159
Терезенің жүйелік менюі:
ALT – пробел пернелер комбинациясын басу арқылы терезенің сол жақ жоғарғы
бұрышында орналасқан жүйелік меню ашылады. Мұнда төмендегідей
командалар орналасқан:
About - бұл команда таңдалғанда диалогты блок ашылады, мұнда TURBO
C++ версиясы туралы және авторлық құқығы жайында информация беріледі. Бұл
терезе ESC немесе ENTER пернелерін басу арқылы жабылады.
Clear Desktop - командасы арқылы ашық терезелердің бәрі жабылып,
тізімдегі барлық анықтама өшіріледі. Жаңа проект құру барысында қолданған
тиімді.
Repaint Desktop - экрандағы бейнені регенерациялауды жүзеге асырады.
Transfer ішкі менюінің элементтері:
Options/Transfer командасының көмегімен шақырылып ашылған диалогты
терезеден анықталып, орнатылған барлық прграммалардың аттары көрсетіледі.
Қажет программаның атын жүйелік менюден таңдап жүктеу керек.
File(ALT F) менюі терезелерге программаларды ашуға, енгізуге және өңдеп
сақтауға, сонымен қатар файлдарға әрекет қолдануға және DOS операциялық
жүйесі ортасына уақытша көшіп жұмыс жасауға, TURBO C++ ортасының
жұмысын аяқтауға мүмкіндік береді.
FILE\OPEN командасын таңдағанда диалогта блок ашылады да, мұнда ашылатын
файл көрсетіледі.
Ашу үшін мынадай әрекеттің бірі орындалады:
1) Файлдың толық атын көрсетіп, REPLACE немесе OPEN түймесінің бірін
басу керек.
Open түймесі басылса, онда файл Edit редакторының жаңа терезесінде
ашылады, ал Replace түймесін басу үшін екпінді терезе болуы тиіс және
нәтижесінде таңдалған файл сол терезедегі программа орынына ашылады.
2) Файл аттарын метасимволдармен беру. Бұл жағдайда файлдар тізімін
спецификациясына байланысты елеп алуға болады.
Бұған дейін енгізілген файлдар спецификациясы тізімінен таңдау үшін ? таңбасын
қолдану керек.
3) Басқа файлдар мазмұнын қарауға болады, ол үшін файлдар тізімінен басқа
каталог атын таңдау қажет.
Енгізу блогында файл атын нақты немесе шаблондар арқылы енгізуге болады,
нәтижесінде файл бар болса ашады, әйтпесе сол атпен жаңа файл құрады. Курсор
160
енгізу блогында тұрған сәтте ? пернесі басылса, онда бұған дейін қолданылған
сегіз файлдың тізімі беріледі.
File\ New командасы NONAMExx. С (хх дегеніміз 00 -ден 99-ға дейінгі сан).
NONAME атауымен аталған файл редакциялауға арналған уақытша буфер болып
табылады, файлды сақтарда файлға нақты атау беріледі.
File\ Save командасы редактордың екпінді терезесіндегі файлды дискіге
жазады. Егер нақты атауы болмаса (NONAMEOO.Cжәне т.с.с.) TurboC++ Save
Editor File диалогты блогын ашады да, сол блокта атауы мен сақталатын орыны
көрсетілуі тиіс.
File\Save As... екпінді терезедегі файлды басқа атпен сақтауға мүмкіндік
береді.
File\Change Dir жұмысшы каталогты өзгерту, яғни атауы мен жолын көрсетуге
мүмкіндік береді. Жұмысшы каталог дегеніміз - Turbo C++ файлды сақтағанда
немесе іздегенде қарайтын каталогы.
File\Print Turbo C++ - дегі екпінді терезенің мазмұнын баспаға шығарады.
Текстің тек белгіленген бөлігін Ctrl-K P пернелер комбинациясын басу арқылы
баспаға шығаруға болады.
File\Get Info командасы ағымдағы каталог туралы информация блогынан тұрады.
Get Info блогының мәндері кестесі:
МӘНІ МАҒЫНАСЫ
Current directory - Каталогтың қалыпты аты
Current file - Екпінді терезедегі файл аты
Extended memory usage - Turbo C++ -ге бөлінген қосымша жады мөлшері
Expanded memory usage - Turbo C++ - ге арналған кеңейтілген жады мөлшері
Lines compiled - Компиляцияланған жолдар саны
Total warnings - Жүйенің ескертпе хабарламаларының саны
Totals errors - Генерацияланған қателер саны.
Total time - Программаның соңғы рет орындалған уақыты.
Program loaded - Өңдеу статусы
Program exit - Соңғы аяқалған программадан қайту коды.
Available memory - Қолданылатын жады көлемі DOS (640 К)
Last step time - Өңдеу барысындағы соңғы қадамның орындалған уақыты
File\ DOS Shell Turbo C++ ортасынан уақытша шығып DOS командаларын
орындауға мүміндік береді. Turbo C++ ортасына оралу үшін клавиатурадан EXIT
командасын енгізіп Enter басу керек.
161
Берілген команданы орындау барысында жады мөлшері жетпей қалса, онда
Run\Program Reset (Ctrl-F2) командасының көмегімен өңдеуді тоқтату қажет.
File\Quit командасы Turbo C++ жүйесінен шығып, оны жадыдан өшіріп, басқару
билігін DOS ОЖ-не береді. Егер терезелерде сақталмаған өзгертулер жасалған
болса, оларды сақтау туралы сұранымдар жасалады.
Edit(Alt-E) менюі:
Редактор терезелеріндегі текстке өзгертулер, енгізулер, өшірулер жүргізеді.
Сонымен қатар текстік буфер мазмұнын қарауға да болады. Тексті белгілеу
дегеніміз - оны өзге түске бояу. Ол үшін:
1) Shift пернесін стрелкалармен бірге басу;
2) Ctrl-K B пернелерін қатар басу арқылы белгіленетін текст блогының басын
көрсету, сосын курсорды белгіленетін блок соңына қойып Ctrl-K K басу керек.
3)Жолды белгілеу үшін Ctrl-K L басу қажет.
Фрагмент белгіленген соң ғана Edit менюіндегі командалар қолданылады және
Clipboard буферін пайдаланады.
Restore Line командасы соңғы орындалған команданы кері қайтарады.
Cut (Shift-Del) командасы белгіленген фрагментті құжат текстінен өшіреді де
оны буферге орналастырады.
Copy (Ctrl-Ins) командасы
белгіленген
фрагменттің
көшірмесін
буферге
орналастырады. Оны Paste командасының көмегімен басқа текстке қоюға болады.
Сол секілді Help терезесінен фрагмент алуға болады.
Paste (Shift-Ins) командасы буфердегі тексті жұмысшы терезенің курсоры тұрған
жеріне орналастырады.
Show Clipboard командасы басқа терезелерден көшірілген және өшірілген текст
фрагменттері орналасқан Clipboard терезесін ашады.
Clear (Ctrl-Del) командасы тексттегі белгіленген фрагментті өшіреді.
Search (Alt-S) менюі:
Search менюі тексті іздеу, функцияны сипаттау және файлдағы қате жіберілген
орында іздеу әрекеттерін орындайды.
Search\Find (Ctrl Q F) командасы Find диалогты блогын ашады, мұнда іздеу
үлгілерін және параметрлерін беруге болады.
Replace (Ctrl Q A):
Search Replace командасы текстегі ізделінді фрагментті және оның орынына
қойылуға тиіс фрагментті көрсетуге мүмкіндік беретін диалогты терезені ашады.
Search\Again (Ctrl L) командасы Find немесе Replace командаларының
соңғы әрекетін қайталайды. Мұнда соңғы орнатылған параметрлері қолданылады.
Run (Alt-R)
менюі:
Достарыңызбен бөлісу: |