Тәрбие технологиялары бойынша практика
Педагогика, психолоргия және жеке әдістеме оқытушыларының жетекшілігімен
жүзеге асырылады. Практиканың өтетін орындары: түрлі типті мектептер, мектептен тыс
және басқа да білім мекемелері. Бірінші практика әдіскерлердің жетекшілігімен базалық
мектептердің сынып сағаттары мен тәрбие іс-шараларының кестесіне сәйкес өткізіледі. Топ
бірнеше топшаларлға бөлінеді. Әр студент жеке тапсыра алады. Екінші практика
оқушылардың болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндігін бекіту мақсатымен тұрғылықты
мекен-жайлары бойынша өткізіледі. Практиканың нәтижесі бойынша оқушылар колледжге
практика өткен жерден есеп пен мінездеме ұсыныды. Практика нәтижесі бойынша
оқушыларға қорытынды баға қойылады.
Жазғы практика
Колледждің оқытушылары мен жазғы лагерлер, мектепке дейінгі мекмелер мен
сауықтандыру алаңдарының педагогикалық персоналының жетекшілігімен жүзеге
асырылады. Практиканың базалары қала сыртындағы және қалалық сайықтыру лагерлері
мен алаңдар, мектепке дейінгі мекемелер.
Практика кезінде оқушылар тәрбиешілер, отряд вожатыйлары, түрлі үйірмелер мен
секциялардың жетекшісі немесе спорт ісі жөніндегі нұсқаушылар ретінде жұмыс жасайды.
Өндірістік практика уақытына ақылы лауазымға қабылданған оқушыларға жалпы
еңбек заңнамасы таратылады. Қала сыртындағы лагерлерге практика өтетін оқушылар
лагердің жұмыс тәртібіне сәйкес жұмыс істейді. Кәсмелетке толмағандар мектеп
жанындағы лагерлерде жеке жоспар бойынша тәрбиешілердің көмекшілері ретінде
отрядтың жұмыс жоспарына сәйкес жұмыс істейді.
Практиканттар күнделік жүргізіп отырады, күнделікте олардың балалармен
күнделікті жұмысы көрсетіледі. Практиканың жетекшілігін отряд тәрбиешілері жүзеге
асырады. Практиканың өтілуінің бақылауын директордың ОӨІ жөніндегі орынбасары мен
жалпыбілім пәндерінің ПЦК оқытушылары (педагогика және психология) жүзеге асырады.
Оқытушылар практика ьазаларымен байланыста болады және мүмкіндігінше әр
практикантты 1-3 рет қадағалап отырады.
Практика аяқталғаннан кейін оқытушылармен жетекшілеріне күнделіктері мен
тәрбиешімен жазылып, лагерь бастығымен бекітілген мінездемені ұсынылады. Практика
қорытындысы бойынша оқушыларға дифференцирленген сынақ қойылады.
«Баланың мектептегі алғашқы күндері» ПРАКТИКАСЫ.
«Бастауыш білім беру» және «мектепке дейінгі тәрбие» мамандықтары үшін
қарастырылған.
Практиканың негізгі міндеті психологиялық-педагогикалық негіздерімен және
баланы мектептегі алғашқы күндері оқыту жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктерімен
танысу болып табылады.
Жұмыс оқу жоспарының оқу процессінің кестесіне сәйкес өткізіледі.
Колледждің педагогика, психология және жеке әдістеме оқытушыларының
жетекшілігімен жүзеге асырылады.
Практиканың базалық мекемелері әр түрлі жалпы білім беру мекемелері болып
табылады. Практика өту кезінде топ 5-6 адамнан тұратын бірнеше топшаларға бөлінуі
мүмкін.
Педагогикалық практика кезінде практиканттар күнделік жүргізіп отырады,
күнделікте өздерінің байқаулары және талдауларын, ескертулер мен қорытындыларын
белгілеп отырады.
Практика соңына практиканттар педагогикалық практика күнделігі мен есептерін
тапсырады. Қорытындысы бойынша практиканттың мектептегі жұмыстары, оның күнделік
жүргізгендігі,тапсырманы орындау сапасы бағаланады. Практика қорытындысы бойынша
дифференцирленген сынақ қойылады.
Байқау сабақтар мен жұмыстар
Көбінесе педагогика мен жеке әдістеменің тиісті тарауларын зерделеп болғаннан
кейін өткізіледі. Педагогикалық практиканың тікелей жетекшілігін директордың ОӨІ
жөніндегі орынбасары, педагогиканың, жеке әдістеменің әдіскер-оқытушылары,
мектептердің бастауыш сынып мұғалімдері, музыкалық жетекшілер мен мектепке дейінгі
мекемелердің тәрбиешілері тікелей өз жетекшілігіне алады.
Практиканың базалары: түрлі типті мектептер, мектепке дейінгі мекемелер, білім
басқару органдары.
Оқушылар практиканы үш семестр ішінде бастауыш сыныптарда өтеді. Мектеп
әкімшілігінің келісімімен байқау сабақтарының кестесі құрастырылады, практиканттар
бірнеше пәндер сыныпқа бойынша бекітіледі. Практиканттар мектептің жалпы тәртібі
менжұмыс режиміне бағынуға, практика жетекшісі мен бастауыш сынып мұғалімдерінің
тапсырмаларын орындауға міндетті. Әр практикант практика кезінде практика жоспарын
орындайды және бекітілген кестеге сәйкес аптасына 2 сабақ есебінен практиканың
ұзақтығына байланысты байқау сабақтарын өткізеді. Практиканттар әдіскерлер мен
бастакуыш сынып мұғалімдерінен кеңес алып тұрады, кейін әдіскер және бастауыш сынып
мұғалімімен тексеріліп, бекітілетін жоспар-конспектілер жазады. Байқау және сынақ
сабақтары, пәндер бойынша сабақтан тыс жұмыстарды практикант әдіскер, бастауыш
сынып мұғалімдері және топшаның басқа практиканттарының қатысуымен өткізеді. Байқау
сабағы өткізіліп болғаннан кейін, әдіскер сызба бойынша сабақтың талқылауын
ұйымдастырып, тек қана сабақ емес, сонымен қатар сабақтың талдауын да бағалайды.
Педагогикалық практика кезінде практиканттар күнделік жүргізіп отырады,
күнделікте конспектінің мазмұны, өдерінің байқаулары мен талдаулары, ескертулер мен
қорытындылары, орындаған тапсырмалары мен өткізген сабағының бағасы көрсетіледі.
Практика соңында практиканттармен педагогикалық практика күнделігі мен
есептері ұсынылады. Қорытындысы бойынша практиканттың мектептегі жұмысы,
күнделікті жүргізуі, тапсырманы орындау сапасы бағаланады, сонымен қатар
педагогикалық практиканың қорытындысы талданып, оны жетілдіру жолдары
қарастырылады.
Дипломалды практика
Колледждің педагогика, жеке әдістеме оқытушылары, мектептердің мұғалімдері,
психологтар және басшыларының жетекшілігісмен өткізіледі. Практиканың базалары:
түрлі типті мектептер, білім басқару органдары, мектепке дейінгі мекемелер. Практика
барысында оқушылар мұғалімдердің, тәрбиешілердің, психологтардың, сынып
жетекшілері мен үйірме жетекшілерінің міндеттерін атқарады. Дипломалды практиканың
жоспары әр практикантқа жеке беріледі. Әр практикант практика кезінде күн сайын
мектепте 6 сағаттан кем болмайтын уақыт жұмыс істейді. Практиканттар мектептің жалпы
тәртібі мен жұмыс режимині бағынуға, мұғалімдердің тапсырмаларын орындауға міндетті.
Барлық сабақтар, пәндер бойынша сабақтан тыс жұмыстар, тәрбие шаралары
тәлімгер-педагогтардың қатысуымен өткізіледі.
Педагогикалық практика кезінде практикант күнделік жүргізіп отырады, күнделікте
бар
өткізілген
оқу-тәрбие
жұмыстары
көрсетіледі,
сонымен
қатар
психологиялық-педагогикалық мінездеме жазу үшін сыныптың бір оқушысының
тұлғалығын зерделеу материалдарын жинақтайды.
Колледжге студенттің мінездемесі, есеп беруі, күнделігі мен портфолиосы
ұсынылады. Педагогикалық практика қорытындысы бойынша колледжде тұжырымдама
конференция өткізіліп, практиканттардың пәндер бойынша портфолиолары бағаланады.
4. Әлеуметтік-техникалық бағыттағы кәсіптік практика
Оқу-танысу практикасы
Оқу-танысу практикасы кезінде оқушылар кәсіпорын мен мекеменің ұйымдық
құрылымымен; жұмыс үлгісі және әдістерімен танысады. Басқару органдарының
құзыреттілігімен танысады. Практика базалары: Рудный қаласының кәсіпорындары мен
Достарыңызбен бөлісу: |