165
13. Алдыңғы қ атеге көшу командасы қандай?
14. программаны курсор орналасқан жерге дейін орындау командасы қандай?
15. DOS Shell командасының қызметі?
Глоссарий:
a. IDE–біріктірілген программалау ортасы - программаны жазуға, өңдеуге,
компиляциялауға, құрастыруға (компановка) және жөндеуге (отладка) арналған
құралдар жиынтығынан тұрады.
b. Менюлер жолы – программалау ортасында орындалатын әрекеттерге қатысты
топтастырылған командалар жиынтығы.
c. Қалыпты күй жолы- ортадағы іс-әрекеттерді түсіндіру жолы.
d. Терезенің жүйелік менюі – программалау ортасындағы терезелерді басқару
командаларынан тұрады.
e. Проектілер менеджері - құрылатын проектінінің құрамына енетін файлдарды
анықтайды және проект рекомпиляцияланғанда проект файлында сақталған
информацияны жаңартады.
Әдебиеттер:
[1],[5],[3],[14].
166
ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС №2
Тақырыбы: С/С++ СЫЗЫҚТЫҚ АЛГОРИТМДЕРДІ ПРОГРАММАЛАУ
Мақсаты:С/С++ тіліндегі программаның жалпы құрылымын көрсету және
сызықтық программау элементтерін бекіту;
Енгізу-шығару мүмкіндіктерінің ерекшелігін көрсету.
Қажетті материалдар мен жабдықтар: ДК, С/С++ тілінің IDE ортасы,
лабораториялық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар.
Лабораториялық жұмыстың мазмұны және орындалу реті:
1. С/С ++ тілінде сызықтық алгоритмдерді программалауға қатысты
әдістемелік нұсқау – матриалдарды алдын-ала танысып меңгеру.
2. Ұсынылған мысалды орындау және талқылау.
3. Өзіндік жеке тапсырмалардың оқытушы ұсынған нұсқасын орындау.
4. Лабораториялық жұмыстың есебін (отчет) дайындап тапсыру.
Әдістемелік нұсқау
Программаның құрылымы:
Си/Си++ тіліндегі программалардың жалпы құрылымы:
Препроцессор_директивалары
1_функциясының_анықталуы
2_функциясының_анықталуы
...........
N_функциясының_анықталуы
Функциялардың ішінде міндетті түрде main атты негізгі функция болуы қажет.
Қарапайым программа тек негізгі функциядан тұрады және оның құрылымы
мынадай:
Препроцессор_директивалары
void main()
{объектілердің_анықтамалары;
орындалатын_операторлар;
}
167
void сөзі main негізгі функциясының ешқандай мән қайтармайтынын
білдіреді, ал бос жақшалар оның аргументтерінің жоқтығын көрсетеді.
Функцияның тақырыбынан кейін, фигуралық жақшалардың ішінде функцияның
денесі орналасқан.
Нүктелі үтірмен аяқталған кез-келген өрнек компиляторда жеке оператор
ретінде қабылданады. Программадағы
i++
конструкциясы да оператор болып табылады. Оны оператор-өрнек деп атайды.
Егер өрнектің есептелуі меншіктеумен аяқталса, онда оны меншіктеу операторы
деп атауға болады.
Экранға мәліметтерді форматтап шығару. printf() функциясын шақыру
операторы келесі құрылымға ие:
printf(формат түріндегі жол, аргументтер_тізімі);
Форматты жол екі тырнақшамен шектелген (яғни, тексттік константа болып
табылады) және өзінің құрамына кез-келген текстті, басқару символдарын және
формат спецификаторларын қамти алады. Аргументтер тізімі келтірілмеуі
мүмкін немесе мәндері экранға шығарылатын өрнектерден тұра алады. Мысалы,
printf("\na="); операторы("a=")текстін және (\n) басқару символын қамтиды. Текст
жазылған түрінде экранға шығарылады. Басқарушы символдар шығарылатын
белгілердің экранда орналасуына әсер етеді. Басқарушы символдардың белгісі
ретінде \ беріледі. Төменде олардың тізімі келтірілген:
\n – жаңа жолға көшіру;
\t – горизонталды табуляция;
\r – курсорды жаңа жолдың басына қайтару;
\a – қоңырау дыбысы;
\b – бір сивол кері қайтару (бір позиция);
\f – жаңа параққа көшу;
\v - вертикалды табуляция.
printf("\nүшбұрыш ауданы=%f",s); операторын қарастырайық. Аргументтер тізімі
бір s айнымалысынан тұрады. Оның мәні экранға шығарылады. %f символдар
жұбы шығарылатын s айнымалысының мән форматының спецификациясы болып
табылады. % - формат белгісі, ал f әрпі шығарылатын санның нақты типті екенін
көрсетеді.
Формат спецификаторы шығарылатын өлшембірліктің сырт көрінісінің
түрін анықтайды. Кейбір формат спецификаторларын келтірейік:
%c – символ;
%s – жол;
%d – бүтін ондық сан (типі int);
%u – белгісі жоқ бүтін ондық сан (типі unsigned);
%f – бекітілген нүкте түріндегі нақты сандар;
%e – қалқымалы нүкте түріндегі нақты сандар (мантиссамен, ретпен берілген)
Мысалы, келесі операторлардың орындалуынан кейін
float m, p;
168
int k;
m=84.3; k=-12; p=32.15;
printf("\nm=%f\tk=%d\tp=%e", m, k, p);
экранға мына жол шығады:
m=84.299999
k=-12
p=3.21500e+01
Формат спецификаторына сандық параметрлер қосыла алады: жолдың ені
мен дәлдігі. Ені - өлшемге экранда берілетін позициялар саны, ал дәлдік – бөлшек
бөлігіне берілетін позициялар саны (нүктеден кейін). Параметрлер % пен формат
символының арасында жазылады және бір бірінен нүкте арқылы ажыратылады.
Мысалы,
printf("\nm=%5,2 ", m); нәтижесінде экранға
m=84.30 шығады.
Көрсетілген жолдың еніне шығарылатын мән симай қалған жағдайда да,
өлшем толық шығарылады.
Формат спецификаторларына келесі түрдегі модификаторлар да қосылуы
мүмкін:
%ld – long int шығару;
%hu – short unsigned шығару;
%lf – long double шығару.
Клавиатурадан форматты түрде енгізу. scanf()функциясын шақыру
операторы келесі құрылымға ие:
scanf(формат түріндегі жол, аргументтер_тізімі);
Бұл функция клавиатурадан енгізілген символдардың оқылуын қамтамасыз
етеді. scanf()функциясында формат жолы мен аргументтер тізімі міндетті түрде
болуы қажет. Келесі операторды қарастырайық:
scanf("%f",&a);
Мұндағы "%f" - формат жолы, &a – енізілетін мәндерге сәйкес аргументтер
тізімі. Бұл оператор a айнымалысына сандық мәннің енгізілуін қамтамасыз етеді.
Клавиатурадан енгізілетін және scanf()функциясыменен қабылданатын
символдық тізбекті кіріс ағымы деп атайды. Аргументтер тізімі – енгізілетін
айнымалылар және әр айнымалының алдына & белгісі қойылады.
Формат жолы тырнақшаға алынады және спецификациялар тізімінен
тұрады. Әр спецификация % белгісінен басталады, одан кейін
*жолдың_ені
модификатор
спецификатор
тұруы мүмкін. Соның ішінде спецификатор міндетті элемент болып табылады. *
белгісі кіріс ағымында белгілі бір символдар санын жіберуге мүмкіндік береді.
Әртүрлі мәндерді енгізу ағымында ажыратушы ретінде пробелдердің,
табуляция белгісінің кез-келген саны бола алады. Тек Enter’ді басқаннан кейін
ғана енгізілген мәндер сәйкес айнымалыларға меншіктеледі.
Мысалы, 5 3.2 2.4
Си++ тіліндегі ағымдық енгізу-шығару. Си++ тілінде программа құру
барысында, stdio.h тақырыптық файлының көмегімен қосылатын Си стандарт
кітапханасының енгізу-шығару құрылғыларын пайдалануға болады, бірақ Си++
Достарыңызбен бөлісу: |