Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



жүктеу 11,77 Mb.
Pdf просмотр
бет45/126
Дата17.02.2020
өлшемі11,77 Mb.
#29267
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   126

100
неғұрлым сәйкес келеді деп есептейтін тиімді оқыту стильдерінің жаңа тұжырымдамалары 
оқытудың іргетасын қалауға тиіс деген пікір кеңінен таралған. Осы қағидаттарға негізделген 
оқыту  тәсілдері  бүгінгі  күнгі  танымдық  және  метатанымдық  ғылымға  сәйкес  әзірленген 
оқыту үдерісінің және білім мен түсінік алудың қазіргі негіздемелерінің нәтижелері мен рөлін 
неғұрлым нақты көрсетеді».
Білім  алушылар  қоғамдастықтары  біздің  санамызда  өзгеріс  енгізуді  үйрету  үдерісін 
бейнелейтін маңызды стратегия деп саналады.
Сондай-ақ кәсіби қоғамдастықтардың маңыздылығын қолдайтын экономикалық айғақтар 
да  бар.  ЭЫДҰ-ның  «Тұрақты  икемділік»  («Sustainable  flexibility»)  атты  зерттеуінде  (1997: 
34)  ақпарат  пен  білімге  негізделген,  технологиялар  мен  өнім  нарығының  тез  ауысуымен 
сипатталатын  ХХІ  ғасырдың  жаңа  экономикалық  жағдайында  жұмыс  сипаты  да  өзгеретіні 
айтылған.  Бұл  өз  кезегінде  қызметкерден  күтілетін  тиімділікке  әсер  етеді.  Осы  өзгерістер 
икемділіктің дамуымен және кәсіби қоғамдастықтардың пайда болуымен ілесіп жүреді. Олар 
жаңа міндеттерді орындап, функцияларын ауыстыру үшін аса жедел оқуға дайын жоғары білікті 
қызметкерлер мен озық компаниялар арасында өзара іс-қимылмен сипатталады. аталған озық 
компаниялар жалпы оқыту, көптеген функциялары бар жұмыс орындарының санын ұлғайту, 
департаменттер мен ұйымдар арасында оқыту жүйесін орнату және қызметкерлерге шешім 
қабылдауға мүмкіндік беру арқылы икемділіктің дамуына ықпал етеді.
Англия тәжірибесі
англияның білім беру және дағдылар департаменті (DfES) мектептерде барынша жоғары 
стандарттарға  қол  жеткізу  тәсілі  ретінде  білім  алушылар  қоғамдастықтарын  дамытуды 
қолдайды (2004). Білім алушылар қоғамдастықтарына тартылған мектептердің жақын арадағы 
тәжірибесінің  негізінде  жасалған  DfES  есептері  (2004  және  2006)  бірлесіп  жұмыс  істейтін 
мектептер  мұғалімдердің  кәсіптік  деңгейін  едәуір  көтере  алатындығын  және  балаларды 
барынша  табысты  оқытуға  ықпал  ететінін  дәлелдеді.  Осылайша  білім  беру  стандарттары 
жаңа деңгейге көтеріледі. Осы есептерде айтылғандай, білім алушылар қоғамдастықтарына 
біріктірілген мектептерде ынтымақтастық:
•  мұғалімдердің құзыретін арттырып, оқушылардың мүмкіндіктерін кеңейтетіндігі;
•  оқыту тәжірибесімен алмасудың тікелей тетігін қамтамасыз ететіндігі;
•  жеке  алынған  бір  мектеп  ұсына  алмайтын  көптеген  мүмкіндіктер  ұсынып,  олардың 
икемділігін қамтамасыз ететіндігі;
•   шығармашылық әлеуетті, тәуекел ету қабілетін және оқыту мен оқу сапасын жақсарту 
мақсатында пайдаланылатын инновациялық әдістерді дамытатындығы
•  оқушылардың аса жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуіне әкелетіндігі байқалды. 
DfES-тің 2004 жылғы есебінде мынадай қорытынды жасалған:
«Білім беру реформасын жүзеге асырудың келесі кезеңінде жүйеге жоғары стандарттарды 
және теңдікті енгізудің жаңа әдістері қажет болады, ол жекелеген оқушылардың қажеттіліктеріне 
сәйкес  келіп,  мектептерге  мектеп  деңгейінде  шешімдерді  дербес  қабылдауға  мүмкіндік 
береді.  Мұғалімдер  мен  мектептерге  ынтымақтастық  жасау  қажет  және  осы  үшін  кәсіби 
қоғамдастықтар  күшті  ұйымдастырушылық  нысан  болып  табылады.  Оқытуға  бағытталған 
мектепаралық кәсіби қоғамдастықтар білімге негізделген және оқыту тәжірибесіне енгізілген 
нақты өзгерістердің негізі болып табылады».
әлемдік тәжірибе
Сонымен қатар кәсіби қоғамдастықтарды дамыту халықаралық қолдауға ие болып отыр. 
Мысалы, Либерман (2005) «реформаторлар мектепте оқыту мен оқуды өзгерту және жетілдіруге 
қажетті  деп  есептейтін  көптеген  басты  идеяларды  әзірлеуге  қатысып,  жәрдемдесуіне  және 
қолдауына  байланысты  кәсіби  қоғамдастық  бүгінгі  күні  өте  танымал  болып  отыр»  деп 
тұжырымдайды.


101
Баллантин және басқалар (2006) кәсіби қоғамдастықта жұмыс істеу:
•  мұғалімдерді білім алуға және оны біріктіруге арналған мүмкіндіктермен;
•  ынтымақтастықтың көптеген құрылымдарының болуын; 
•  икемділік пен еркіндікті
•   көптеген жағдайларда бір шешімге келмейтін проблемаларды талқылауды;
•  мұғалімдерде берілген шешімдерді қабылдап қоймай, міндеттерді шешуге мәжбүрлейтін 
идеялардың болуын;
•  мектептерге немесе университеттерге тіркелген, бірақ тәуелсіз ұйымдық құрылыммен;
•  бір мектептен және бір өңірден тыс жұмыс істеу мүмкіндігін;
•   қолайлы ортада тәуекелге баруға ықпал ететін реформаның жүргізілуін;
•  мұғалімдердің білімі, сондай-ақ зерттеулер нәтижесінде алынған білім құнды болып 
саналатын пікірлестер қауымдастығын қамтамасыз етеді деп болжайды
Саясат тарапынан қолдау
Кәсіби қоғамдастықтарды құру саяси деңгейде қолдау тауып отыр. Чапман мен аспиннің 
(2004)  пікірінше:  «Кәсіби  қоғамдастықтар  саясатты  іске  асыру  үдерісіне  қолдау  көрсетеді. 
егер біз білім берудегі стандарттарды көтеруді жоспарлап отырсақ, онда бізге саясатты тігінен 
де, көрденеңінен де байланыстыруымыз қажет болады. Қоғамдастық құру осы байланысты 
орнату  тәсілінің  бірі  болып  табылады.  Қоғамдастық  ішінде  білім  беру  саласындағы  және 
қоғамдағы әртүрлі бірқатар мүдделі адамдардың өзара іс-қимылдарына, олардың әрекеттеріне 
және мінез-құлқына реформа енгізетін мәдени және тұғырлы өзгерістер қолдау табады».
Фуллан  (2004)  кәсіби  қоғамдастықтар  біздің  мектептердегі  жекелеген  оқушылардың 
қажеттіліктеріне жауап беруге мүмкіндік береді деп толықтырады. Осы кәсіби қоғамдастықтар 
көшбасшылықтың  бірлескен  шараларын  жүргізіп,  оның  жаңа  нысандарын  зерттеуге  ықпал 
етеді.  Олар  бізге  әріптестерімізбен  тәжірибе  алмасудың  жаңа  тәсілін,  оқытудың  тиімді  әрі 
инновациялық  тәжірибесін  ұсынады.  Кәсіби  қоғамдастық  аясында  білікті  мамандар  тобы 
жақсы идеяларға қол жеткізіп, олардың өңіріндегі барлық балалар үшін өздеріне ұжымдық 
жауапкершілік алуға мүмкіндігі кеңеймек.
 
Кәсіби қоғамдастықты дамыту
Білім  алушылар  қоғамдастықтары  арқылы  мектептер  арасында  ынтымақтастық  орнату 
ұлттық және халықаралық деңгейде қолдау тауып отырғаны белгілі. Бірақ Лейтвуд және Левин 
(2004)  білім  алушылар  қоғамдастықтары  өздерінің  жұмысы  тиімді  әрі  сенімді  екендігіне 
жұртшылықтың көзін жеткізу үшін өздерінің нәтижелеріне ерекше көңіл бөлу керек екендігін 
еске салады.
Табысты кәсіби қоғамдастықты дамыту жігерлі әрі табанды жұмысты талап етеді. Кәсіби 
қоғамдастыққа  тартылған  адамдар  бастапқы  кезеңде  кәсіби  қоғамдастықта  жұмыс  істеу 
қызықты болғанымен, қиын екендігін ашық айтады. Құрылу кезінде құрылым құру, қарым-
қатынастар орнату, жалпы мақсаттарды айқындап, құндылықтарды біріктіру сияқты бірқатар 
әрекеттерді  орындау  қажет  болады.  Фуллан  (2004)  атап  өткендей,  кәсіби  қоғамдастықтар 
«барлық  аурулардың  жалғыз  емі»  емес,  әрине,  және  білім  беру  жүйесіндегі  барлық 
проблемаларды шеше алмайды. алайда ол барлық балалардың жетістігін құрайтын жоғары 
стандарттарға және теңдікке қол жеткізу әдістерінің бірі болып табылады.
Кәсіби қоғамдастықты дамыту проблемалары
Қоғамдастық жетістікке жетуі үшін оның шын мәнінде қажет екендігінің анық әрі нақты 
себебі  қажет.  Қоғамдастық  қандай  да  бір  заттарды  қалай  істесе,  жақсы  болатындығының 
жолдарын ұсынып, сынақтан өткізілген және тексерілген оқыту үдерістерінің құндылықтарын 
ұлғайтуға тиіс. 
Табысқа қол жеткізген білім алушылар қоғамдастықтары туралы деректерді зерделеу оларды 


жүктеу 11,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   126




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау