1 требования к структуре умк дисциплины



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет33/63
Дата28.11.2017
өлшемі5,01 Kb.
#2077
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   63

 
 
93 
3. 
Сыртқы  ортаның  анықталмағандығы  болып  -  ұйымда  бар  ақпараттар  санының,  бiр 
нақты фактор жайында, сондай-ақ осы ақпаратқа сенiмдiлiк функциясы табылады. 
 
Сыртқы орта факторларын талдау кезінде‚ олардың екі типі бӛлінеді; тікелей әсер 
ететін факторлар немесе оларды - жақын орта деп атайды және жанама әсер ететін 
факторлар‚ оларды - жалпы орта деп атайды. 
 
Тікелей әсер ететін факторларға ұйым операцияларына тікелей әсер ететіндер және 
ӛздеріне ұйым операцияларының да тікелей әсерін сезінетіндер жатады. 
 
Тiкелей әсер ету ортасы. 
Ортадағы тiкелей әсер етудiң негiзгi факторлары:  
1) 
Жабдықтаушылар.  Белгiленген  ресурстар  шығымдылығын  қамтамасыз  ететiн,  ұйым 
мен жабдықтаушылар тiзбегiнiң арасындағы тәуелдiлiк; 
а)  материалдарды, энергия, құрал-жабдықтар және жинақтау материалдарын 
жабдықтаушылар, яғни бағасына, мерзiмiне, ырғақтылығына, сапасына және т.б. 
байланысты болады; 
б)  капитал және қаржылық қызметтерді жабдықтаушылар фирманың кӛркеюi мен ӛсуiне 
тек қана жабдықтаушылар мен материалдармен қатар капитал да қажет. Мынадай 
потенциалды инвесторлар бiрнеше: банктер, қарыз беру жӛнiндегi федеральды және 
мекемелер бағдарламасы, акционерлер және жеке тұлғалар; 
в)  еңбек ресурстары. Ұйым тиiмдiлiгi үшiн, яғни қойылған мақсатқа жетумен байланысты, 
мiндеттердi жүзеге асыру үшiн қажеттi мамандар мен квалификацияны жұмыс күшiмен 
қамтамасыз ету. ‖Еңбек ресурстары‖ факторларымен ұйымның кәсіподақтарымен және 
олардың еңбек ақы деңгейіне‚ әлеуметтік қорғау мен еңбек жағдайларына қоятын 
талаптарынан туындайтын сұрақтармен тығыз байланысты. Және бұл ӛзара қарым - 
қатынастар әртүрлі елдерде әр қандай болады. Мысалы; АҚШ-тағы фирма басшылары 
әдетте кәсіподақтармен келіспеушілікте‚ ал Жапонияда керісінше бұндай ұйымдармен 
табысты жұмыс істейді. Қазіргі кезде Ресейде кәсіподақтардың қатаң талаптары Үкімет 
тарапына бағытталып отыр‚ бірақта жекешелендіру процесстерінің дамуына орай олардың 
негізгі кӛңілдері фирмалар және ұйымдар басшыларына тікелей ауысу мүмкіндігін күтуге 
болады. 
2) 
заңдар  және  мемлекеттiк  органдар.  Ұйымдар  тек  федеральды  және  штатты  заңдарды 
ғана  емес,  сонымен  бiрге  мемлекеттiк  реттеу  органдарының  талаптарын  сақтауға 
мiндеттi.  Кез  келген  ұйым  нақты  құқықтық  мәртебеге  ие  және  ол  оның  істі  қалай 
жүргізетіндігін‚  мемлекет  және  жергілікті  басқару  органдары  алдында  қандай 
құқықтарымен  міндеттері  бар  екендігін  анықтайды.  Бізге  белгілі  болғандай  нарықтық 
экономикадағы мемлекет ұйымға ең алдымен салықтық жүйелер‚ мемлекеттік меншік 
және  бюджет  арқылы  жанама  әсер  етсе‚  ал  заң  актілері  арқылы  тікелей  әсер  етеді. 
Осыған орай‚ салықтар кӛмегімен мемлекет экономиканың қажетті бағыттарда дамуын 
басқаруды іске асыра алады. 
3) 
Тұтынушылар  -  менеджменттің  дамуының  қазіргі  маркетингтік  кезеңінде  оның  негізі 
ретінде  қарастырылатын  фактор  тұтынушылар.  Сыртқы  факторлардың  кӛп  түрлілігі 
тұтынушылардан  кӛрініс  табады  және  ол  арқылы  ұйымға‚  оның  мақсаттары  мен 
стратегиясына  әсер  етеді.  Қазіргі  кезде  маңызды  орынды  тек  сұранысқа  ғана  емес‚ 
фирма  имиджіне  де  әсер  ететін‚  тұтынушылардың  әртүрлі  ассоцияциялары  мен 
бірлестіктері алып отыр. 
4) 
Бәсекелестер  -  бұл  сыртқы  фактор,  олардың  әсерi  шексiз  кӛп  жағдайда  тұтынушылар 
емес  бәсекелестер  қандай  тауарды  қандай  бағамен  сатуға  болатындығын  анықтайды. 
Бәсекелестерді  бағаламау  және  нарықтарды  асыра  бағалау  ірі  компаниялардың  ӛзінде 
аса  үлкен  шығындарға  және  кризистерге  әкелуі  мүмкін.  Еңбек    ресурстарына‚ 


