5
1. Кіріспе
1.1. Баяндама мақсаты
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» екінші ұлттық баяндамасы басылуда.
Алдыңғысы 2017 жылы шығарылды. Екі баяндаманы да мемлекеттік ведомство өкілдері
әзірледі, сәйкесінше аталмыш құжатта еліміздегі сыбайлас жемқорлық мәселесі, олардың
салдарын жоюға қатысты қалыптасқан көзқарас мемлекеттік мекемелерге тиесілі. Мұндай
тәсіл мемлекет пен бизнестің көзқарасы тұрғысынан негізді әрі қисынды болғанымен, осы
салаға тән барлық ой-пікірді бейнелей алмады.
Назарыңызға ұсынылған баяндамада сыбайлас жемқорлық жағдайын азаматтардың,
сарапшылардың және үкіметтік емес ұйымдардың көзқарасымен беруге баса ден қойдық.
Бұл зерттеу еңбегі ұлттық баяндаманы жоққа шығарудан аулақ. Бар болғаны, ұлттық
құжатты толықтыруға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ісі бойынша ой-
пікір айтып, талап-тілектерін ұсынуды мақсат тұтты.
1.2. Баяндама міндеті
Баяндама міндеттеріне:
1. Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің бүгінгі жай-күйі жөнінде
баяндау;
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің қоғам мен сарапшылар үшін аса маңызды
аспектілерін талдау;
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ұсыныстар әзірлеу жұмыстары
кіреді.
1.3. Зерттеу барысындағы кедергілер
Баяндама даярлау барысында авторларда жұмыстың мазмұнына кері әсер ететін белгілі
бір кедергілер болғанын түсіну қажет. Атап айтсақ:
1. Тек ашық ақпаратты қолдану;
2. Баяндама көлемі шектеулі болғандықтан, кей тақырыптарды аз қамтуға тура келсе,
кейбіреуі жайында тіптен айтылған жоқ;
3. Баяндама өзіне шындықтың түбіне жету, яки барлық ақпаратты түгелдей дерлік
қамту міндетін жүктемейді. Аталмыш еңбекте бірқатар автордың ой-пікірі
топтасты, демек, субъективті ұстанымның ұстыны бар.
4. Баяндама Қазақстан заңнамасы мен еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
іс-қимылынан бейхабар аудиторияға арналған. Сол себепті де, осы еңбекте
сарапшы мамандарға етене таныс, дейтұрғанмен тұрғындардың басым бөлігіне
байтаныс тақырыптарды түсінікті тілмен ұсынуға тырыстық.
6
2. Түйіндеме
2015 жылдан бері елімізде мемлекеттік басқарудың бүкіл жүйесіне айтарлықтай әсер
ететін, жемқорлыққа қарсы іс-қимылды алдын алудың басымдығын көрсететін сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа кезеңі жүруде. 2025 жылға дейінгі сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес туралы жаңа заң және арнайы мемлекеттік бағдарлама жұмыс
істейді. Сондай-ақ, азаматтық қоғам, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдар
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үдерісіне белсене қатысуды. Осы орайда, Қазақстан
БҰҰ, ЭЫДҰ және басқа да ұйымдармен бірлесіп, жемқорлыққа қарсы күресуге
бағытталған іс-шараларын белсенді түрде жүзеге асыруда.
Баяндамада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің бүгінгі және болашақтағы атамыш
аспектілері сипатталған. Қазақстандағы азаматтық қоғамның сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күресінің тиімділігі, сондай-ақ, осы мәселе бойынша халықаралық ұйымдардың
көзқарасы көрсетілген. Сыбайлас жемқорлыққа тап болған азаматтардың құқықтары мен
қоғамдағы проблемаларына ерекше назар аударылған.
Баяндаманы қорытындылай келе, мынадай тұжырымға келдік:
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – шын мәнінде баса маңыз берілуге тиісті
жалпымемлекеттік мәселе және мемлекет осы жемқорлықтың деңгейін төмендету
мақсатында барлық күшін жұмылдыруда. Бір жағынан, жемқорлыққа қарсы
күресуді, оның алдын алуға мүдделі болуды халықаралық стандарт міндеттеп тұр,
өйткені мұнда шетелдік инвестицияларды тікелей тартуға ұмтылыс бар десек, енді
бір қырынан қарағанда, осы арқылы мемлекеттік басқару процесін жетілдіруге
өзіміз де ынталы болып отырмыз.
2. Айта кетейік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуде мемлекет біртұтас күш
ретінде әрекет етпейді және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ұстанатын прогрессивті саясатына ішкі
қарсылығы бар. Осы саланы реттеуге қажет әрі тиімді шешіммен қатар, керісінше
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске кері әсерін тигізетін шешімдер де
қабылданады.
3. Билік тармақтарының теңгерімсіздігі, нақтырақ айтсақ, атқарушы билік
тармағының заң шығарушы биліктен басым болуы – саладағы түйткілді мәселе.
Бұл жасырын корпоративтік немесе салалық лоббизмнің нәтижесіне кері әсерін
тигізіп, тұтастай қоғамға қауіпті болуы бек мүмкін.
4. Дейтұрғанмен, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресінде қоғамның да,
азаматтың да қатысуына сұраным, формалар мен құралдары бар. Бұл мәселеде
өзара іс-қимылдың көптеген табысты мысалдары бар. Сонымен бірге, азаматтар
мен ҮЕҰ заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу
арқылы жүйелік деңгейде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра алады.
5. Әлеуметтік сауалнама нәтижесі қазақстандық қоғамның сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес ісіне қатысуға бейімі жыл сайын артып отырғанын көрсетті. Алайда,
азаматтар мен мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынастың жаңа құралдарына
сенімсіздігі мен құқықтық сауаттылығының төмен болуынан, олар өз әлеуетін
толықтай жүзеге асыра алмауда.
6. Жалпы алғанда, соңғы екі жылда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ісі және осы
үдеріске қоғамның қатысуы айтарлықтай жетістікке қол жеткізуде.
Достарыңызбен бөлісу: |