Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
113
- міндетті түрде жаттығу нөмірі мен беті көрсетіледі;
- мұғалім білім алушының қателері мен түсініктемелерін көрсетіп, бағаны
сол жаққа қояды;
- білім алушылар дәптерлеріне жазуды көк немесе күлгін сиялы қаламмен
жүргізеді;
- қара және жасыл сияларды, қарындашты астын сызуға немесе кесте
құрғанда және т.б. қолдана алады;
- білім алушыларға дәптерге қызыл сиямен жазуға болмайды;
- сөздіккке сөздер реттік нөмірі бойынша жазылады.
Дәптерлерді тексеруге қойылатын негізгі талаптар:
Мұғалім білім алушылардың жұмыс дәптерлерін тексергенде келесі
тәртіпті ұстанады:
- 6, 8, 9 -сыныптар, маңызды деген жұмыстарды аптасына 1 рет;
- сөздіктер: 6, 8, 9-сыныптар – бір тоқсанда 1 рет;
- бақылау жұмыстары мен жазба тапсырмаларының барлық түрлері
барлық оқушыларда тексеріледі.
Мұғалім бақылау жұмыстарын тексеруде келесі мерзімді ұстану керек:
барлық сыныптардың білім алушыларының барлық бақылау жазба
жұмыстарын келесі сабаққа дейін тексеріледі; мұғалім тексергеннен кейін
қатемен жұмыс жүргізеді; білім алушылардың бақылау жұмысы дәптерлерін
жыл бойына сақтайды.
Мұғалім 6, 8, 9-сыныптарда шет тілі бойынша тексерген жұмыстарда
білім алушының жіберген барлық қателерін түзеуде келесі ережелерді
басшылыққа алады:
- орфографиялық қатені сызып, үстіңгі жағына қажетті әріпті жазады;
- қажет емес пунктуациялық қате сызылады, қажеттісі қызыл сиямен
жазылады;
- 6, 8, 9-сыныптарда эссе тексеру барысында орфографиялық және
пунктуациялық қателермен қатар, нақты грамматикалық және тілдік қателерді
де белгілейді.
Ұсынылатын бақылау жұмыстарының нормалары
Алған білімдерінің динамикасы мен мониторингін анықтау үшін оқу
жылына 7 бақылау жұмысын жүргізуді ұсынамыз.
№ 1 кіріспе тест. Бұл жұмыс түрі өткен оқу жылында алған білімдердің
диагностикасы мен бақылауын қарастырады, тек лексикалық-грамматикалық
аспектілерін қамтиды. Тест тапсырмаларының саны - 25, жауаптар
нұсқаларының саны-5. «2» деген бағаны қою ұсынылмайды, өйткені оқу
жылының бірінші күндерінен бастап оқушының пәнге деген қызығушылығы
мен ынтасын төмендетуі мүмкін.
№ 2 бақылау жұмысы 1-тоқсан қорытындысы. Бұл бақылау жұмысы тіл
дамытудың барлық бағыттарын есепке ала отырып, 1-ші тоқсанда меңгерген
барлық материалдарды қамтиды. Лексика және грамматика бойынша 15
тапсырма, тыңдалым - 5 тапсырма, оқылым – 5 тапсырма. «5» деген баға – 21-
25 балл, «4» деген баға -14-20 балл, «3» деген баға – 1-13 балл.
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
114
№ 3 бақылау жұмысы – 2-тоқсанның қорытындысы. Бұл бақылау жұмысы
тіл дамытудың барлық бағыттарын есепке ала отырып, 2-ші тоқсанда меңгерген
материалды қамтиды. Лексика және грамматика бойынша 15 тапсырма,
тыңдалым - 5 тапсырма, оқылым – 5 тапсырма. «5» деген баға – 21-25 балл, «4»
деген баға -14-20 балл, «3» деген баға – 1-13 балл.
№ 4 диагностикалық тест (бақылау жұмысы). Бұл алдыңғы екі оқу
тоқсанында алған білімдердің бақылау мен динамикасын қарастырады, тек
лексикалық-грамматикалық аспектісін қамтиды. Лексика және грамматика
бойынша 15 тапсырма, тыңдалым - 5 тапсырма, оқылым – 5 тапсырма. Тест
тапсырмаларының саны - 25, жауаптар нұсқаларының саны-5.
«5» деген баға – 21-25 балл, «4» деген баға -14-20 балл, «3» деген баға –
1-13 балл.
№ 5 бақылау жұмысы –3-тоқсан қорытындысы. Бұл бақылау жұмысы тіл
дамытудың барлық бағыттарын есепке ала отырып, 3-ші тоқсанда меңгерген
материалды қамтиды. Лексика және грамматика бойынша 15 тапсырма,
тыңдалым - 5 тапсырма, оқылым – 5 тапсырма. «5» деген баға – 21-25 балл, «4»
деген баға -14-20 балл, «3» деген баға – 1-13 балл.
№ 6 бақылау жұмысы – 4-тоқсан қорытындысы. Бұл бақылау жұмысы тіл
дамытудың барлық бағыттарын есепке ала отырып, 4-ші тоқсанда меңгерген
материалды қамтиды. Лексика және грамматика бойынша 15 тапсырма,
тыңдалым - 5 тапсырма, оқылым – 5 тапсырма. «5» деген баға – 21-25 балл, «4»
деген баға -14-20 балл, «3» деген баға – 1-13 балл.
№ 7 бақылау жұмысы – жылдық қорытындысы. Бұл бақылау жұмысы
жыл бойына өтілген барлық тақырыптық материалдарды қамтиды. Лексика
және грамматика бойынша 15 тапсырма, тыңдалым - 5 тапсырма, оқылым – 5
тапсырма. «5» деген баға – 21-25 балл, «4» деген баға -14-20 балл, «3» деген
баға – 1-13 балл.
Ұсынылатын жазба жұмыстарының нормалары
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жазба
жұмыстарын, соның ішінде эссе жазу ұсынылады. Жұмыстың бұл түрі
оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын және жазылым дағдыларын дамытуға
мүмкіндік береді. Мысалы, 6-сынып оқушысына суреттегі адам туралы бірнеше
сөйлем жазуды ұсынуға болады, оқушы осы адамның есімін, тегін мекенжайын
және т.б. ойлап жазуы мүмкін. 9-сынып білім алушысына бейнематериал
көрсетіп осы бейнематериал бойынша өз пікірін білдіруді ұсынуға болады.
Жұмыстың бұл түрін жұмыс дәптерлеріне ресімдеп, жылына 4 рет
ұйымдастыру ұсынылады.
Эссе жазуда келесі сөздердің нормаларын (барлық артикль сөздерді,
есімдіктер мен қосымшаларды ескере отырып):
6-сыныпта - 40-60 сөз,
8-9-сыныпта - 100-130 сөзді ұсынамыз.
Ағылшын тілі бойынша бітіруші сынып оқушыларын қорытынды
аттестаттау
Ағылшын тілі бойынша оқушыларды қорытынды аттестаттаудың
негізгі ережелері:
Достарыңызбен бөлісу: |