 
 
94 
капиталға‚ ғылыми - техникалық жаңалықтарға бәсекелесті күрестердің ӛсіп келетінін 
байқауға болады. Осыған қоса‚ бәсекелестік кей кезде фирмаларда олардың арасында 
әр  түрлі  типтегі  бәсекелестер  арасында  нарықтарды  бӛлуден  кооперацияға  дейінгі 
сияқты келісімдер құруға итермелейді. 
5) 
Меншік иелері.  Ұйымға басты әсерлердің бірін меншік формасымен оның иегерлері  - 
меншік  иелері  кӛрсетеді.  Бұл  фактор‚  басқалар  сияқты  басқалармен‚  яғни  ұйымның 
ішкі ортасымен және сыртқы ортасымен де тығыз байланыста болып отырады. 
Жанама әсер ету ортасы 
1.  Экономикалық  орта.  Экономикалық  жағдай  ресурстар  құнына  және  тауарлар  мен 
қызметтерге  сұранысқа  әсер  кӛрсетедi.  Ол  ең  алдымен  экономика  жағдайы  мен  даму 
деңгейімен сипатталады. Экономика жағдайы ресурстар құнына және тауарлар мен қызметтер 
сұранысына әсер етеді. Инфляция жағдайында фирмалар материалды ресурстардың қорларын 
кӛбейтуге‚  тӛлемдерді  күттіруге‚  оның  ішінде  еңбек  ақыны‚  қарыздарды  жоғарылатуға 
мүдделі.  Экономиканың  тоқырауы  ұйымға  дайын  ӛнiмнiң  қорларын  азайтуға,  жұмыскерлер 
санын  қысқарту  немесе  ӛндiрiстi  кеңейтуден  бас  тартуды  талап  етедi.  Сондай-ақ 
экономикалық жағдайға саяси ортада әсер етіп отырады.  
2.  Саяси  орта.  Мемлекет  экономикасымен  басқару  тәсiлi  және  мақсаттарында  саяси 
мақсаттардың және мiндеттердiң нәтижесi ӛкiмет билiгiндегiлер де бар. Саяси тұрақтылықта 
үлкен мағынаға ие. Парламентпен қабылданатын‚ заңдар саяси жағдайлардың салдары болып 
табылады‚ олар әлеуметтік және мәдени сфераларда сәйкес ағымдармен кӛрінеді.   
3.  Технологиялық орта. Технология бiр мерзiмде ұйымның сыртқы факторы және оның 
iшкi ӛзгермелiсi болып табылады. Сыртқы фактор ретiнде, ол ұйымға әсер ететiн, ғылыми-
техникалық дамыту деңгейiн кӛрсетедi‚ мысалы автоматизация‚ ақпараттандыру және тағы 
басқа облыстарда әрбір ұйым бәсекелестік қабілеттілікті сақтап қалу үшін‚ ғылыми-
техникалық прогрес жетістіктерін қолдануға мәжбүр‚ ӛйткені оның қызметінің тиімділігі 
соған байланысты болады.  
4.  Әлеуметтік-мәдени  орта.  Әлеуметтiк-мәдени  факторлар  тұрғындардың  сұранысын 
қалыптастыруға,  еңбек  қарым-қатынасына,  еңбек  ақы  деңгейiне  және  еңбек  жағдайына  әсер 
етедi.  Осы  факторларға  және  қоғамның  демографиялық  жағдайларыда  жатады.  Ұйымның 
жергілікті  тұрғындармен  қарым-қатынасыда  маңызды  мәнге  ие.  Осыған  байланысты 
әлеуметтік-мәдени  орта  факторы  ретінде  фирманың  және  оның  тауарларымен  қызметтерінің 
имиджін  қалыптастыра  алатын‚  тәуелсіз  бұқаралық  ақпарат  құралдарын  атап  кӛрсетуге 
болады.  
5.  Халықаралық  орта.  Халықаралық  жағдай  әрине  бұл  факторлар  бірінші  кезекте 
халықаралық  нарықтарда  әрекет  ететін  ұйымдарға  тек  қана  жанама  түрде  емес‚  тек  әлемдік 
нарықтарда әрекет ететін ұйымдарға тікелейде әсер етеді.   
Халықаралық бизнеспен басқару ұлттық шекара арқылы ресурстарды, тауарларды, 
қызметтердi және жұмыс күштерiн ауыстырумен байланысты, қызмет сфераларына 
таратылады. 
Халықаралық бизнестiң әртүрлiлiгi. Кәсiпорындар халықаралық нарықтарға әртүрлi 
жолдармен енуi мүмкiн. 
1. 
Экспорт. 
2. 
Лицензиялау. 
3. 
Бiрлескен кәсiпорын. 
4. 
Тiкелей күрделi қаржылар. 
5. 
Кӛп ұлтты корпорациялар. 
Халықаралық орта факторлары. 
1. 
Мәдениет 
2. 
Экономика 
3. 
Заңдылықтар 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   63




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау