3 МІНДЕТТЕР
Кафедра меңгерушілері міндетті:
3.1 Кафедраның жалпы жұмысына басшылық жасауға, сонымен қатар кафедра
қызметкерлерінің қызметтік нұсқауларын әзірлеуге.
3.2 Кафедра профессор-оқытушыларының оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие
жұмыстарының кешенді жылдық жоспарын құру, ұйымдастыру және олардың
орындалуын бақылауға.
3.3 Кафедра профессор-оқытушыларының, қызметкерлерінің штат кестесін құру және
бекітуге ұсынуға.
3.4
Кафедра
профессор-оқытушыларының,
қызметкерлерінің
дербес
жұмыс
жоспарларын қарауға, бекітуге және орындалуын қадағалауға.
3.5 Оқу жылында кафедрада оқытылатын пәндер бойынша жүктеме сағаттарын
жоспарлауға және дербес педагогикалық жүктемелерді бөлуге, белгіленген мерзімде
орындалуын бақылауға.
3.6 Еңбек заңдарына сәйкес және университет басшылығы бекіткен тәртіппен кафедра
қызметкерлерін жұмысқа қабылдау, жұмыстан шығару және ауыстыру, марапаттау
немесе жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қолдануға, кадрлар даярлау және
профессор-оқытушылардың біліктілігін арттыру жұмыстарын ұйымдастыруға.
3.7 Білім беру процесін ақпараттандыруды жетілдіру мақсатында университет
әкімшілігіне ұсыныстар беруге.
3.8 Кафедраның инфрақұрылымдық күйін бақылау, жұмыс барысында материалдық
қорды дамыту және нығайту бойынша іс-шаралар өткізуге.
3.9 Кафедра құжаттарының міндетті номенклатураға сай жүргізілуін бақылауға.
3.10 Жыл қорытындысы бойынша нақты мәліметтер негізінде кафедра қызметін толық
талдау және кафедраның жылдық есебін өз мерзімінде әзірлеуді қамтамасыз етуге.
3.11 Кафедра қызметіне қатысты университет ректоры, Факультет деканының
бұйрықтары мен өкімдерін және басқада құжаттарын уақытылы жеткізуге және оларды
қызметкерлердің орындауын қадағалауға.
3.12 Белгіленген тәртіппен монографиялар, оқу-әдістемелік әдебиеттер мен ғылыми
еңбектер жинағын дайындауға жағдай жасауға.
3.13 Кафедра жас мамандары мен ізденушілерінің ғылыми-зерттеу жұмыстар жүргізуіне
ықпал ету.
3.14 Кафедрадағы оқу процесінің жүргізілуін, оқу және кәсіби практикаларының өтілуін
бақылауға.
3.15 Университеттің өзге бөлімдерімен оқу-әдістемелік жұмыстар бойынша өзара
байланыс ұйымдастыруға.
3.16 Студенттердің сабаққа қатысуы мен үлгерімі, оқу сабақтарының ұйымдастырылу
жұмыстары бойынша студенттермен тығыз байланыста болуға.
3.17 Студенттің тұлғалық беделін құрметтеуге.
3.18 Тәлімгерлердің студенттік топпен жұмыс жүргізу барысын қадағалауға.
3.19 Университет кітапханасының оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттермен, кафедраның
көрнекі құралдармен және зертханалық құралдармен қамтамасыздандырылуын
бақылауға.
3.20 Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыздандырылуын жетілдіру шараларын
жүзеге асыруға, оқу процесіне электронды есептеуіш құралдар мен оқытудың
техникалық құралдарын енгізуге.
3.21 Қызметтік ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге.
3.22 Еңбек және орындаушылық тәртібін сақтауға.
3.23 Еңбек Қауіпсіздік-техникалық талаптарын сақтауға.
3.24 Кафедрада моральдық-психологиялық жағдайды тиісті дәрежеде қолдау және
нығайтуға.
3.25 Қызметтік этиканы сақтауға.
4 ҚҰҚЫҒЫ
Кафедра меңгерушілері құқылы:
4.1 Өз қызметіне сәйкес университет басшылығының шешімдерінің жобаларымен
танысуға.
4.2 Кафедра жұмысына қатысты барлық мәжілістерге қатысуға, кафедра атынан
университет кеңестеріне қатысуға.
4.3 Кафедра профессор-оқытушы құрамының дербес жұмыс жоспарларын бекітуге;
жоспарланған жұмыстарының орындалуы бойынша жазбаша есептерді талап етуге.
4.4 Кафедра көмекші қызметкерлерінің орындаған жұмыстары туралы жазбаша
есептерді талап етуге.
4.5 Кафедра қызметкерлеріне кәсіби дайындылығына сай қосымша міндеттер жүктеуге.
4.6 Университет басшылығына белгіленген тәртіппен кафедраның профессор-
оқытушылары мен қызметкерлерінің жұмыстарының нәтижелеріне байланысты
марапаттау немесе жауапкершілікке тарту бойынша ұсыныс беруге.
4.7 Белгіленген тәртіппен халықаралық, республикалық конференцияларға, оқу-
әдістемелік кеңестерге қатысуға.
4.8 Кафедра қызметкерлерінен кафедраішілік жұмыс ережелері мен жұмыс кестесінің
орындалуын талап етуге.
4.9 Белгіленген тәртіппен университет әкімшілігінің өкімдері мен бұйрықтарына шағым
беруге.
5 ЖАУАПКЕРШІЛІК
Кафедра меңгерушілері жауапты:
5.1 Қызметтік міндеттерін орындамағанда.
5.2 Кафедраның жұмысының ұйымдастырылу деңгейі төмен болғанда.
5.3 Қолданыстағы еңбек заңдылықтарына сәйкес өз міндеттері шегіндегі қате іс-
әрекеттері және сапасыз жұмыстары үшін, сондай-ақ әрекетсіздік танытып, тиісті
шешімдер қабылдамай алмаған жағдайда.
5.4 Кафедраның материалды-техникалық базасын өз белгіленген мақсатына сай
қолданбағанда.
5.5 Қызметтік этиканы сақтамағанда.
5.6 Қауіпсіздік-техникалық ережелерін сақтамағанда.
5.7 Қызметтік ақпараттың құпиялылығын сақтамағанда.
5.8 Университет ережедегі және осы қызметтік нұсқаудағы көзделген міндеттерін
орындамағанда.
5.9 Қызмет барысында ҚР “Еңбек Кодексінде”көрсетілген өзінің қызметтік міндеттерін
орындау процесінде жіберілген басқа да келеңсіздіктер үшін.
Қызметтік нұсқаумен таныстым және екінші данасын алдым:
______________________________________________________ «____»______ 20___ ж.
(аты-жөні, қолы)
______________________________________________________ «____»______ 20___ ж.
(аты-жөні, қолы)
______________________________________________________ «____»______ 20___ ж.
(аты-жөні, қолы)
______________________________________________________ «____»______ 20___ ж.
(аты-жөні, қолы)
Достарыңызбен бөлісу: |