болмаған уақытында тәртіптік жаза қолдану мерзімінің барысы тоқтатыла
тұрады.
4. Осы Кодексте көзделген негіздер бойынша еңбек шартын бұзуды
қоспағанда, тәртіптік жаза қолдану мерзімі ол қолданылған күннен бастап алты
айдан аспайды.
5. Жұмыскерге тәртіптік жаза қолданған жұмыс беруші тәртіптік жазаны
мерзімінен бұрын жұмыс берушінің актісін шығару арқылы алып тастауға
құқылы.
6-тарау. ЖҰМЫС УАҚЫТЫ
67-бап. Жұмыс уақыты және оның түрлері
1. Дайындық-қорытынды жұмысы (наряд-тапсырма, материалдар, құралдар
алу, техникамен, құжаттамамен танысу, жұмыс орнын дайындау және жинау,
дайын өнімді тапсыру және басқалар) уақытының кезеңдері, еңбек
технологиясында, еңбекті ұйымдастыруда; еңбекті қорғау және еңбек
қауіпсіздігі қағидаларында көзделген үзілістер; жұмыскер өзінің уақытына еркін
иелік ете алмайтын жұмыс орнында болу немесе жұмысты күту уақыты; мереке
және демалыс күндеріндегі кезекшіліктер; үйдегі кезекшілік, сондай-ақ еңбек,
ұжымдық шарттарға, жұмыс берушінің актілеріне немесе Қазақстан
Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес басқа да кезеңдер
жұмыс уақытына жатады.
2. Ұзақтығы қалыпты, ұзақтығы қысқартылған және толық емес жұмыс
уақыты болуы мүмкін.
68-бап. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы
1. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс.
2. Еңбек шартында жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы үшін төленетіндей
төлемақымен ұзақтығы азырақ жұмыс уақыты көзделуі мүмкін.
3. Негізгі жұмыс орны бойынша және қоса атқаратын жұмысы бойынша
күнделікті жұмыстың жиынтық ұзақтығы осы Кодекстің 71-бабының 4-
тармағында белгіленген күнделікті жұмыс ұзақтығының нормасынан 4 сағаттан
артық аспауға тиіс.
69-бап. Жұмыскерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс уақытының қысқартылған
ұзақтығы
1. Он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлер үшін:
1) он төрт жастан он алты жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін – аптасына 24
сағаттан аспайтын;
2) он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін – аптасына 36
сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді.
2. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті
жұмыстарда істейтін жұмыскерлер үшін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен
лауазымдардың тізіміне, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және
(немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесіне сәйкес аптасына 36 сағаттан аспайтын
жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді.
Осы тармақта белгіленген жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы ауыр,
зиянды және (немесе) қауіпті жағдайлардағы еңбегі өндірістік объектілерді
еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерімен расталған
жұмыскерлерге қолданылады.
Жұмыс беруші өндірістік объктілерді еңбек жағдайлары бойынша, сондай-
ақ аттестаттауға жатпайтын жұмыс орындары бойынша аттестаттауды
өткізбеген жағдайда, жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы өндірістердің,
цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізіміне, ауыр жұмыстардың, еңбек
жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесіне сәйкес толық
көлемде беріледі.
3. Бірінші және екінші топтардағы мүгедек жұмыскерлерге аптасына 36
сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді.
Бірінші және екінші топтардағы мүгедек жұмыскерлердің күнделікті
жұмысының (жұмыс ауысымының) ұзақтығы жеті сағаттан аспайды.
4. Жұмыскерлерге жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленген
кезде олардың еңбегіне ақы төлеу осы Кодекске сәйкес жүргізіледі.
70-бап. Толық емес жұмыс уақыты
1. Еңбек шартын жасасқан кезде, сондай-ақ еңбек қатынастары процесінде
жұмыскер мен жұмыс беруші арасында жазбаша келісім бойынша толық емес
жұмыс уақыты белгіленуі мүмкін.
Осы Кодексте белгіленген қалыпты ұзақтықтан аз уақыт, оның ішінде:
1) толық емес жұмыс күні, яғни күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы)
ұзақтығының нормасын азайту;
2) толық емес жұмыс аптасы, яғни жұмыс аптасындағы жұмыс күндерінің
санын қысқарту;
3) күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) ұзақтығының нормасын бір мезгілде
азайту және жұмыс аптасындағы жұмыс күндерінің санын қысқарту толық емес
жұмыс уақыты болып есептеледі.
2. Толық емес жұмыс уақыты жағдайларында жұмыс істеу жұмыскер үшін
осы Кодексте, еңбек, ұжымдық шарттарда, келісімдерде белгіленген жыл
сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының ұзақтығын, еңбек өтілін есептеуде
және еңбек саласындағы басқа да құқықтарын шектеуге әкеп соқтырмайды.
3. Жұмыс беруші жүкті әйелдің, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар ата-
ананың біреуінің (бала асырап алушының) жазбаша өтініші бойынша толық емес
жұмыс уақытын белгілейді.
71-бап. Жұмыс уақыты режимі
1. Жұмыскерлер үшін екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы
белгіленеді. Бес күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың
(ауысымның) ұзақтығы жұмыстың ерекшелігі ескеріле және жұмыс аптасының
белгіленген ұзақтығы сақтала отырып, жұмыс берушінің актісінде айқындалады.
2. Өндірістердің сипаты мен жұмыс жағдайлары бойынша бес күндік жұмыс
аптасын енгізу орынсыз болатын ұйымдарда бір демалыс күні бар алты күндік
жұмыс аптасы белгіленеді.
3. Жұмыс беруші еңбек және ұжымдық шарттардың талаптарына немесе
жұмыс берушінің актісіне сәйкес бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасын
белгілейді.
4. Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында
көзделген жағдайларды қоспағанда, күнделікті жұмыстың ұзақтығы 8 сағаттан
аспайды.
5. Күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы, күнделікті
жұмыстың (жұмыс ауысымының) басталу және аяқталу уақыты, жұмыстағы
үзілістер уақыты еңбек тәртіптемесі қағидаларында, еңбек және ұжымдық
шарттарда белгіленген талаптар сақтала отырып айқындалады.
6. Өнер және мәдени демалыс кәсіптік ұйымдарының шығармашылық
жұмыскерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының жұмыскерлері, спортшылар,
жаттықтырушылар үшін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына,
жұмыс берушінің актілеріне, ұжымдық немесе еңбек шарттарына сәйкес
күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) өзгеше ұзақтығы белгіленуі
мүмкін.
72-бап. Күнделікті жұмысты (жұмыс ауысымын) бөліктерге бөлу
1. Күнделікті жұмысты (жұмыс ауысымын) бөліктерге бөлуге:
1) жұмыс қарқындылығы әртүрлі болатын жұмыстарда;
2) егер бұл жұмыскердің әлеуметтік-тұрмыстық және өзге де жеке
қажеттіліктерімен байланысты болса, оның бастамасы бойынша жол беріледі.
2. Күнделікті жұмысты (жұмыс ауысымын) бөліктерге бөлген кезде жұмыс
уақытының жалпы ұзақтығы күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының)
белгіленген ұзақтығынан аспауға тиіс.
3. Күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) бөліктерге бөлінетін жұмыс түрлері,
жұмыстағы үзілістердің саны мен ұзақтығы, сондай-ақ осындай жағдайлары бар
Достарыңызбен бөлісу: |