57
негізінде жүргізілді. Бала мектепте әлемдік және отандық өнердің ең үздік
үлгілерімен танысты есебі болды, ал шындығында оның көркемдік талғамы
көркемдік қарым-қатынастар ортасынан алшақта қалыптасты, өнерді үйрену
тәжірибесі жат жұрттықтан «эстетикалық әсерге» толы болды.
ХХ ғасырдың 60-70 жылдарында жоғарыда көрсетілгендей шәкірт
тәрбиелеу тәжірибесінен өткен, білім алған қазіргі өнер шеберлерінің қатары
өсті. Олар негізінен халықтың сәндік-қолданбалы өнері шығармашылығымен
айналысты. Атап айтқанда, ағаш ұқсату, сүйек ұқсату және зергерлік өнер
саласынан А.Мұратов (Ақтөбе облысы), М.Ниязов (Қызыл-Орда), О.Кенебаев
(Қарағанды облысы), Ш.Туғанбаев (Алматы), Д.Шоқпарұлы, Назар Үмітов,
А.Бердиев (Алматы облысы) сынды шеберлер елге танымал болды [40, с.38].
Олар халықтың дәстүрлі қолөнер шығармашылығын сақтап, бүгінгі ұрпаққа
жеткізумен қатар халық дәстүрлерін дамытуға белсене араласты.
Сонымен айтылып өткен жайлар халық қолөнеріндегі шәкірт тәрбиелеу
дәстүрлерінің тасымалдану заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік берді:
- ата-аналардан балаларға;
- үлкендерден балаларға;
- шеберден шәкіртке;
- шеберден шәкірттерге;
- қолөнер мектебі;
- көркемөнер мектебі;
- оқу құралдары арқылы (сырттай оқыту);
- оқу-орындары(эстетикалық циклдағы пәндер).
Қорыта айтқанда қазақ халқының колөнерінде қалыптасқан шәкірт
тәрбиелеу дәстүрлерін зерттеу бізге ХVII-XIX ғасырларда қазақ халқының
балалар мен жастарды қолөнер кәсіпшілігіне үйрету жүйесінде дуальді
оқытудың көрініс алғанын анықтадық (кесте 2).
Кесте 2 - XVII-XIX ғасырларда қазақ қолөнер кәсіпшілігін үйретуде дуальді
оқытудың көрініс алуы
XVII-XIX ғасырларда қазақ қолөнер кәсіпшілігін үйрету жүйесі
Үйрету
түрлері
Үйрету
орны
Үйретушілер Үйрету
әдіс-
тәсілдері
Үйрету
құралдары
1
2
3
4
5
6
7
Үй
ре
ту
өн
дірі
сті
к
үй
ре
ту
ортас
ы
отбасында
үйрету
отбасы
отбасы
мүшелері
әңгімелеу,
көрсету
материалдар,
қажетті заттар
К
өрс
ету
-қ
ай
тала
-
м
аш
ы
қтан
ә
дісте
м
ес
і
шеберге
шәкірттікке
беру
ұстахан,
дүкен
ісмер,
ұста,
зергер,
түсіндіру,
қайталау
құрал-
саймандар
жаппай
үйрету
киіз
үй,
қоныс
орындары
ауыл
ақсақалдары,
үлкендер
әңгімелеу,
жинақтау
табиғи
материал
дар
кәсіпке
баулу
шеберхана
лар
шеберлер,
ұсталар
көрсету,қа
йталау
құрал
жабдықтар
58
2 – кестенің жалғасы
1
2
3
4
5
6
7
қолөнер
мектебі
шеберхана
мектеп,
шеберлер
бақылау,
сұрақ-
жауап,
көресту
оқу құралы
көркемөнер
мектебі
мектеп,
шеберхана
тәжірибелі
шеберлер,
кәсіби білімді
оқытушы-
суретшілер
түсіндіріу,
әңгімелеу,
талдау
оқу құралы
Өз бетімен бір кәсіпке баулиды
Олай дейтін себебіміз, суретте көрсетіліп тұрғандай халық
қолөнерін
үйрету өндірістік ортада (шеберхана, дүкен, ұстахана, отбасылық қоныс
орындарында және т.б.) жүргізілген, білім бере отырып біліктерін
қалыптастырған (көрсет-қайтала-машықтан); белгілі бір кәсіпке баулыған
(зергер, ағаш ұстасы, темір ұстасы, тоқымашы, тігінші және т.б.), кәсіби-
тұлғалық сапаларын дамытқан (өнерге құрмет, кәсіпті сүю, еңбекқорлық және
т.б.), шәкірт тәрбиелеген. Осы айтылып өткендер қазақ қолөнер кәсіпшілігін
үйрету жүйесі дуальді оқытудың бастау көзі болғандығын дәлелдейді.
Соңғы жылдары Қазақстанның кәсіби білім беру жүйесіне дуальді оқыту
арнайы заңдастырылып, ендірілуде. Осы туралы келесі 1.3 параграфында
мазмұндалады.
1.3 Қазақстанның кәсіби білім беру жүйесіне дуальді оқытудың
ендірілу жағдайы
Қазақстанның Ресейге қосылуы жағдайында патшалықтың отарлық және
ағартушылық саясатында орыстан басқа халықтардың құрылуына қатысты
халық ағарту органдарының қызметінде елеулі өзгерістер болды [44, б.48].
Кеңестік одақта шаруашылықтық құқықты алып тастаумен бірге, нарықтық
экономикаға жедел енуі, капитализмнің дамуы үшін жағдайлар мен
алғышарттар пайда болды. Көшпелі мал шаруашылығынан отырықшылыққа,
яғни мал шаруашылығының егіншілікпен бірігуі күшейе түсті. Ал 1896 жылдан
1915 жылға дейінгі кезеңде Қазақстанға негізінен орыс және украин халқын
құрайтын 1,3 миллионнан астам шаруалар қоныс аудара отырып, өлкеде
өндеуші күштердің өсуі және негізінен жергілікті халықтың білімін жетілдіру
қажеттілігі байқалды [45, б. 280].
Ал бұл болса, қазіргі Қазақстан аумағында өнеркәсіпті, сауданы, несие-
банк мекемелерін, темір жол құрылысын және халық шаруашылығының басқа
да салаларын дамыту үшін жағдай және негіз болды.1916 жылға қарай өндірісте
жұмыс істейтін жұмысшылар мен қызметшілердің саны өсіп, 80 мың адамға
дейін, ал тауар өндірушілерінің саны 50 мыңға дейін жеткеніне қарамастан,
өнеркәсіптік кәсіпорындарда техникалық-экономикалық қатынасқа қатысты
қол еңбегі басым, техникамен жарақталу жағы шағын болып қала берді.Орыс
Достарыңызбен бөлісу: |