Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» «біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ»



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет39/122
Дата04.12.2017
өлшемі5,01 Kb.
#2913
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   122

сақтау және экологиялық тәрбие беру, көпмәдениеттілік тәрбие беру ролінің 
күшейтілуі,  білім  ұйымдарының    оқушыны  әлеуметтендірудегі  ролінің 
артуы.  Осындай  әлемдік  білім  беру  жүйесіне  негізделген  басым  бағыттар 
ұрпақты озық, саналы, дара тұлға деңгейінде қалыптастырады.  
         
Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы 
оның  ұлттық  білім  жүйесінің  деңгейіне,  даму  бағытына  байланысты. 
«Ұрпағы  білімді  халықтың  болашағы  бұлыңғыр  болмайды»  дегендей,  жас 
ұрпаққа  сапалы,  мән-мағыналы,  өнегелі  тәрбие  мен  білім  беру  –  бүгінгі 
күннің басты талабы. 
       
Осы  талапты  жүзеге  асыратын  ең  бірінші  адам  -  мұғалім.  Сондықтан 
мұғалімнің  алдында  білім  мен  тәрбие  беруде  үлкен  жауапкершілік  тұр.  Әр 
оқушыны  оқытып  ,  тәрбиелеуге  байланысты  мәселелерді  өздігімен    және 
шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек. Мұғалім 
оқушылар  үшін  қандай  да  бір  пән  бойынша  білім  беретін  ғана  адам  емес, 
сондай-ақ  олардың  оқудағы  еңбегін  тиімді,  қызық  ұйымдастыра  алатын, 
оларға  үлгі  болатын  ерекше  тұлға  болуы  керек.Осындай  мәселелерді 
қанағаттандыру үшін қазіргі уақытта мұғалім жаңашыл, икемді, өзгерісті тез 
қабылдай  алатын,  жан-жақты,  жаңа  педагогикалық  инновациялық 
технологияларды меңгерген болуы керек. 
     
Жаңа  бағдарламаның  басты  мақсаттарының  бірі  –  баланы  оқыта 
отырып,  ой  еркіндігін,  белсенділігін,  ізденімпаздығын  қалыптастыру,  өз 
бетінше  шешім  қабылдауға  дағдыландыру  және  критериалды  бағалау 
жүйесін  енгізді.  Әйгілі  зерттеуші  Л.С.  Выготский:  «Дәстүрлі  оқыту  –  бала 
дамуына  тек  қондырғы  болып,  дамуға  стихиялы  әсер  етсе,  яғни  «дамудың 
соңында  жүрсе»,    жаңаша  оқыту  –  «дамытуды  өзімен  бірге  ала  жүреді»,- 
деген  болатын.  Сондықтан  тек  дәстүрлі  оқытумен  шектелмей,  мұғалім 
әрқашан  ізденісте  болып,  өзіне  және  шәкірттеріне  тиімді  жақтарын 
қарастырып  отыруы  тиіс.  Ал  оқушы  өзінің  мектеп  қабырғасында  алған 
білімін өмірінде пайдалана білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі 
«Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. 
      
Бұл  орайда,  ана  тілі  арқылы  ұлттық  құндылықтарды  дәріптеуге 
бағыттайды.    Әр  елдің  өз  ұлттық  құндылықтары  бар.  Осы  құндылықтарды 
әрбір  адам  ескеріп  отыруы  тиіс.  Ескермеу  салдарынан  Батыс  елдерінде  
ұлттық  құндылықтар  жойылған,  ал  Шығыс  елдері  ұлттық  құндылықтарын 
тұрақты басшылыққа алып, өмір сүреді. Сондықтан да ол елдердегі дағдарыс 
та  әр  түрлі.Ұлттық  құндылықтарды  қалыптастыру  үшін  еліміздегі  үздіксіз 
білім  беру  жүйесіне  сол  құндылықтарды  енгізіп,  бүкіл  қазақ  халқының, 
әсіресе,  жас  ұрпақ  пен  жастардың  ұлттық  дүниетанымын  қалыптастыру 
керек.  Өйткені,  «  ұлттық  дүниетаным  –  ұлттық  болмыстың  көрінісі,  саяси, 
адамгершілік, эстетикалық, діни наным-сенім, тәрбие, тарихи сана, басқа да 
дәстүрлі мәдени- рухани көзқарастар жинағы». Ал , мұның бәрі тіл арқылы 
қалыптасады.  
    
Барлық  игі  істің  бастауында  тіл  тұратынын  көне  дәуір  ғұламалары 
үнемі    айтып  келген.  М.  Қашқари  «Игі  істің  басы  -  тіл»  десе,  А.  Игүнеки 
«Әдеп басы - тіл» деп үйретеді. Мұның бәрі тілді марапаттаудан туған нәрсе 
86 
 


емес. Өмірдің мәңгілік тынысында шыңдалған шындық, ғасырлар қойнауыда 
жүйеленген  тәжірибе,  содан  түйінделген  қорытынды.  Халықтың  тұрмыс-
тіршілігінде серіктес болып бірге өмір сүріп келе жатқан тағлым таразысы. 
     
Ұлттық  тәрбие  мәселесінде  ең  алдымен  тіл  мәселесіне  көңіл  бөлу  – 
парыз. Сөздерді саралау арқылы адам баласы өзін де, өзгені де тәрбиелейді. 
     
Елбасы    «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  атты  мақаласында  : 
«Өмір  сүру  үшін  заман  ағымына  саналы  түрде  бейімделуге  қабілетті  болу 
керек.  Жаңа  жаһандық  үрдістер  ешкімнен  сұрамай,  есік  қақпастан  төрге 
озды.  Сондықтан,  заманға  сәйкес  жаңғыру  міндеті  барлық  мемлекеттердің 
алдында  тұр»,-  деп  болашаққа  нақты  жол  сілтеді.  Сондықтан  да 
халқымыздың  қадір-қасиетін  терең  білуге  бұрылатын  уақыт  жетті.  Ал  оған 
жол бастаушы, әрине, ана тілі болмақшы.  
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Н.Ә.  Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  Жолдауы  «Әлеуметтік-
экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты». 
2.Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы. 
3.ҚР  Тілдерді  дамыту  мен  қолданудың  2011-2020  жылдарға  арналған 
мемлекеттік бағдарламасы. 
4. «Ұлттық тәрбие»  республикалық ғылыми-көпшілік журнал , 2011. 
5. Сыздық Р. Тіл мәдениеті және оның проблемалары. 
 
 
СӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ МӘДЕНИЕТІ 
 
Искакова Гульжан Нуржановна 
Алматы облысы, Көксу ауданы, Н.Алдабергенов ат. орта мектебі 
Саймасай Айдос Мұратұлы 
Алматы облысы, Көксу ауданы, Т.Исабаев ат.орта мектебі 
 
      
Ауызша  сөйлеу  мәдениеті  сөйлеген  кезде  орфоэпиялық  қағидаларын 
сақтап, мәнерлеп сөйлеумен байланысты.  
Ауызша  сөйлеу  тілі:  1.  Әдеби  тілде  сөйлеу.  2.  Ауыз-екі  сөйлеу  тілі 
болып  бөлінеді.  Әдеби    сөйлеу    тілінің    де    сан    алуан    түрлері  бар.  Олар: 
лекторлардың,  үгітшілер  мен  баяндамашылардың,  актерлардың  т.б.  тілі  
болып    бөлінеді.  Әрқайсысының    сөз   қолдану    ерекшелігі,  айтайын    деген  
ой-пікірін  тыңдаушыларына  жеткізу  әдіс-тәсілдері  әр  түрлі  болғанымен,  
бәріне    ортақ    заңдылық  –орфоэпия    нормаларын    сақтау.  Орфоэпия  
дегеніміз  –  сөздердің    жалпыға    бірдей    қалыпты    айтылу    нормасын  
айтамыз. Сөздердің  әдеби  тілдегі  жалпыға  ортақ  қағидада  сөйлеу-кісінің  
тіл  мәдениетінің  жоғары  екендігінің  белгісі.  
        
Сөз    қалай    жазылса,  солай    оқуды    тіліміз    көтере    бермейді.  Олай 
дейтініміз  қазақ  тілі  –  болмысында,  табиғатында  үнді,  әуезді  тіл.  Оның 
айтылуында өзіндік әсем үн бар, қалыптасқан жатық әуен бар. Оның  негізі 
мынада:  сөздердің  құрамындағы  дыбыстар  өзара  үндесіп,  біріне-бірі 
87 
 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   122




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау