42
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ»
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары
16 ақпан 2018ж
ыл
психиканың рөлі және түрлі жағдаяттардағы көріну ерекшеліктері әлі де кеңінен зерттеуді
қажет етеді.
Алайда, стресске төзімділік эмоционалдық тұрақтылықпен қатар төмендегі
интегративті қасиеттермен де түсіндіріледі:
Біріншіден, сыртқы орта мен іс-әрекеттің сыртқы (гигиеналық жағдай, әлеуметтік
орта, т.б.) және ішкі (тұлғалық) факторлардың әсеріне бейімделу деңгейімен сипатталады.
Екіншіден, түрлі жағдайлар барысындағы ағымдық функционалдық күй мен тәртіпті
реттеуші психикалық, физиологиялық және әлеуметтік механизмдер мен іс-әрекет
субъектісінің функционалдық сенімділік деңгейімен анықталады.
Үшіншіден, бұл қасиеттер функционалдық бұзылудың алдын-алу, іс-әрекеттің
тиімділігі мен сенімділігін төмендететін жағымсыз эмоционалдық толғаныстардың алдын-
алуға бағытталған ағза мен психиканың оперативті ішкі қорларын белсендендіретін,
адамның мінез-құлқы мен жұмысқа қабілеттілігімен ерекшеленеді.
Нәтижесінде адамның стресске төзімділігінің көріну ерекшеліктері мен реттеуші
механизмдері келесі сипаттамалармен шарттас болып келеді:
а) мотивация және тәртіптің мақсатқа бағытталуымен;
б) функционалды ресурстар мен олардың белсенділік деңгейлері;
в) тұлғалық сапалар мен когнитивті мүмкіндіктер;
г) эмоционалды-еріктік реактивтілік;
д) жұмысқа қабілеттілік.
Стресске төзімділік қасиеттері оны реттеу мен көрінуінің барлық деңгейлерінде
стресс-факторлардың әсері барысында ағза мен психиканың экстремальды жағдайларда
тұрақты қызмет етуі, резистенттілігі (қарсы тұрушылық) және толеранттылығы (төзімділік),
адамның өмір барысындағы нақты айрықша жағдайларына функционалдық икемделе алуы,
сондай-ақ, стрессорлар әсерінен болған шектен тыс ауытқулардың орнын толтыра алу
қабілетін білдіреді.
Г.Селье стресспен күрестің келесі құрамын ұсынды: салауатты өмір салты;
позитивті ойлау; стрессті фармокологиялық түзету, яғни фитоадаптогендерді қолдану;
белсенді өмірлік бекіту позициясы; ертеңгілік дене шынықтыру. Яғни, стресске төзімділік
психологиялық саулықтың басты сипаты болып табылады [6].
И.В.Дубровина: «Психологиялық саулық тұлғаны толық қамтиды, адам жан
дүниесінің жоғары сатыларымен тығыз байланысты, психикалық саулықтың психологиялық
аспектісі» десе, О.В. Хухлаева: «Психологиялық саулық – психикалық саулықтың
психологиялық аспектілері: адамның жас ерекшелік, әлеуметтік, мәдени рольдерін
адекватты орындау шарты; адамның өмір бойы үздіксіз даму мүмкіндігіне байланысты» деп
көрсетеді.
М.Р. Роговин бойынша адамның стресске төзімділігінің сипаты сыртқы және ішкі
реттелу функцияларының сақталуына негізделеді. Б.С. Братусь тұлғалық – мәнділік немесе
тұлғалық саулық, индивидуалды психологиялық денсаулықтың жоғары деңгейі ретінде –
мәнді талпыныстардың адекватты тәсілін құру қабілеттілігі және психикалық іс-әрекеттің
нейрофизиологиялық ұйымдастырылуының ерекшелігі ретінде психофизиологиялық саулық
деңгейін көрсетеді. Психологиялық әдебиеттер негізінде адамдардағы психологиялық
саулықтың үш деңгейі кездеседі, және бұлар адамның стресске төзімділік көрсеткішін
білдіреді.
Психологиялық денсаулықтың жоғарғы деңгейі – креативтілікке – ортаға тұрақты
бейімделушілігі, стрестік жағдайларды меңгеруге резервті күші бар және шындыққа
белсенді шығармашылық қатынас құру позициясын ұстанатын адамдарды жатқызуға
болады.
Орташа деңгей – бейімделушілікке – социумға толық бейімделген, бірақ біршама
жоғары мазасыздығы бар адамдарды жатқызамыз.
Төменгі деңгей – бұл дезадаптивті. Мұнда ассимиляция және аккомодация
процестерінің тепе-теңдігі бұзылған және ішкі қақтығысты шешуде ассимилятивті немесе
43
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ»
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары
16 ақпан 2018 жыл
аккомодативті құралдарды қолданатын адамдарды жатқызамыз. Ассимилятивті мінез-құлық
стилі ең алдымен адамның сыртқы жағдайға өз тілектеріне және мүмкіндіктеріне зиян
келтірумен сипатталады. Қоршағандардың тілектеріне толығымен сәйкестенуге тырысады.
Аккомативті – мінез-құлық стилі керісінше, қоршағандарды өз қажеттіліктеріне бағындырғысы
келеді.
Зерттеушілер алғаш стрестің субъективті факторларын субъекттің индивидуалдық
сипаттарынан іздей бастады. Көптеп тараған көзқарастардың пайымдауынша, ер адамдар
экстремалды стрессорларға көбірек әсерленсе, ал әйел адамдар біртекті стрессорларға әсер етеді
деп тұжырымдайды. Көптеген жұмыстар жүйке жүйесіндегі әлсіздік-күштілік, инерттілік-
қозғалғыштық сияқты ерекшеліктерді талдауға арналды. Осы мәселені анықтаудағы зерттеулер
стреске тұрақтылықты қалыптастыру үшін біріншіден байсалды күш пен жүйке жүйесінің
инерттілігі маңызды деп көрсетті.
Кейінірек стресті зерттеушілердің зейіні индивидтік сипаттаулардан адамның
индивидуалды-психологиялық ерекшеліктеріне ауыса түсті. Бұл жеке тұлға ерекшеліктерінің
стрессорларды бағалауы және қабылдауына, сонымен қатар адамдардың экстремалдық
әсерлерге реакциясының тууына себепті болуымен байланысты. Стреске тұрақтылыққа әсер
ететін индивидуалдық ерекшеліктердің ішінен эмоционалдық сфераға байланысты бірнеше
сапаларды бөліп көрсетеді, соның ішінен ерекше көңілді ашуланшақтық және үрейлену сияқты
қасиеттерге бөледі. Бұл екеуі де төмен стреске тұрақтылықты анықтайды. Мұндағы жеке
тұлғалық үрейленушілік стрестік жағдайларды жоғары деңгейлі адекватсыз бағалаумен ұштасса
(аса экстремалды, қауіпті болуы), ал жеке тұлғалық ашуланшақтық – қолайсыз құлықтық
реакциялар және стратегиялық құралдармен байланысты.
Стреске тұрақтылыққа когнитивті сипаттағы индивидуалдық ерекшеліктен біріншіден
интеллект деңгейі және танымдық стильдер, сонымен қатар кәсіби тәжірибесі әсер етеді. Олар
стрессорды когнитивті бағалаумен және стрестік жағдайға бейімделу тәсілін таңдаумен
байланысты.
Стреске бейімделуге бақылау локусы мен өзіндік бағалаудың да әсері маңызды. Ішкі
бақылау локусына және жоғары өзіндік бағаға ие қызметкерлер өздерінің жағымсыз
жағдайларға бейімделу мүмкіндіктерін тиімді бағалайды. Жұмысшылардың стрестік жағдайға
бейімделу қабілетінің маңыздылығын ескере отырып, зерттеушілер (А.А.Рукавишников) жеке
тұлғаның ерекше интегративті сипаттамасы – стреске тұрақтылығын айырып көрсетті. Стреске
тұрақтылық бұл – стресс-факторлардың әсеріне ағза мен психика функциясының тұрақтылығы,
олардың экстремалдық әсерлерге резистенттілігі (қарсы тұра білушілік) және толеранттығы
(төзімділігі), адамның нақты экстремалдық жағдайдағы өмір және еңбекке функционалдық
бейімделуі, стрессорлардың әсер етуімен болған шамадан тыс функционалдық бұзылыстардың
орнын баса білу қабілеттілігі [7].
Өмірді сақтап қалу - әркімнің өзіне, психологиялық күйіне, психологиялық саулығына
байланысты. Өзін-өзі сыйлау және ұстай білу күнделікті іс әрекетіне қарсы тұра білу, қабілетін
күшейтеді. Психологиялық саулығын қалыпты ұстайды. Күйзеліс болмау үшін адам нағыз
қажетті іспен айналысуы керек. Салауатты өмір сүру салтын сақтау, мұңаймау, жағымсыз
жерлерден бойды алыс ұстау арқылы жеңудің жолдарын іздеу керек.
Адам денсаулығының деңгейі оның мәдениетіне тікелей байланысты. Адам бойында
денсаулықты сақтауға деген тұрақты мотивация, ұмтылыс, мақсат болуы керек. Адам өзінің
генетикалық, физиологиялық, психологиялық мүмкіндіктерін білуі, өз ағзасының резервті
мүмкіндіктерін дұрыс бағалап, оны рационалды білуі тиіс. Сонда ғана адамның стресске
төзімділігі айқындала түседі. Белсенді өмір сүретін ағза стрестік тітіркендіргіштердің әсеріне
ұшырамайды.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Ананьев В.А. Практикум по психологии здоровья [Текст]: методическое пособие по
первичной специфической и неспецифической профилактике / В.А. Ананьев. – СПб.: Речь, 2007.
– 320 с.
Достарыңызбен бөлісу: |