[]



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет94/164
Дата28.11.2017
өлшемі5,01 Kb.
#2112
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   164

187 
 
Ажарланып, көркейіп кір» – деп түрге. 
Құдіреттің жарлығынан қатты састы, 
Алдына құлдық бас, тәубе – қойды басты. 
Көк пен жер бірдей шулап қоя берді 
«Атына тағфин», – деп, аузын ашты. 
Ауыз бар, жоқ болса да бас пен шеке, 
Екеуі бірдей айтты, емес жеке. 
«Сонда жердің ашылған аузы қай жер?» 
Десеңдер, осы күнгі тұрған Мекке! 
Мұнымды бекер деген кітап қарар, 
Халқыма білгенімді айтсам жарар. 
Көк пен Жердің аузы сол болғандықтан, 
Құдайға жылаушылар сонда барар [3,35]. 
Жүсіп  ақын  қажылық  сапарға  иманы  кәміл,  ілім  игерген      пенденің  баруын  дұрыс  деп 
есептейді.  Ислам  философтары  қажылық  сапарына  қатысты  төмендегіше  пікір  айтады: 
«Адамда  Тәңірдің  барлық  «зәрре»  сипаттары  бар.  Адам  өз  бойындағы  зәрре  сипаттарын 
аша  білу  үшін  алдымен  көңіл  көзін(басират)  ашуы  тиіс.Тәңірге  ұласудың  үш  сатысы  бар: 
біріншісі  -ақиқатқа  ұласу  үшін  дүниеден  ұзақ  болу;  екіншісі  -  жүректі  тазалау;  үшіншісі    - 
Болмыс  пен  Бірлік  (усилат).  Мұрат  –  Тәңір,  онымен  бірлік  құру,  басқасы  маңызды  емес. 
Рухани  еркіндікке  жету  –  хз.  Мұхаммедке  мойынсұну  арқылы  жүзеге  асады.  Олар  үшін  ең 
ү
лкен  қажылық  жасау  –  рухқа  жол  табу  болып  табылады.  Қажылық,  негізінен,  Тәңірдің 
махаббатын  ішінде  оятып,  соған  қарай  (іштегі  махаббатқа)  бар  көңілімен  ұмтылу  болып 
табылады. Бес парыз мақсат емес, ол мұратқа жеткізер құрал болғанда ғана шарт. Өйткені, 
шынайы  құлдық  етушілердің  құбыласы  даналық  (хикмет)  пен  махаббат  (ғашықтық)  болуы 
тиіс»  [15,  36].  Осы  орайда  аз  күнгі  тіршілікте  ішкі    жан  дүниенің  таза  болуына  мән  берген  
Мәшһүр Жүсіп оқырманға: 
Қ
ажы барсаң, Ибраһимдей мал-жаннан кеш, 
Бір құдайдан басқаны ойға алма еш! 
Болмаса, малың шашып әуре болма, 
Ү
йде жат, мезгіліңмен тамағыңды іш! [3, 174]  –   
деп  Ибраһим  (ғ.с.)  пайғамбардың  өмірін    мысал  еткен.  Ақынның    Ибраһим  (ғ.с.) 
пайғамбардың Алла жолында өзінің баласы  Смағұлды (ғ.с.) құрбандыққа шалуға ниет еткен 
оқиғасын  мысалға  алғаны  анық.  Мәшһүр  қажылыққа  аттанар  кез-келген  пенденің  
жүрегіндегі иман нұры Ибраһимдей (ғ.с.) кемелдікке келген сәтте ғана қайырлы болатынын 
айтады. Ғылымсыз қылған іс - құр қиналу. Ақын пайымдауында мүмін жүргегіне иман гүлі 
талмай ізденіспен, ғылыммен ғана егіледі. Бұл туралы ол: 
Қажы барып кеп, көргем жоқ оңған кісі, 
Қажы барды-ақ бұзылады өңі-түсі. 
Ғылымсыз қылған ғамал – құр қиналу, 
Наданның бір жындылық қылған ісі [3, 172-173],– 
 деп түйіндейді. Ақын – жыраулар   сырт көз үшін жасалатын жадағай құлшылықтың  адам 
баласына  абырой  әкелмесіне    ерекше  көңіл  бөлген.  Мысалы,    төмендегі  өлең  жолдарында  
Шал ақын: 
 
Мекке менен Медине жолдың ұшы, 
 
Алыс сапар дейді ғой барған кісі. 
 
Ата менен анаңды құрметтесең, 
 
Мекке болып табылар үйдің іші[2, 83], –   
деп қажылықтан  бұрын  жарық дүниеге келуіңе себепші болып, тәрбие берген ата-анаңның 
алдындағы міндеттерді өтеу үлкен сауап екенін ескертеді. Ақын  ата-ананы құрметтеу барша 
мұсылманның қасиетті орны саналатын Мекке мен Мәдинеден артық деп отырған жоқ, бірақ 


188 
 
оларға  деген  сый-құрметің  болмай  қажылық  сапарыңнан  өзіңе  де,  өзгеге  де  пайда  жоқ 
екендігіне назар аударады.  
Дін    исламдағы    бес    парыздың  бірі  –  зекет  беру.  Зекет  –  Құран  Кәрімнің  аят-
сүрелерінде және Мұхаммед(ғ.с)-ның бізге жеткен хадистерінде жиі айтылатын парыздардың 
бірі.  Мысалы,  Тәубе  сүресінің  60-аятында:  «Шын  мәнінде  садақалар  (зекеттер)  Алла 
тарапынан  бір  парыз;  Қолы  тар  пақырларға,  түгі  жоқ  міскіндерге,  оны  жинауға 
белгіліенгендерге,  көңілдері  алынатын  (жаңа  мұсылмандарға)  құлды  азат  етуге, 
борыштыларға,  Алла  жолына  және  жолда  қалғандарға  беріледі.  Алла  әр  нәрсені  білуші, 
хикмет иесі» делінген. 
Сөз  зергерлерінің    өлең-тоғауларында  зекет  парызы  туралы  жан-жақты  баяндалған. 
Мысалы,  Қабан  жырау «Ай, мұсылмандар, жарандар» атты толғауында зекет туралы былай 
толғайды:  
Ай, мұсылмандар, жарандар, 
Малыңнан зекет беріңіз. 
Бірлігін Хақтың біліңіз, 
Хақ жолымен жүріңіз  [16]. 
Алқа  топтың  алдында    салиқалы  сөз  айтып,  парасатты  пайым  жасаған    Өмір  ақын  да  
Алланың адам баласына  жүктеген осы парызын: 
   
 Бір Жаратқан – Алланың 
   
 Құдіретін көресің. 
 
 Малыңнан зекет бермесең, 
    
 Қасыңдағы отырған 
   
 Қарашыңды көрмесең- 
    
 Таңда- Махшар күнінде 
    
 Не деп жауап бересің? [5, 263] –   
деп  тұжырымдаған.  Ақынның  «қарашыңды  көрмесең»  деп  айтып  отырғаны  жоғарыдағы 
аятта баяндалған кедей-кепшіктер мен міскіндер екені белгілі. Мәйекті ойы  бар    мысалды  
Мақыш  ақынның  шығармаларынан  да    табамыз.    Пендені    тура    жолдан      адастырмайтын   
Алла алдындағы  ұлық парыздың  бірін ақын: 
 
Сауабы ғибадаттың болмас деген, 
 
Болмаса егер халалдан киім, тағам. 
 
Зекет беріп сарып қылсын жақсы орынға, 
 
Заты халал малының болған заман [8, 187] –   
деп   жырға қосады. Пәтуәсіз  тірлігінен сақтандырар салиқалы ойды   Шәкәрім қажы айтқан: 
Баста таза жаратты, сен таза бол, 
Ұқсаң, анық айттым ғой бұл – тура жол, 
Мақтан күйлеп, арамнан мал жинасаң, 
Орның – дозақ, сорлы – сен, айтқаным сол!  [17, 41-42]. 
деген  шумағымен    тарқаттық.    Қазақтың    қайырлы  іспен  ғана      көркейерін    көркем  сөзбен 
кестелеп,  шариғатпен    бекіткен    Шәкәрім  қажының  жоғарыдағы  пікірі    пенденің    Иесі  
алдындағы амалдарына арқау болар  ғибратты  түйін.  
Жоғарыда келтірілген мысалдардан ақын-жыраулардың Құран Кәрімнің әр сүресіне, әр 
аятына  тәпсір  жасай  отырып,  өз оқырманына   Алла  аманаттаған  парыздарды  түсіндіргенін, 
оған  ұйытуды  мақсат  еткенін  аңғарамыз.  Терме-толғауларда  айтылған  ойлар    ардақты 
пайғамбарымыз  Мұхаммед(ғ.с)ның  өсиетімен    сабақтаса  отырып  тыңдаушы  жамағатқа 
тұнығы бұзылмай жеткізілген.  
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1 Бес ғасыр жырлайды .1 том. – Алматы:  Жазушы,1989.– 384 б. 
2 Шал ақын. – Алматы: Арыс, 2003. – 200  б. 
3 Көпейұлы М. Шығармалар жинағы. 2 том. – Алматы: Алаш, 2003. – 432 б. 
4 Абай. Қалың елім, қазағым... – Алматы: Атамұра, 2002.- 223 б. 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   164




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау