Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет77/137
Дата04.12.2017
өлшемі5,05 Kb.
#2856
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   137

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
184 
- оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар өткізу
- кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу және т.б. 
Сыныптан 
тыс 
жұмыстар 
білім 
алушылардың 
пәнге 
деген 
қызығушылығын арттырып, алған білімдерін тереңдетіп, өздігінен іздене білуге 
үйретеді.  Сонымен  қатар,  теориялық  білімін  кеңейтіп,  толықтыра  түседі  және 
ьілім алушылардың жеке қабілетін дамыта түседі. 
2017-2018 оқу жылындағы әдістемелік қызметтерінің негізгі міндеттері: 
- тарихи білім беру және оның сапасын көтерудің негізгі компоненттерін 
жүзеге асыру; 
- мұғалімдердің  кәсіби  шеберліктерін  жетілдіру:  тарихты  оқытудың 
тиімді әдістемесі мен әдістерін (технологиялар) игеру/меңгеру; 
- тарихты  оқытудың  базалық  және  жоғары  деңгейінде  зерделеу,  тиімді 
білім беру тәжірибесін тарату;  
- білім  алушыларды  негізгі  түйінді  құзыреттермен  бейіндік  оқыту 
жағдайында  білім  беру  стандарттары,  тарих  бойынша  жаңартылған  оқу 
бағдарламаларына  сәйкес  білімді-әрекеттік  компоненттерін  меңгеру  бойынша 
білім алушылардың оқу-танымдық қызметтерін ұйымдастыру
- білім алушылардың бейіналды дайындық сапасын қамтамасыз ету.  
 
 
«МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА» БІЛІМ САЛАСЫ 
 
Жалпы  орта  білім  деңгейінде  «Математика  және  информатика»  білім 
саласы  бойынша  «Алгебра  және  анализ  бастамалары»,  «Геометрия», 
«Информатика»  пәндері  екі  бағыт  бойынша  (жаратылыстану-математика 
бағыты және қоғамдық гуманитарлық бағыт)  оқытылады.  
Жаратылыстану-математика  бағыты  бойынша  математикадан  білім  
мазмұны  оқушылардың  бойында  қоршаған  әлем  туралы  біртұтас  түсініктің 
қалыптасуына,  оқушылардың  интеллектуалдық  қабілеттерін  дамытуға  ықпал 
ететін  жалпы  ғылыми  біліктерді  меңгеруіне  бағытталған.  Кейбір  нақты 
математикалық  жағдаяттардың  математикалық  моделін  интерпретациялауда 
және  құрастыруда  қалыптасатын  біліктілік  жаратылыстану-математикалық 
бағытта  шынайы  процестер  мен  құбылыстарды,  теориялық  мәселелерді 
зерттеуде және қолданбалы есептер шығаруда қолданылады.  
Математиканы  оқытуда  қалыптасқан  теориялық  сұрақтар  мен  есептерді 
шешудің  зерттеу  аппараты  жаратылыстану-математика  пәндерін  оқыту  үшін 
үлкен  рөл  атқарады.  Жаратылыстану-математика  бағытындағы  сыныптарда 
математика  пәнін  оқыту  математикадан  білімі  мен  біліктілігінің  белгілі 
деңгейін  талап  ететін  мамандық  бойынша  оқу  орнында  оқушының  оқуын 
жалғастыру мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.  
Қоғамдық-гуманитарлық  бағыттағы  сыныптарда  математика  курсын 
оқытудың  ерекшелігі  –  адамды  жалпы  мәдени  дамуға  бағыттау,  математика 
заңдарымен  таныстыру  және  қазіргі  заманауи  өмірде  еркін  бағдар  алуына 
қажетті  адамның  іс-әрекеттеріне  байланысты  математикалық  білім  мен 
біліктілікті  қалыптастыру  болып  табылады.  Бұл  курс  үшін  көптеген 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
185 
дәлелдеулері  бар  теориялық  деректер  берілмейді,  теоремалардың  қатаң  түрде 
дәлелдеулері  өте  аз  мөлшерде,  негізінен,  нақтылы  пайымдаулардың  үлгілері 
ретінде  беріледі,  түсіндірулер  көрнекіліктермен  негізделеді,  жаттығулардың 
күрделілігі  қарапайым  деңгейімен  шектеледі.  Курстың  кейбір  дәстүрлі 
бөлімдері  жалпыланған  түрде  (дәлелдеулерсіз,  түсініктер  деңгейінде) 
оқытылады. 
Информатика  пәнін  оқытудың  әдістемелік  ерекшелігі  қажетті  нақты 
міндеттерді  шешу  үшін  визуалды  программалау  және  ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың бойында 
бастапқы  теориялық  білім  мазмұнын  қалыптастыру  болып  табылады. 
Жаратылыстану-математикалық 
бағыттағы 
10-11-сыныптарға 
арналған 
информатика  курсында  есептерді  шешу  негізінде  жүйелік  және  алгоритмдік 
ойлауды  дамыту 
жалғасады,  ал 
қоғамдық-гуманитарлық  бағыттағы 
сыныптардағы 
информатика 
курсының 
ерекшелігі 
ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды тереңдете оқыту болып табылады. 
«Математика  және  информатика»  білім  саласының  пәндері  бойынша 
білім  сапасын  жетілдіру  мақсатында  келесі  педагогикалық  тәсілдерді  қолдану 
ұсынылады:  саралап  оқыту,  іс-әрекеттік  оқыту,  жеке  тұлғаға  бағытталған 
оқыту, жүйелі оқыту. 
Оқушылардың  «Математика  және  информатика»  білім  саласының 
пәндеріне  деген  қызығушылықтарын  арттыру  мақсатында  жобалық  әдістерге 
баса  назар  аудару  ұсынылады.  Әр  сыныптар  бойынша  жобалық  іс-әрекетті 
оқытуға  жеке  сағаттар  бөлінген.  Жобалау  технологияларын  қолдану 
информатика  пәні  бойынша  ғана  оқу  сапасын  көтеріп  қоймайды,  пәнаралық 
байланыс  жасайды.  Жобалық  іс-әрекеттерге  тақырыптарды  мұғалім  өз  қалауы 
бойынша өткен тараулардан алуына болады. Жобамен жұмыс істеу барысында 
оқушылар топтасып немесе жеке жұмыстарын жоспарлау, мақсат қою, қажетті 
ақпаратты  іздеу,  гипотезаны  ұсыну  және  дәлелдеу,  эксперименттер  жүргізу, 
жасаған жұмыстарын талдау және бағалау, сондай-ақ, өз жобаларын қорғай алу 
біліктерін дамытады. 
2017-2018  оқу  жылындағы  10-11-сыныптарда  «Математика  және 
информатика» білім саласының пәндерінен өткізілетін бақылау жұмыстарының 
нормасы келесі кестеде берілген.  
 
45-кесте  –  10-11  сыныптарында  «Математика  және  информатика»  білім 
саласының  пәндерінің  оқу  жүктемесі  мен  өткізілетін  бақылау  жұмыстарының 
нормасы. 
  
Сынып  Пән 
Аптадағы 
сағат 
саны 
Оқу 
жылындағы 
сағат саны 
Бақылау 
жұмыстарының 
нормасы 
10 
ЖМБ 
Алгебра және анализ 
бастамалары 

102 
7-8 
Геометрия 

68 
5-6 
Информатика 

34 
3-4 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   137




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау