21
арнайы сыныптар оқушының қарым-қатынас жасау құралы ретінде сөйлеу тілі
мен есту-көру негізінде ойлау қабілетінің тығыз байланыста қалыптасуда,
өзбетінше өмір сүре алу үшін жалпы білім беру, еңбек және әлеуметтік дайын
болуына олардың психологиялық, физиологиялық дамуындағы ауытқуларды
түзету немесе толықтыруға бағытталған оқу-тәрбие процесін қамтиды.
Естімейтін, естуі нашар және кейін саңырау болып қалған оқушыларды
оқыту визуалды негізде оқу материалы мен басқа да ақпаратты жеткізуді
қамтамасыз ететін техникалық құралдарды, дыбысты күшеутуші аппаратураны
қолданумен іске асырылады.
Сыныптарды толықтыру:
Естімейтіндер үшін – 8 баладан артық емес;
Естуі нашар және кейін саңырау болып қалғандар үшін – 10 баладан
артық емес.
Мектептік білім беру құрлымы:
1) бастауыш білім беру деңгейі (0, 1-4 сыныптар);
2) негізгі орта білім беру деңгейі (5-10 сыныптар);
3) орта білім беру деңгейі (1-12 сыныптар).
Естуі нашар және кейін саңырау болып қалған оқушылар орта білім
немесе кәптік орта білім алу мақсатында кешкі бөлімнің 11 – 12 сыныптарда,
жалпы білім беретін мектептердің бейіндік сыныптарында, кәсіби
колледждерде оқуларын жалғастыра алады.
Есту қабілеті бұзылған оқушыларды оқыту:
1) естімейтін оқушылардың 0 және 1-7 сыныптарда арнайы
бағдарламалар бойынша, 8-ші сыныптан бастап оқушылардың оқу
мүмкіндіктеріне сәйкес бейімделген жалпы білім беретін мектептердің
бағдарлпамасы мен оқулықтарымен;
2) естуі нашар немесе кейін саңырау болып қалған оқушылар 0 және 1-4
сыныптарда арнайы бағдарламамен, 5-ші сыныптан бастап оқушылардың оқу
мүмкіндіктеріне сәйкес бейімделген жалпы білім беретін мектептердің
бағдарлпамасы мен оқулықтарымен іске асырылады.
Естімейтін оқушыларған арналған бастауыш және негізгі орта білім
берудің үлгілік оқу жоспарына түзету курстары енгізілген: заттық-тәжірибиелік
оқыту,айналадағы әлеммен танысу, түзету ритмикасы, есту арқылы
қабылдауды дамытуммен дыбыстауды қалыптастыру, күнделікті-сөйлеу тілі,
ым-ишары тілі. Естуі нашар оқушыларға арналған сыныптарда түзету
ритмикасы, есту арқылы қабылдауды дамытуммен дыбыстауды қалыптастыру
бойынша түзету сабақтары қарастырылған.
Бастауыш сыныпта естімейтін (естуі нашар) оқушыларында қоршаған
болмысты, олардың адамзат қалыптастырған тіл мәдениетін, вербалды қарым-
қатынас жасау тәсілдерін жүйелі саналы түрді түсінуге бағытталған оқу
әрекетәнәң негізі қаланады.
22
Естімейтін (естуі нашар) баланың тұлға ретінде әрі қарай даму жолы,
негізгі мектеп көлемінде бекітілген білімді меңгеру, қоғамда қабылданған
адамгершілік нормалар мен ережелерді, эстетикалық өлшемшарттарды ұғыну –
ойлау қабілетінің сатыланған (түсіну) құрлымының қалыптасу деңгейіне
байланысты, оны ақпаратты ауызша түрінде қабылдау және оны дұрыс
пайдалана алу мүмкіндігі ретінде тілдік құзыреттілік анықтайды.
Естімейтін (естуі нашар) баланы мазмұнды тіл әлеміне кіріктіру тек қана
жалпы қабылданған әдістемеге арнайы тәсілдерді қолдануды талап етеді.
Сақталған және дамымаған психикалық қызметке жан-жақты әсер етуді
біріктіретін тұтас срдопедагогикалық жүйе қажет. Жалпы білім беру және
түзету курстары оқушыларға кешенді психологиялық-педагогикалық әсер етуді
қамтамасыз етеді:
1) сенсорлы-перцептивті әрекетті ынталандыру (есту-көру және естуді
қоса қабылдаудың барлық түрлерін дамыту);
2) қоршаған заттардан түрлі сезімдерді, соның ішінде сан алуан
дыбыстық сезімді түсінуді дамыту;
3) моториканы, нақты нысананы зерттеу тәсілдерін дамыту және олардың
бейнесі мен моделін әзірлеу;
4) дыбысты күшейтетін аппаратураны тұрақты қолдануда кең ауқымды
коммуникативтік тәжірибиеге жағдай туғызу;
5
) әлеуметтік қажеттіліктерді белсендету және жеке, әрі түрлі бірлестікте
жұмыс істей алу біліктерін дамыту;
6) уәжді және түрлі тілдік әрекетті пайдалану тәсілдерін дамыту;
7) әрекетін жоспарлау және болжау дағдыларын дамыту (практикалық
және тілдік);
8) білімдерін безендіру мен қарым-қатынас жасауға қажетті, соның
ішінде терминологиялық сөздік пен базалық лексикалық-грамматикалық
құрлымдарды, жалпы қабылданған тілдік құралдарды пайдалану;
9) танымдық процестерді дамыту және эмоционалды күш-жігерлік
саланы байыту.
Көру қабілеті бұзылған оқушыларға арналған арнайы сыныптар
Көрмейтін, көруі нашар, кейіннен көрмей қалған үшін арнайы
сыныптарда оқу процесінің өзіндік міндеті болып алғашқы ауытқуларда, тірек
саласындағы, кеңістік бағдарлаудағы бұзылуларды толықтыру, елестету және
түсінік жүйесін қалыптастыру, заттық-тәжірибиелік әрекеттің, әлеуметтік
коммуникация дағдыларын дамыту болып табылады.
Сыныптарды толықтыру:
Көрмейтіндер үшін – 8 баладан аспайды;
Көруі нашар, кейіннен көрмей қалған үшін – 12 баладан аспайды.
Көру қабілеті бұзылған оқушыларды оқыту жалпы орта білім беру
көлемінде іске асырылады.Көруі нашар және көрмейтін оқушылардың
мектептік білім беру құрлымы:
1) бастауыш білім беру деңгейі - 0, 1-4 сыныптар;
23
2) негізгі орта білім беру деңгейі – 5-10 сыныптар;
3) орта білім беру деңгейі – 11-12 сыныптар.
Көру нашар оқушылардың дәстүрлі сыныптарға көшуі оқудың кез-келген
кезеңінде мүмкін.
Көрмейтін және көруі нашар оқушыларды оқыту арнайы бағдарламалар
мен оқудың 1 жылға созылуына байланысты оқу материалыныңқайта бөлінген
және өзгертілген жалпы білім беретін мектеп бағдарламаларымен оқытылады.
Көрмейтін оқушылардың оқу процесінде оқытуда Брайльдің тегістік-
нүктелі шрифтімен басылған жаппай жалпы білім беретін мектептің
оқулықтары, оқу құралдары мен әдебиеттері қолданылады.
Көруі нашар оқушыларды оқыту көріп қабылдауға қолжетімді үлкен
шрифтпен басылған және арнайы суреттері үлкейтілген жалпы білім беру
мектептердің оқулықтарымен жүргізіледі.
Көрмейтін, көруі нашар, кейіннен көрмей қалған балаларды оқыту үшін
жұмыстың арнайы әдістері мен формалары, көрнекіліктер, тифлотехника және
т.б. қолданылады.
Көрмейтін, нашар көретін оқушыларған арналған орта білім берудің
үлгілік оқу жоспарына түзету курстары енгізілген: емдік дене шынықтыру
тәрбиесі (ЕДШ), түзету ритмикасы, мимика мен пантомиканы дамыту,
әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау (ӘТБ), кеңістік бағдарлау, қалған көре алу
және көру арқылы қабылдай алу қабілеттерін сақтау,тіл дамуының
кемістіктерін түзету. Тузету курстарының мақсаты көру-бейне арқылы ойлау
қабілетін, сонымен бірге кеңістік бағдарлауды, мимика мен пантомиканы
дамыту, қозғалысты реттеуді және өзін-өзі ұстауды қалыптастыру.
Үлгілік оқу жоспарына жалпы білім беру курстарымен факультативті
сабақтармен бірге түзету курстарын енгізу көру мүмкіндіктерінің қалпын,
танымдық белсенділігін, қызығушылықтарын, жеке тұлғалық ерекшеліктерін
ескере отырып оқушыларды оқытуда жеке тәсілді қамтамасыз етеді.
Тірек және қозғалыс аппараты бұзылған оқушыларға арналған арнайы
сыныптар
Тірек және жүрiп-тұру аппараты бұзылған оқушыларға арналған арнайы
сыныптарда оқу-тәрбие процесі өзіндік мәселелерді шешуге бағыттылған:
жүрiп-тұру қызметін қалпына келтіру, қалыптастыру және дамыту,
оқушылардың психикалық және тілдік кемістіктерін түзету, арнайы
ұйымдастырылған жүрiп-тұру тәртібі мен заттық-тәжірибиелік әрекеттің
негізінде олардың әлеуметтік-еңбектік беймделуі мен қоғамға бірігуі.
Сыныпты толықтыру 12 баладан аспайды.
Тірек және жүрiп-тұру аппараты бұзылған оқушылар үшін білім беру
жалпы орта білім беру көлемінде іске асырылады.
Мектептік білім беру құрлымы:
1) бастауыш білім беру деңгейі - 0, 1-4 сыныптар;
2) негізгі орта білім беру деңгейі – 5-10 сыныптар;
3) орта білім беру деңгейі – 11-12 сыныптар.
Достарыңызбен бөлісу: |