттағы жазбаша мәтіндерді құру (хабарлама, есеп
беру, презентация жасау);
-
Іскерлік хат жазысу;
-
Мамандық бойынша мәтіндерді шет тілінен ана тіліне және ана
тілден шет тіліне жазбаша аудара алу;
-
Мамандық бойынша мәтіндерді шет тілінен ана тіліне және ана
тілден шет тіліне ауызша аудара алу.
|