134
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ»
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары
16 ақпан 2018ж
ыл
3. Оқушылармен топтық жұмысты ұйымдастыруда теориялық және практикалық
даярлығы;
4. Бірлескен әдістерді қолдану арқылы мәселелерді шешу.
5. Сабақта оқушыға бағытталған пәнге байланысты біліктілікті қалыптастыруды жобалау
қабілеттерін жеткіліксіз меңгеруі сияқты проблемадан туындап, сауаттылық ұғымының нақты
мазмұны дара тұлғаның дамуына қойылатын қоғамдық талаптарға байланысты құбылмалы
сипатқа ие болатын, оқу, жазу біліктіліктерінен бастап адамның әлеуметтік үдерістерге, пәндік
білімдеріне, ептіліктеріне және дағдыларына сүйене отырып, оқу пәндері арқылы
функционалдық сауаттылықты дамыту мақсатында жүзеге асады. Оқушылар қоғамның
толыққанды мүшесі болу үшін қажетті белгілі бір білім мен машықтар жиынтығын қаншалықты
жақсы меңгергенін бағалауды көздейді. Басқаша айтқанда, оқушылардың ересек өмірге
араласуға дайындық дәрежесі бағаланады.
Нәтижелі білім алу үдерісі оқушы өздігінен меңгеріп, таныта білген білім-дағдылары мен
амал, көзқарастарын зейін қойып, зерделей білген білім модельдері аясында ғана жүзеге асады.
Оқыту үдерісі басында оқушылар не біледі, оларда қандай қате ой-түйгендері бар және бұны
қалай түзеткен дұрыс екенін білу үшін арнайы тапсырмалар дайындалады. Сол себепті мен өз
сабақтарымда күнделікті сабақ жоспарын жасауда оқушының өзіндік іс -әрекетіне қолдау
болатын жұмыс түрлерін ұйымдастыруға көңіл бөлемін. Қ.О.Бітібаеваның технологиясы
бойынша курстан алған білімімді сабақ барысында қолданып отырамын. «Ой тастау, ойланту,
ойлау» технологиясы пікірлесу, диологиялық әңгіме, проблема шешу, іздену сияқты өнімді
әдістермен қатар оқушылардың өз бетімен іздену жұмысына негізделеді. 11-сынып оқушыларын
эссе жазуға дайындауда, оқу сауаттылығы бойынша мәтінмен жұмыс жасауға көп көмегі тиді
десем болады. Өтілетін жаңа тақырыпқа алдын ала тапсырма беріп, ой тастаймын, сабақ бойы ол
шешуші рөл атқарып отырады. Үй тапсырмасы, жаңа сабақ, оларды бекіту, қорытындылау
кезеңдерін қарастырып отырамын. Сабақтың әр кезеңдерінде оқушылар «ой тастауда»
белгіленген мақсатқа жету жолдары жүйелі түрде ойландыру; ойлау іс-әрекеттері арқылы
жүзеге асып отырады.
Қанипа апайымыз ой салу — ұстаз тарапынан, ойлану — шәкірт
тарапынан, ойланту – (ойлауы жетіспей жатқан оқушыға түрткі жасап, ойлантуға алып келу)
ұстаз тарапынан, бір шешімге келу – оқушы тарапынан жүзеге асады деп тұжырымдаған екен.
Жас ұрпақтың сауаттылығын қалыптастыратын және дамытатын мектептегі оқу мен
тәрбие болашақ тұлғаның қалыптасуына өзіндік әсер ететіні шындық. Оқушы оқу үдерісіне
белсенді қатысқанда ғана материалды терең меңгеретінін, өзіндік ойын негізге ала отырып, өз
пайымдарын жасауға қабілетті екенін эссе жазу барысында түсіндік. Қ.О.Бітібаеваның «Егіз
өрім» атты педагогикалық эсселер кітабын оқып, оқушыларға оқып беріп, қайран қалдым. Бұл
кітапта ғасырға жуық ұстаздық ұзақ еңбек жолын ой елегінен өткізіп, тәлімі мол терең пікірлерін
шәкірттерімен егіз өре отырып ортаға салған. Осы аталған кітап эссе жазуға көп көмегін тигізді.
Дәлел ретінде, 11 «А» сынып оқушысы Молдағалиева Айымның жазған эссесін ұсынбақшымын.
Достықты қадірлей білейік!
Эссе
«Исатайдан айырылып,
Жалғыздықпен болдым дос»
М.Өтемісұлы
Достық дегеніміз не? Бұл сұраққа жауапты мен түрлі жолдармен іздедім. Өзімнің дос
деп есептейтін адамдармен арадағы қарым-қатынасты байқап, ой түйінінен өткізіп көрдім.
Тарихи оқиғаларда, әртүрлі кітаптарда, сан-алуан кино туындыларда кездесетін достардың
іс-әрекеттерін сараладым. Шын мәнінде, достық адамға ең қажет дүние екен. «Жалғыздық
Аллаға ғана жарасқан » - дейді халық. Бұған қарсы шығатындар – жоқтың қасы. Тіпті ең
тұйық, ешкімді керек етпейтіндей көрінер адамның өзі жүрегінің түпкірінде жақын досы
болғанын қалайды, жалғыздықтан жан-дүниесі күйзеледі. Себебі достық – бұл адамдардың
бірін-бірі қолдауы, біріне-бірі мұқтаж болуы, еш уайымсыз күндерде де, қиын-қыстау
уақыттарда да есесіне ештеңені талап етпей жанынан табылуы. Осындай кереметті кім
керек етпейді?
135
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ»
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары
16 ақпан 2018 жыл
Тарих желісін бақылап, кітаптарды парақтай отырып, менің бір оқиғаға көңілім
ауды. Бұл, менің ойымша, нағыз достықтың оқиғасы. Бұл – Исатай Тайманұлы мен
Махамбет Өтемісұлы оқиғасы. Сонау 19 ғасырда, дәлірек айтсақ 1836-1838 жылдары,
Қазақстан жеріндегі Бөкей ордасында екі азамат, халқы сол заманда бастан кешірген
озбырлыққа көз жұма қарай алмай, көтеріліске шықты. Бұл екі азаматты біріктірген,
сондай батыл іс-әрекетке итермелеген, олардың араларындағы сенімі мен шынайы
достығы. Ал осы ұлы достықтың тууына себеп болған қос жігіттің де бойынан табылған
ортақ қасиет – патриоттық рух, туған жеріне деген сүйіспеншілік. Ия, екі адамның басын
қосатын бір ортақ дүние болуы тиіс. Бір өлеңді ұнату, бір затқа қызығу, бір үйірмеге
қатысу, бір мектепте, сыныпта оқу, тіпті бір қалада, ауылда тұру – осы секілді ұсақ-
түйек құбылыстар достықтың пайда болуына септігін тигізеді.
Мен өз досым жайлы айтатын болсам, досыммен көрші болдым. Ата-анамның дәл
сол көшеде қоныс тапқанына әлі күнге дейін алғыс айтамын. Осының арқасында мен өзіме
ұзақ уақыт демеу болған жанды кездестірдім. Біз біраз нәрселерді бастан өткіздік,
көптеген естеліктерді санамызда, жүрегімізде мөр басқандай етіп сақтап қалдық. Мен
сақтап қалдым. Ол естеліктерді көзімнің қарашығындай қастерлеймін. Олардан қол үзіп
қалсам, өткен өмірім тас қараңғыда өткізген соқыр іспетті болар еді. Достық деген
адамға берілер ең ғажайып сый екен. Досым жанымда жүрген сәттерде қаншалықты
бақытты болғанымды байқамаппын. Ал өмір тосындарға толы болып шықты.
Махамбеттің Истайдан айырылғанындай, мен де 2016 жылдың қыс мезгілінде жан
досымнан, ойымды үн қатпастан ұға қояр тамаша адамнан айырылып қалдым. Ол жол
апатына ұшырап, қыршынынан қиылды. Әлі талай асулардан аса алатын, талай
жетістіктерге жеткізетін, оттай лапылдаған күш, көздеріндегі ұшқын тым ерте сөнді.
Бұл жағдайдан кейінгі сезімімді толығымен сипаттап жазу өте қиын. Бір білерім, сол кезде
қыс мезгілі әдеттегіден суық болды. Өмірімде мүлдем сезбеген ерекше ызғарды денем ғана
емес, жүрегім де сезгендей болды. Көзімнен пар-парлап аққан ыстық жас та бетімді
мұздай қарып жібергендей еді. Досымның мейірімді жүзі әрдайым күннен шашыраған
сәуледей жылу беріп тұратын. Сол жылуға, досыма бір рет болсын қарауға, күн нұрына
шомылып, беттерін тосатын, күн барда тек биікке қарай өсетін күнбағыстай, мұқтаж
болдым. Мен Махамбеттің қайғысын толығымен сол жағдайдан кейін ғана түсіне бастадым,
сірә. Оның асқан шеберлікпен жазған өлеңдерінде, Исатайға арнаған жоқтауларында менің де
қайғым, сезімдерім көрініс тапқандай. Енді ешқашан досымның дауысын, сыңғырлаған әдемі
күлкісін құлағым шала алмайтыны, ешқашан оны бауырыма басып құшақтай алмайтыным
мені ызаландырады. Шарасыздығым жаныма қатты батады. Досыма деген сағыныш
жүрегімді жарып жібередей көрінеді.
Адамзат тіршілігінің мәні - өзгелермен қарым-қатынаста болу. Ал адами жақсы
қасиеттерге негізделген қарым-қатынас – достыққа апарар үлкен қадам. Яғни, мән-мағыналы
өмірдің негізі – достық. Өміріндегі елеулі өзгерістермен, ішіндегі тебіреністермен,
толқулармен бөлісе алатын, шүбәсіз сеніммен иығына басынды төсей алатын досың болмаса,
тірлігіңнің сәні кетеді. Өзіңді өңі бозарып, түр-түсін жоғалтқан, ешбір жанға қажетсіз ескі
киім секілді күй кешесін.
Ойымды түйіндей отырып, айтарым – достықты қадірлей білу керек. Досыңмен
өткізген әр минутты тәңірдің шапағатындай қабылдау қажет. Себебі, шынайы достық –
әлемдегі ешбір байлыққа тең келмес, бағасыз қазына.
Қазақ тілінің грамматикасын терең меңгерген оқушы, қоғамның кез-келген саласында
қиналмай жұмыс істеп, өзінің функционалды сауаттылығын көрсете алады. 6-сынып
оқушыларымен сабақ барысында оқу сауаттылығы бойынша тест жұмыстарын жүргіземін,
мәтінді жас ерекшеліктеріне байланысты етіп аламын. Мысалы, мына тест тапсырмасын алсақ,
Айдостың туфлиі жыртылып қалды.Ертесіне сабаққа киіп баратын туфли табыла
қоймады. Ауылдағылар ауданға себепсіз бара бермейді.Әкесі жыртылған туфлиінің табанын
алып,басқа табаны тозған аяқ киімге тігіп берді. Көзге қораш көрінеді.Оған қарап тұрған әкесі
жоқ.«Тамаша емес пе?»деп қояды.
Достарыңызбен бөлісу: |