күйретіп, хуторлық шаруашылықтар құру туралы идеяларының бәрі де сәтсіздікке
XIX ғасырдың екінші жартысы - XX ғасырдың басында Қазақстанның әлеуметтік-
экономикалық және саяси дамуында болған өзгерістер қазақ халқының рухани өміріне
терең әсер етті.
Жалпы Қазақстан еңбекшілерінің саяси оянуына, өлкедегі отаршылдық езгіге,
әлеуметтік теңсіздік пен қанаудың басқа да түрлеріне қарсы ұлт-азаттық, жұмысшылар
мен шаруалардың бостандығы жолындағы қозғалыстардың ерекше серпін алуына, әрине,
патшалық Ресейдегі 1905-1907 жылдарда өткен тұңғыш буржуазиялық-демократиялық
революцияның ықпалы зор болды. Біріншіден, өлкенің экономикалық және саяси дамуы
дәрежесінің салдарынан жұмысшы қозғалысы өрістеді. Екіншіден, оған өнеркәсіп пен
қала жұмысшылары қатысты. Үшіншіден, аграрлық қозғалыстар негізінен, қазақ
ауылдарының, қоныс аударған деревнялардың, еңбеккерлер топтарының іс-әрекеттерінен
көрінді. Төртіншіден, ұлт зиялылары қоғамдық-саяси жұмысқа белсене араласып, ұлт-
азаттық қозғалысты жаңа сатыға көтерді.
XX ғасырдың басында Қазақстан қалаларында жасырын билікке, яғни патша
үкіметіне қарсы жасырын құпия ұйымдар пайда болды. 1896 жылы Атбасарда жасырын
марксистік ұйым құрыла бастады. 1902 жылы Орынборда тұңғыш маркстік құпия
ұйымның бірі құрылды. Отарлық ұлт аудандарының «ұйқыдан оянуына» негіз болған
оқиға-1905 жылғы «Қанды жексенбі» (9 қаңтар, Петербург оқиғасы) болды.
Ресейдегі революциялық процестердің жалпы барысымен тығыз байланысты
қазақстан жұмысшыларының бірқатар саяси және экономикалық толқуларыболып өтті.
Оларға 1905 жылдың желтоқсанында Успенск мыс руднигіндегі, 1907 жылдың маусым
айында Спасск мыс қорыту зауытындағы, Қарағанды кендері мен Успенск руднигіндегі
басқа ереуілдерді жатқызуға болады.
Ресей империясындағы 1905 жылғы қалыптасқан саяси ахуал қазақ халқының
азаттық қозғалысының жаңа сатыға көтерілу кезеңін бастап берді.1905 жылғы саяси
оқиғалар туралы алғашқы хабарлар қазақ даласына жетісімен, Ә.Бөкейханов:«бүкіл дала
саясат аясына тартылып, азаттық үшін қозғалыс тасқыны құрсауына енді» деп жазған
болатын.
Еңбекшілердің саяси көзқарасының өсуіне Бүкілресейлік қазан саяси ереуілі
ерекше әсер етті. 1905 жылы ақпанда Түркістанда, Перовскіде, Жосалыда, Шалқарда
алғашқы қарсылықтар болып өтті.
1905 жылғы мамырда Верныйда, Перовскіде, Қостанайда еңбекшілердің бірлігін
қуаттаттын саяси ереуілдер өткізілді. Қарқаралыдағы қарсылық жиынына Міржақып
Дулатұлы белсене қатысты. Перовскіде (Қызылордада), Қостанайда, Оралда, Успен
кенішінде стачкалық комитеттер құрылды. 1905 жылғы 17 қазандағы «Мемлекеттік
Достарыңызбен бөлісу: