61
тәрбие процесін жетілдіру, оқыту мен тәрбиенің бірлігін нығайту, өскелең
ұрпақты оқыту мен еңбекке тәрбиелеудің байланысы, оқу-тәрбие мекемелері
жүйесін орналастыруды, оқу орындарының материалдық базасын жақсарту,
жоғары және орта арнаулы оқу орындарын бітірушілердің теориялық және
кәсіби білім деңгейін арттыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ ғылым мен
техниканың жаңа және перспективалы бағыттары бойынша кадрлар
дайындауды ұлғайту ұсынылды [51, б. 57].
Студенттер
мен
оқушыларды
еңбекке
тәрбиелеу
барлық
оқу
орындарының оқу процесінде, ғылыми жұмыста, өндірістік тәжірибе
барысында, әсіресе студенттік құрылыс жасақтарында жүргізілді. Жыл сайын
студенттер мен орта арнаулы оқу орындарының оқушылары ұжымшар мен
кеңшарларға көмектесіп, егін жинауға қатысты. Мектепте балалар
тұрмыстық сипаттағы кейбір құралдарды жасауға қатыса бастады. Балалар
еңбегі белгілі бір деңгейге қойылған мектептер де бар болатын. Оқушылар
әртүрлі
кооперативтерде,
оқу-өндіріс
комбинаттарындағы
өндіріс
бригадаларында, кәсіпорындарда жұмыс істей алды. Мектеп оқушылары
кәсіпорындармен, кеңшарлармен, ұжымшарлармен, жекелеген меншік
иелерімен шарт жасайтын мысалдар аз болмады. Тек қана мектептер балалар
еңбегі дұрыс ұйымдастырылатындығына, оқушылардың еңбегі олардың кәсібін
өзі таңдауына көмектесетіндігіне назар аударылуы керек болған.
1970-1980 жылдары Қазақстанда дуальді оқыту элементтері жоғары
педагогикалық оқу орны базасында құрылған ғылыми-оқу әдістемелік кешен
(ҒОӘК) аясында көрініс ала бастады. Оның құрамына ЖОО оқытушылары,
студенттер мен мектеп мұғалімдері кірді. Г.А.Уманов Н.Д.Хмель,
А.А.Бейсембаева,
С.А.
Ұ
зақбаева
және
т.б.
оқу-тәрбие
үдерісіне
қатысушылардың іс-әрекет субъектілері ретінде өзара іс-қимылын дұрыс
ұйымдастыру қажеттілігіне назар аударылды. Оқу-тәрбие үдерісі аясында
осындай жұмыстарды өткізу мұғалімдердің, әсіресе жас педагогтардың
ғылыми-зерттеу белсенділігін күшейтуге септігін тигізді [52].
Қазақстанның кәсіби білім беру жүйесіне дуальді оқытудың ендірілуі
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Германия іс-сапарынан кейін қызу қолға алынды.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған Мемлекеттік бағдарламасында дуальді кәсіптік білім беруді
дамытудың маңыздылығы, жаппай кәсіби кадрлар тапшылығын жоятын қазіргі
заманғы қолданбалы біліктілік орталықтарының қажеттілігінің атап өтілуі [53]
дуальді оқытудың орта білімнен кейінгі кәсіптік техникалық білім беруге
ендірілуін тездетті.
Сондай-ақ, Н.Ә.Назарбаевтың мемлекеттің ғылым мен жоғары білімінің
әлемдік үрдістерге сәйкес кіріктірілуі арнасында жетілу қажеттігін көрсеткен
«Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай
жиырма қадам» (10.07.2012 ж.) баяндамасында кәсіби техникалық білім беруге
дуальді оқытуды ендірудің қажеттілігі мен маңыздылығы атап өтілді.
Біріншіден, интеграция барынша айқын көрінеді.Өйткені қазақстандық жоғары
білім беру жүйесі – жоғары білімнің еуропалық кеңістігінің және ТМД елдері
62
кеңістігінің бір бөлігі болғандықтан, жоғары білімнің Орталық Азия аймағын
құру жөніндегі жұмыс ерекше маңызға ие болады [54].
Екіншіден, Қазақстан ресми түрде қатысушысы болған Болон үдерісі
интеграциялық басымдық ретінде әрекет етеді. Болон декларациясы
қазақстандық жоғары білім беру жүйесі үшін өзекті міндеттерді айқын
бейнелейді. Олардың бірі – студенттердің академиялық ұтқырлығын
қамтамасыз ету, олардың оқу орнын, қажетті білім мен қажетті диплом алу
үшін кез келген мемлекетті өзіндік таңдауы.
Үшінші үрдіс, «ғылым – білім – өндіріс» үштаған синтезі.
Төртінші үрдіс – «өмір бойы білім алу», яғни, үздіксіз білім беру жүйесін
дамыту, қашықтықтан және электрондық оқытуға көшу.
Бесінші үрдіс - білім беруге мәдени көзқарас негізінде білім беруді
интернационалдандыру және болашақ көптілді кадрларды даярлау қажеттілігі.
Қазақстанның кәсіптік техникалық білім беру жүйесінің стратегиялық
мақсаты белгіленді: «Кәсіптік техникалық білім беру жүйесін жаңғырту
қоғамның сұранысы мен индустриялық-инновациялық экономиканың дамуын
білім беру аясына шоғырландыру». Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының
«Білім туралы» Заңыңда дуальді жүйенің практикалық бағытын «кооперативтік
оқыту-корпоратив негізінде жауапты мемлекет, білім беру мекемелері мен
жұмыс беруші бірлестігінде мамандардың кәсіби даярлығын ұйымдастыру
формасының бірі» деп атап көрсетілді [55].
Қазақстан Республикасында дуальді оқытуды енгізу бойынша Федеративті
Германия Экономикалық ынтымақтастық және даму министрлігі қолдауымен
«Назарбаев-Меркель бастамасы» келісіміне қол қойылды (2012 ж.)
Еңбек кодексінде Ұлттық біліктілік жүйесіне кәсіби қалыптың
стандартына сәйкес, жұмыскердің біліктілігінің тәуелсіз сертификаттау
салаларының енгізілуі орын алды [56].
Кәсіби білім беруге дуальды оқытуды енгізу барысында ұлттық біліктілік
жүйесі (ҰБЖ) әзірленді. Бұл еңбек нарығындағы мамандардың біліктілігіне
сұраныс пен ұсынысты реттеуге мүмкіндік беретін тетік, сондай-ақ ол білім мен
еңбек нарығы салаларының өзара іс-қимылын қамтамасыздандырады.
«Қазақстан Респуликасының Еңбек кодексіне өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы» 2012 жылы 17 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңымен
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне ұлттық біліктілік жүйесін
қалыптастыру жөнінде Ұлттық біліктілік жүйесі; Ұлттық біліктілік аясы;
Салалық біліктілік аясы; Кәсіби стандарт; Мамандардың кәсіби даярлық
деңгейін бағалаужәне біліктілікке сәйкестігін растау ережелері енгізілді.
Ұлттық біліктілік шеңбер (ҰБШ) - бұл еңбек нарығындағы білікті
тараптардың, білім беру жүйесінің, мамандардың ұлттық біліктілік шеңбері.
Осы құжат қабылданғаннан кейін Қазақстанда мамандардың біліктілігін
растаудың және берудің жаңа жүйесі қалыптастырыла бастады. Қазақстандық
Ұлттық біліктілік шеңберінің ерекшелігі болып оның Ұлттық біліктілік
жүйесінің ажырамас бөлігі болуы, ел ауқымында сегіз деңгей бойынша
Еуропалық біліктілік шеңберіне сәйкес келуі және оқыту нәтижелеріне
Достарыңызбен бөлісу: |