19
6.4.5 Қазан бөлмелердің және жылу желістердің жабдықтарын, ғимараттарын және
құрылыстарын жөңдеудің барлық түрлеріне болашақты, жылдық және айлық графиктер
құрастырылуы керек.
6.4.6 Жөңдеулердің жиілігі және ұзақтығы, сонымен қатар жабдықтың жөңдеуде
жыл сайын тұрып қалу ұзақтығы Нұсқауға сәйкес орнатылуы керек.
6.4.7 Жөңдеу жұмыстардың көлемі орындаушы – ұйымдармен алдын ала келісілуі
тиіс.
6.4.8 Жөңдеуді бастау алдында барлық ақаулар анықталуы керек және жөңделген
жабдықтар, ғимараттар немесе құрылыс сәйкес келетін, нышандар орнатылуы керек.
6.4.9 Жабдықты, ғимараттар мен құрылыстарды жөңдеуге шығару және оларды
қайта жұмысқа енгізу диспетчерлік мәлімдемелері бойынша орындалуы керек.
6.4.10 Жабдықты жөңдеу жұмыстарына шығару алдында келесі жұмыстар
орындалуы керек:
- жұмыс көлемінің ведомостары және сметасы құрастырылуы керек, олар
жабдықты сәйкесінше байқаудан кейін түзетілуі қажетті;
- жөңдеу жұмыстарының графиктері құрастырылуы керек;
- жұмыс көлемдерінің ведомостарына сәйкес қажетті материалдар, запас бөлшектер
және түйіндер
дайындалуы керек;
- қайта құру жұмыстарына техникалық құжаттама құрастырылуы керек;
- аспаптар, құрылғылар және көтеру-көліктік механизмдер қалыпты жағдайға
келтіру және жинастырылған болуы керек;
- қауіпсіздік техникасы бойынша шаралар және өртке қарсы шаралар орындалуы
керек;
- жөңдеу бригадалары жабдықталған және нұсқауланған болуы керек.
6.4.11 Негізгі және қосымша жабдықтардыңконструктивті өзгерістері, сонымен
қатар жөңдеу жұмыстарын орындаған кезде ұстанымдық сызбалардың өзгеруі орнатылған
тәртіпте
бекітілген, жоба бойынша ғана орындалуы керек.
6.4.12 Күрделі жөңдеуден өткен, қазан бөлмелердің және жылу желістердің
жабдықтары 48 сағат ішінде жүктеме астында қабылдау-тапсыру сынамаларына жатады.
6.4.13 Қазан бөлмесінің құрылғысының күрделі жөңделуінің аяқталу уақыты болып
келеді:
- желіске қосылу уақыты, егер жабдықтың қалпы жөңдеу алдында орнатылған
нышандарға сәйкес келетін болса және қабылдау-тапсыру сынамалар кезінде номиналды
жүктемемен оның жұмысына кедергі
жасайтын ақаулар байқалмаса;
- жабдықты келтіру бойынша жұмыстардың аяқталу уақыты жөңдеу басында
орнатылған нышандарға сәйкестікте, егер осы уақыт қабылдау-тапсыру сынаулардың
ұзақтығынан асатын болса.
6.4.14 Жөңдеу объектісінде артық қысым болмаған кезде орнатылған тәртіпте
толтырылған, нарядты алғаннан кейін ғана жөңдеу жұмыстарын орындауға рұқсат етіледі.
6.4.15 Жөңдеуден жабдықтарды қабылдауды коммуналды жылыту қазан бөлмесін
пайдаланатын, кәсіпорын басшысының төрағалығымен комиссия орындауы керек.
6.4.16 Негізгі жабдықты күрделі жөңдеген кезде орындалған жұмыстар, оған
жөңдеу бойынша техникалық құжаттарды тіркеумен акт бойынша қабылдануы керек.
