14
жетекшілігімен жүретін даму жұмысы: жетекшілік және көмек]. London: David Fulton
Publishers.
Frost, D. (2011). Supporting teacher leadership in 15 countries: the International Teacher
Leadership project [15 елдегi мұғалiмнiң жетекшiлiгiнiң қолдауы: Мұғалiмнiң жетекшiлiгi
Халықаралық жобасы]. Phase 1, A report, Cambridge: LfL at the University of Cambridge
Faculty of Education.
Fullan, M. (2001). Leading in a culture of change [Өзгерістер мәдениетіне кіріспе]. San Francisco:
Jossey-Bass.
Goleman, D. (2002). The New Leaders: transforming the art of leadership into the science of result
[жаңа көшбасшылар: көшбасшылық өнерін нәтиже туралы ғылымға айналдыру]. London:
Little, Brown.
MacBeath, J. (2012). The future of the teaching profession [Мұғалім мамандығының болашағы].
Education International Research Institute and the Leadership for Learning Cambridge Network.
Faculty of Education, University of Cambridge.
McLaughlin, M. W., & Talbert, J. E. (2001). Professional communities and the work of high school
teaching [Кәсіби қоғамдастықтар мен орта мектептегі білім беру]. Chicago, University of
Chicago Press
OECD Definition and Selection of Key Competencies [еЫДҰ түйінді құзыреттіліктерді анықтауы
және іріктеуі]. Paris, France: OECD, May 27, 2005.
Opfer, V. A., & Pedder, D. (2010). Benefits, status and effectiveness of Continuous Professional
Development for teachers in England [англия мұғалімдерінің үздіксіз кәсіби дамуының
нәтижелері, ахуалы және тиімділігі]. Curriculum Journal, 21 (4), 41-431.
Schleicher, A. (Ed.) (2012). Preparing Teachers and Developing School Leaders for the 21st
Century: Lessons from around the World [ХХІ ғасыр үшін мұғалімдерді даярлау және мектеп
көшбасшыларын дамыту: әлем елдерінің сабақтары]. OECD Publishing. Retrieved from
http://dx.doi.org/10.1787/9789264xxxxxx-en
Sinek, S. (2009, September). How great leaders inspire action [Ұлы көсемдер іс-әрекетке қалай
жетелейді]. Speech at TEDx Portland.
Available at www.ted.com/talks/simon_sinek_how_great_leaders_inspire_action.html
Stoll, L., Bolam, R., McMahon, A., Wallace, M., & Thomas, S. (2006). Professional learning
communities: a review of the literature [Кәсіби оқыту қоғамдастығы: әдебиетті шолу]. Journal
of Educational Change, 7 (4), 221-258.
Stronge, J., Ward, T., & Grant, L. (2011). What Makes Good Teachers Good? A cross-case analysis
of the connection between teacher effectiveness and pupil achievement [Что делает хорошими
хороших учителей? Содержательный анализ связи между эффективностью учителя и
достижением ученика]. Journal of Teacher Education, 62, 339. doi: 10.1177/0022487111404241
Timperley, H., Wilson, A., Barrar, H., & Fung, I. (2007). Teacher professional learning and
development: Best Evidence Synthesis Iteration (BES) [Мұғалімдердің кәсіби оқуы және
дамуы: синтезді ықпалдастырудың үздік көрсеткіштері]. Wellington, NZ: Ministry of
Education. Available at http://www.educationcounts.govt.nz/__data/assets/pdf_file/0017/ 16901/
TPLandDBESentire.pdf
15
СЫНЫПТА ОҚЫТУДЫ БАСҚАРУ ОйЛАУ ЖОЛДАРЫ
Адамдардың қалай оқитындықтары туралы
білім саласындағы заманауи жетістіктер
Бұл тарауда адамдардың қалай білім алатыны жөнінде заманауи ой-пікірлер ұсынылған.
Бірінші бөлімде жаңа теориялық әзірлемелер қарастырылып, екінші бөлімде зерттеу нәтижелері
түрлі тәсілдер арқылы оқыту тәжірибесімен байланыстыра қарастырылған, бұл мұғалімдерге
соңғы жылдардағы зерттеу нәтижелерін өз қажеттілігіне пайдалануға мүмкіндік береді.
Оқу дегеніміз не?
Оқу ұғымының мазмұны қол жеткен нәтижелер немесе пайдалы тәжірибе тұрғысынан
қарастырылуы мүмкін. Зерттеу жұмыстарына жүргізілген талдау оқу нәтижелерінің бес түрін
анықтауға мүмкіндік берді:
1. Оқу білімнің сандық ұлғаюы ретінде. Оның нәтижесі алынған ақпарат болып табылады
(негізгі міндет – «көп білу»).
2. Оқу есте сақтау ретінде. Нәтиже – қайта өндіруге болатын есте сақталған көлемді
ақпарат.
3. Оқу ақпарат жинақтау ретінде. Нәтиже – есте сақталып, қажет болған жағдайда
қолдануға да болатын дерек, дағды және әдістердің айтарлықтай мөлшердегі жиынтығы.
4. Оқу мағынаны ұғыну және оның мәнін анықтау ретінде. Бұның нәтижесі – оқушының
пәннің құраушы бөліктері мен шынайы өмір арасындағы өзара байланыстарды анықтай
алуы.
5. Оқу шынайылықты өзгеше түсіну және түсіндіру тәсілі ретінде. Нәтижесі – әлемді
өзгеше қырынан қарастыру арқылы танып-білу.
1-3-тұжырымдамалар оқушыға қатысты оқуды сыртқы фактор ретінде қарастырады. Бұл
сыныпта болып жататын немесе мұғалімдердің оқушыларға қатысты жүзеге асыратын іс-
әрекеті болуы мүмкін. жоғарыда көрсетілген оқу үдерісінің бастапқы үш тұжырымдамасы бір
кезеңдерде білім немесе ақпарат алу үшін «дүкенге барғанға» ұқсайтындай болып көрінеді.
Тізімде көрсетілген 4 және 5-тұжырымдамалардың қол жеткізген нәтиженің бастапқы үш
санатынан сапалық айырмашылығын атап көрсету маңызды. 4 және 5-тұжырымдамалар
анағұрлым күрделі, жаңа түсіндірмелерге негізделген және бұл ретте оқу деген ұғымның
аясы оқушының ақпаратты қабылдау мен сақтауынан әлдеқайда кең. Бұл тұжырымдамалар
оқудың «ішкі» немесе жеке тұлғалық аспектісіне бағдарланған. Оқу оқушының шынайы
өмірді түсінуіне көмек беретін құбылыс ретінде қарастырылады. Бұндай заманауи көзқарас
Бағдарламада іске асырылатын оқытудың жаңа тәсілдерінің негізін қалайды.
Оқу – кешенді үдеріс. Бірнеше минут мына мәселелер төңірегінде ойланып көріңіз.
Өзіңіз үйренген бір нәрсе жөнінде мұқият ойланыңыз: бұл білім, білік, тәжірибелік дағды
немесе қағидат болуы мүмкін.
1. Сіз бұны қалай білдіңіз (қалай үйрендіңіз)?
– Сіз не істедіңіз? Немесе: қандай жағдай орын алды?
2. Бұған тағы кімдер және қалай үлес қосты?
3. Оқу нәтижесінде қандай өзгеріс туралы білдіңіз?
– Оның Сіз үшін мәні қандай болды?
4. Сіз үшін алынған білім нәтижесі қандай болды?
5. Сіздің бұны үйренгеніңізді өзгелер неден байқайды? Олар үшін нәтиже қалай
көрінбек?
Достарыңызбен бөлісу: |