Зерттеу тақырыбының әзірлену деңгейі. Бұл зерттеу ХХ ғасырдағы
Қазақстан мен Польша Республикаларындағы ұлттық мемлекеттіліктің
қалыптасуына арналған, әрі осы сұрақтарды салыстырмалы-құқықтық қырынан
қарастыратын отандық заң ғылымындағы алғашқы жұмыс болып табылады.
Біздің
зерттеуіміз
үшін
Қазақстандағы
ұлттық
мемлекеттілік
мәселелерімен айналысқан С.З. Зиманов, С.С. Сартаев, М. Құл-Мұхамед, Т.А.
Ағдарбеков, Ғ.С. Сапарғалиев, С.О. Даулетова, М.А. Биндер, З.К. Кенжалиев,
Е.К. Көбеев, Н.С. Ахметова, Н.У. Усеров, Қ.К. Айтхожин, Ш.В. Тлепина, Е.М.
Абайдельдинов, С.К. Амандыкова, М.Х Матаева, Ғ.З. Қожахметов сияқты
құқықтанушылар, қазақстан ғылымының негізін қалаушылардың еңбектері
маңызды болып табылады.
Жұмыс нақты деректерді зерттеу барысында біз үшін құнды болып
табылатын, бізді қызықтырған тарихи оқиғаларға баламалы көзқарастарын
білдірген тарихшылардың, әлеуметтанушылардың, саясаттанушылардың
еңбектерінсіз дайындалуы мүмкін емес. Бұл М.Т. Бекмаханов, Н.Г. Апполова,
М.Тәтімов, Ж. Артықбаев, Е.Б. Бекмаханов, М. Қозыбаев, Ж. Абылхожин, Р.Б.
Сулейменов, В.А. Моисеев, В.П. Осипов, Г.Я. Козлов, Р.Б. Куватова, А.Д.
Букешев, И.Я. Златкин, С.Г. Кляшторный, Б.М. Абдрахманова, Т.И. Султанов
сияқты және өзге де ғалымдардың еңбектері.
Өкілді мекеме жұмысының әртүрлі қырларын, депутаттардың құқықтық
мәртебесін, заң шығару үрдісі қызметінің нысаны мен тәсілдерін жетілдіруді
қамтыған ҚР Парламентінің қызметіне талдау жасау үшін А.А. Тарановтың,
А.А. Матюхиннің, Ю.В. Малышевтің, Л.Т. Жанузакованың, В.В. Волковтың,
К.А. Колпаковтың еңбектері пайдаланылды.
Польшаның ұлттық мемлекеттілігінің қалыптасуын зерттеуде К. Цомплак,
Д. Наленч, Т. Наленч, Л.Е. Волькович, Я. Канцевич, М.В. Зелинский, Ю.
Мархлевский, А. Врублевский, Ю. Бардах, Б. Леснодорский, М. Пиетрчак, А.
Айненкель, Л. Гарлицкий, А. Пулло, Б. Банасяк, В. Соколевич, З. Зембиньский,
Р. Венчорек, В. Осятыньский, Е. Летовский, П. Спивак, И. Грудзинский-Гросс,
Л.Л. Гарлицкий және өзгеде поляк ғалымдарының еңбектері үлкен көмектерін
тигізді.
7
Мазмұны бойынша терең материалдар, фактологиялық мәліметтер
революцияға дейінгі және қазіргі ресей ғалымдары: Н.И. Костомаровтың, А.Е.
Пресняковтың, Г. Матвеевтың, Н.Н. Пухловтың, Феликса Конның, А.М.
Ореховтың, Д.А. Аманжолованың, М.В. Зелинскидің, Р.А. Ермолаевтың, А.Я.
Манусевичтің, А.Н. Сахаровтың, А.Тишковтың, И.В. Лукояновтың, В.А.
Дьяковтың, В.Г. Ревуненковтың, А.А. Головачевтың, П.А. Зайончковскидің,
Д.А. Милютиннің, Н.В. Бергтің, Л. Островердің, Л.И. Семенникованың, Ф.
Язьковтың, Г. Яблонскидің, Ф. Зуевтің, Ю. Лидердің, Д. Волкогоновтың, П.Г.
Лушевтің және өзгелердің еңбектерінен пайдаланылды.
Пролетариат диктатурасының және социалистік қоғам құрудың негізгі
қағидаларын ұғыну үшін біз осы теориялық идеяның негізін қалаушы – В.И.
Лениннің, И.В. Сталиннің, Р. Люксенбургтің, Л.Д. Троцкидің, Н.И. Бухариннің
еңбектерін, және де сол кездегі партия қайраткерлері – Ф.Э. Дзержинскидің,
Я.М. Свердловтың, Ф.И. Голощекиннің, Т. Рысқұловтың және өзгелердің
еңбектерін пайдаланбасқа болмады.
Достарыңызбен бөлісу: |