6.5 Негізгі және көмекші жабдықтарды консервілеу
6.5.1 Қазан металлын жегідеден қорғау бойынша қажетті шараларды қабылдамай
бу және суқыздыру қазандарын резервке шығаруға тыйым салынады.
20
6.5.2 Қазандарды консервілеу келесі тәсілдердің бірімен жүзага асырылуы керек:
бір ай мерзімге дейін – қазанды сілтілі ерітіндімен толтыру; бір айдан жоғары мерзімге –
ылғал сіңіргіштерді немесе натрий нитрат ерітінділерін пайдалану.
6.5.3 Қазандарды құрғақ консервілеу кезінде келесі ылғал сіңіргіштер пайдалануы
керек: кальций хлориді (СаСl) Ғ МСМ таңбалы силикагель, сөндірілмеген ізбес [Са(ОН)
2
],
соның арқасында қазандағы ішкі ортаның салыстырмалы ылғалдылығы 60 % төмен
сақталуы керек.
6.5.4 Қазанды консервілеу кезінде келесі алдын ала шараларды өткізу қажетті:
а) қазанның бу, қоректендіру, дренажды және үрлеуіш желістерінде
тығындамаларды орнату;
б) қазаннан суды төгу;
в) қазанның ішкі
бетін тазалау;
г) егер механикалық тазалау мүмкін емес болса, онда су экономайзерді қышқылмен
жуып-шаю;
д) қазанның сыртқы қызу беттерін және газарналарды ұшпалы күлден және қождан
тазалау;
е) қазанның қызу бетін атанақтардың ашық люктері және қазан коллекторлары
арқылы желдеткішпен кептіру.
6.5.5 Консервіленетін қазанның 1 м
3
ішкі көлемге ылғал сіңіргіштің мөлшері
төменгіден кем емес болуы керек (кг-мен):
- хлорлы кальций - 1 - 1,5;
- силикагель - 1,5 - 2,5;
- сөндірілмеген ізбес - 3 - 3,5.
Сөндірілмеген ізбес басқа ылғал сіңіргіштер болмаған кезде ерекше ретінде
пайдаланылады.
6.5.6 Барлық жұмыстар аяқталған соң қазанның консервіленуі туралы акт
құрастырылуы керек.
6.5.7 Сілтілі консервілеу кезінде қазанның сулы көлемі 3 г/л дейін ащы натр
(NaOH) немесе 5 г/л тринатрийфосфат (Na
3
РО
4
) қосуымен деаэрацияланған конденсатпен
толықтырылуы керек.
6.5.8 Конденсатқа 50 % дейін жұмсартылған деаэрацияланған суды қосқан кезде
ащы натр қосымы 6 г/л дейін, тринатрийфосфат – 10 г/л дейін артуы керек.
6.6 Қазан бөлмелеріндегі жылу сызбаларындағы ауыстырулар
6.6.1 Қазан бөлмелеріндегі жылу сызбаларындағы барлық ауыстырулар пайдалану
бойынша жергілікті нормативті құжаттармен сәйкес орындалуы және тікелей
құжаттамаларда бейнеленуі керек.
6.6.2 Нұсқауларда қарастырылмаған жағдайларда, ауыстырулар бағдарламалар
бойынша орындалуы керек. Күрделі ауыстырулар сонымен қатар ауыстыру
бағдарламалары және бланктері бойынша орындалуы керек.
6.6.3 Күрделі ауысуларға келесі төменгі ауысулар жатады:
- негізгі және көмекші жабдықтарды
сынаумен байланысты;
- сақтандыру құрылғылардың жұмыс қабілеттілігін және жөңделуін тексеруімен
байланысты;
- жабдықты жөңдеуге және резервке шығаруымен және оны жұмысқа енгізуімен
байланысты;
- қазан бөлмелердің және жылу желістердің жабдықтарын гидравликалық
баспалаумен байланысты;
- қазан бөлмелердің жылулық сызбаларының өзгеруімен байланысты;