Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-v қРЗ



жүктеу 1,03 Mb.
Pdf просмотр
бет10/45
Дата14.02.2020
өлшемі1,03 Mb.
#29097
түріКодекс
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45

      2. Мыналарға:
 
      1) мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін адамға, егер адам мемлекеттік 
қызметті тоқтатар алдындағы соңғы бір жылда мемлекеттік функцияларды 
орындау кезеңінде өзінің лауазымдық өкілеттіктеріне орай осы коммерциялық 
ұйымның қызметін тексеру нысанында бақылауды тікелей жүзеге асырған болса 
не осы коммерциялық ұйымның қызметі аталған адаммен оның құзыретіне 
сәйкес тікелей байланысты болған болса, мемлекеттік ұйымдарды және 
жарғылық капиталындағы мемлекеттiң үлесi елу пайыздан көп, оның iшiнде 
акционерi мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық 
холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында, дауыс 
беретiн акцияларының (қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы өздеріне 
тиесiлi олардың еншiлес ұйымдарында, сондай-ақ дауыс беретiн акцияларының 
(қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы аталған еншiлес ұйымдарға тиесiлi 
заңды тұлғаларды қоспағанда, бір жыл бойы коммерциялық ұйымға аталған 
адамды;
 
      2) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға, ұлттық 
басқарушы холдингтерге, ұлттық даму институттарына, ұлттық холдингтерге 
және ұлттық компанияларға, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдарына басқару 
функцияларын орындаумен байланысты лауазымға бұрын сыбайлас жемқорлық 
қылмыс жасаған адамды;
 
       3) кәмелетке толмағандардың қатысуымен білім беру, тәрбиелеу және 
дамыту, демалысты ұйымдастыру және сауықтыру, дене шынықтыру және 
спорт, медициналық қамтамасыз ету, әлеуметтік қызметтер көрсету, мәдениет 
және өнер саласындағы ұйымдарға: адам өлтіргені, денсаулыққа қасақана зиян 
келтіргені, адамдардың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық 
қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, 
экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы үшін сотталғандығы 
бар немесе болған, қылмыстық қудалауда жүрген немесе қудалауда болған 
(Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші 
бөлігінің 1) және 2) тармақшаларының негізінде оларға қатысты қылмыстық 
қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда) адамдарды жұмысқа орналастыруға 
жол берілмейді;
 
      4) Әйелдердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізіміне 
сәйкес әйелдерді ауыр жұмыстарға, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) 
қауіпті жұмыстарға;
 
      5) медицина қызметкерлерін қоспағанда, он сегіз жасқа толмаған 
жұмыскерлерді және ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) 


қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлерді қоса атқаратын жұмысқа 
орналастыруға жол берілмейді.
 
      Ескерту. 26-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 23.11.2015 
№ 414-V
 Кодексімен 
(01.01.2017 бастап 
қолданысқа
 енгізіледі); 16.04.2018 
№ 147-VI
 (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 
Заңымен.
 
 
 27-бап. Еңбек шартының шарттардың өзге түрлерінен ерекшелігі 
      Еңбек шартында мына талаптардың біреуінің болуы:
 
      1) жұмыскердің жұмысты (еңбек функциясын) белгілі бір біліктілік, 
мамандық, кәсіп немесе лауазым бойынша орындауы;
 
      2) міндеттемелерді еңбек тәртіптемесіне бағына отырып жеке орындауы;
 
      3) жұмыскердің еңбегі үшін жалақы алуы шарттардың өзге түрлерінен еңбек 
шартының ерекше белгілері болып табылады.
 
 28-бап. Еңбек шартының мазмұны 
      1. Еңбек шартында:
 
      1) тараптардың деректемелері:
 
      жұмыс беруші жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын 
куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның тұрақты тұрғылықты жерінің 
мекенжайы және тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мәліметтер, жеке 
басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні;
 
      жеке сәйкестендiру нөмiрi (бизнес-сәйкестендiру нөмiрi);
 
      жұмыс беруші заңды тұлғаның және оның орналасқан жерінің атауы, жұмыс 
беруші заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу нөмірі мен күні, бизнес-сәйкестендiру 
нөмiрi;
 
      жұмыскердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын 
құжатта көрсетілсе), оның тұрақты тұрғылықты жерінің мекенжайы және 
тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мәліметтер, жеке басын 
куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі, берілген күні, жеке сәйкестендіру 
нөмірі;
 
      2) белгілі бір мамандық, кәсіп, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысы 
(еңбек функциясы);
 
      3) жұмыстың орындалатын орны;
 
      4) еңбек шартының мерзімі;
 
      5) жұмыстың басталу күні;
 
      6) жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі;
 
      7) еңбекке ақы төлеу мөлшері мен өзге де шарттары;
 


      8) егер жұмыс ауыр жұмыстарға жататын болса және (немесе) зиянды және 
(немесе) қауіпті жағдайларда орындалатын болса, еңбек жағдайларының 
сипаттамасы, кепілдіктер мен жеңілдіктер;
 
      9) жұмыскердің құқықтары мен міндеттері;
 
      10) жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері;
 
      11) еңбек шартын өзгерту мен тоқтату тәртібі;
 
      12) тараптардың жауаптылығы;
 
      13) жасалу күні мен реттік нөмірі болуға тиіс.
 
      2. Мүгедекпен жасалатын еңбек шартында жұмыс орындарын олардың жеке 
мүмкіндіктерін ескере отырып жабдықтау жөніндегі талаптар қамтылуға тиіс.
 
      3. Тараптардың келісімі бойынша еңбек шартына Қазақстан 
Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де талаптар енгізілуі 
мүмкін.
 
 29-бап. Бейбәсекелестік туралы шарт 
      1. Тараптардың келісімі бойынша жұмыс беруші мен жұмыскер арасында 
бейбәсекелестік туралы шарт жасалуы мүмкін, онда жұмыс берушіге нұқсан 
келтіруі ықтимал әрекеттерді жүзеге асырмау туралы жұмыскердің міндеттемесі 
көзделеді.
 
      2. Бейбәсекелестік туралы шартта оларды қабылдау шектері мен жағдайлары 
белгіленеді, сондай-ақ бейбәсекелестік туралы талап Қазақстан 
Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы 
жағдай қолданылатын кезеңге өтемақы белгіленуі мүмкін.
 
      3. Бейбәсекелестік туралы шарт жасалуы мүмкін жұмыскер атқаратын 
немесе орындайтын лауазымдардың және жұмыстардың тізбесі жұмыс 
берушінің актісімен бекітіледі.
 
 30-бап. Еңбек шартының мерзімі 
      1. Еңбек шарты:
 
      1) белгіленбеген мерзімге;
 
       2) осы тармақтың 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында белгіленген 
жағдайлардан басқа, бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге жасалуы мүмкін.
 
      Еңбек шартының мерзімі өткен кезде тараптар оны белгіленбеген немесе бір 
жылдан кем емес белгілі бір мерзімге ұзартуға құқылы.
 
       Егер еңбек шартының қолданылу мерзімі өткен жағдайда тараптардың 
ешқайсысы соңғы жұмыс күні (ауысым) ішінде еңбек қатынастарын тоқтату 
туралы жазбаша хабардар етпесе, осы Кодекстің 51-бабының 2-тармағында 
көзделген жағдайларды қоспағанда, ол бұрын жасалған дәл сол мерзімге 
ұзартылған деп есептеледі.
 


жүктеу 1,03 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау