Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз
сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер
ғана жұмыс істей алады.
ЖАҢА БАҒДАРЛАМА - ЖАҢАЛЫҚҚА БАСТАР ТУРА ЖОЛ
Байболатова Гульнара Избасаровна
Алматы облысы,
Қаратал ауданы,
Бастөбе ауылы, М.Горький атындағы
МДШО бар орта мектебінің І (ілгерінді) деңгейлі қазақ тілі мен әдебиеті пәні
мұғалімі, мектеп тренері
«Біз осы заманғы білім беру жүйесісіз, әрі
алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін
осы заманғы мұғалімдерсіз инновациялық
экономика құра алмаймыз»
Елбасы Н.Ә. Назарбаев
Жаңа ғасыр әр адамның күнделікті тіршілігіне ерекше өзгеріс енгізе
қоймаған қоғамнан кетіп, өз өмірімізде жаңа бір дәуірдің басталғанын
мойындатуда. Көкжиегімізде көрініп тұрған нұрлы болашағымызға жету
жолдарының жақсы нышандары әлеуметтік орны мен ақпараттар қызметінің
салмағы жағынан ерекше болып табылатын білім беру жүйесінде көрініс
табуда. Олай дейтініміз - бұл саладағы әрекет қоғамның бір жеке мүшесінің
тағдырына қатысты емес, еліміздің ертеңгі күнгі әлеуметтік күшіне, тұрмыс
деңгейіне, өркениеттілігіне әсер ететін кешенділігімен сипатталады.
Сондықтан білім беру саласында қоғамның әрбір мүшесінің назарынан тыс
қалмайтын мәселелер төңірегінде түбегейлі өзгерістерді мәдениетті,
шығармашыл, жаңашыл, инновациялық тұрғыда ойлап, қызмет жасай білетін
ұстаз ғана мүлтіксіз енгізе алады деп ойлаймын. Деңгейлік бағдарламалар
бойынша біліктілігін арттырған мұғалімдердің «Тәжірибедегі рефлексия»
жалпы білім беретін педагог кадрлардың кәсіби даму бағдарламасы аясында
мектеп тренерінің курсы дәл осындай мұғалімдерді дайындаудың мектебі
екендігіне курс барысында көзім жетті.
Өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз құрметтейтін
маман ретінде мен де іске деген қызығушылықпен, сүйіспеншілікпен бұл
курсты бітіріп, І (ілгері) деңгей бойынша курстан өткен кезде әлі де
ойландырып жүрген, түсінбей жүрген сұрақтарымның жауабын осы курс
кезінде тапқандай болдым. Мектепке оралып жұмысқа кірістім. Мектеп
тренері ретінде алғашқы күннен бағдарламаның мақсатын, міндетін,
қойылатын талаптарын әкімшілікпен талдап түсінідіруден бастадым. Келесі
қадам бұйрық бойынша топ құру болды. Мектептің деңгейлік курстан
өтпеген мұғалімдерінен құрылған топпен бірлесіп жұмыс жасау арқылы
табысқа жету жолындағы бір-бірін үлкен асуларға жетеледі, жаңа іске деген
75