«Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» 71-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция аясындағыстуденттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың «smart nation. Kz» ғылыми марафоны Сәуір, 2018


«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»



жүктеу 10,14 Mb.
Pdf просмотр
бет57/226
Дата04.02.2020
өлшемі10,14 Mb.
#28209
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   226

 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

108 



Жақсыбаева Айнара 

5В050600-Экономика  

Ғылыми жетекшісі: магистр, аға оқытушы Т.Қ. Оспанбек  

 

 

БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН КӨТЕРУ  

 

Аннотация.  В  статье  рассматривается  становление  цифровой  экономики  и  работа,  которая 

ведется  в  Казахстане  в  этом  направлении.  Выделяется  сущность  цифровой  экономики  и  подчеркивается 

важность ее использования. 

Abstract. 

The  article  examines  the  formation  of  the  digital  economy  and  the  work  that  is  being  done  in 

Kazakhstan  in  this  direction.  The  essence  of  the  digital  economy  is  highlighted  and  the  importance  of  its  use  is 

emphasized.

 

 

Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан индустриялды-инновациялық бағдарламаның мақсатын 

орындау  барысында  цифрлық  экономиканы  құруға  ерекше  назар  аударылып,  қажетті  жұмыстар 

атқарылуда.  Цифрлық  экономика    зерттеу  обьектісі  ретінде  шетелдердің  арнайы  әдебиеттерінде 

қарастырылған,  ал  Қазақстанда  бұған  енді  ғана  көңіл  бөлініп,  зерттеулер  жүргізілуде.  Біздің  бұл 

мақаламызда  өзекті  мәселе  болып  табылатын  Қазақстанда  цифрлық  экономиканың  қалыптасуымен 

бірге  бұған  қажетті  халықтың,  әсіресе  жас  мамандардың  цифрлық  сауаттылығын  көтеру 

қарастырылады.  Елде  атқарылып  жатқан  істер  мен  олардың  нәтижелері,  бұған  қатысты 

қорытындылар мен ұсыныстар беріледі 

Төртінші өнеркәсіптік революцияның өмірге әкеліп жатқан өзгерістері көп, оның бірі толық 

автоматтандырылған  цифрлық  өндірістің  құрылып  жатқаны.  Бұндай  өндіріске  негізделген 

экономиканың  болашағы  зор.  Цифрландырылған  экономика  арқылы  өнімділіктің  өсуін  қамтамасыз 

етуге,  олардың  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыруға  болады,  кәсіпкерлік  шаруашылығы  тұрақты  және 

тиімді дамыған, индустриялы ел болуымызға жол ашылады.  

Әлемдік  экономиканы  цифрландыру  үрдісін  әдеттегідей  дамыған  елдер  бастап  отыр.  Бұл 

елдерде  жасанды  интеллекті,  роботтандыруды,  автоматтандыруды,  инфокоммуникациялық 

технологияларды  қолдану  жұмыстары  қарқынды  және  ауқымды  түрде  жүргізіледе.  Қазіргі  таңда 

Қазақстан цифрлық экономикасы енді ғана дамып келе жатқан елдер тобының қатарында. Оның ең 

жақын  көршілері-Туркия,  Аргентина,  Чили  және  Харватия  болып  табылады.  Цифрландыру  деңгейі 

бұларға  қарағанда  жоғарырақ  елдер  кіретін  бастаушы  көшбасшылар  тобы  айтарлықтай 

қызығушылық  танытатындай  болып  табылады  [2].  Цифрлық  экономиканы  қалыптастырудың  негізі 

болып  табылатын  цифрлық  технология    қазір  әлемдік  экономика  дамуының  обьективті  және 

бұлтартпас  үрдіс  ретінде  оның  сансыз  аспектілерін  толтыру  үстінде  және  өнеркәсіп, 

ауылшаруашылық,  көлік,  логистика,  білім  беру,  денсаулық  сақтау,  құрылыс,  тұрғын  үй, 

коммуналдық  шаруашылық сияқты  барлық  салалармен сфераларды  сан  мен  сапа жағынан  дамуына 

орасан зор ықпал көрсетуде. Бүгінгі күні цифрлық технологиялар адамзат өмірінің барлық саласына 

қарқындап  еніп,  оның  ажырамас  бөлігіне  айналуда.  Цифрлық  технологияны  пайдалану  жолында 

елдің  қосымша  үлгілі  автономды  моделін  түзіп,  соның  негізінде  экономиканың  қарқынды  дамуына 

тың серпін беруге елеулі экономикалық нәтижеге қол жеткізуге болады. Сондықтан Қазақстанның 30 

дамыған  елдерге  қосылу  мақсатына  жету  үшін  цифрлық  технологиялардың  дамуы  қазір  бірінші 

кезекте  қойылып  отыр.  Осыған  қатысты  мәселелерді  шешуге  Қазақстанның  мүмкінішілігі  жылдан 

жылға  өсуде.    Елдің  экономикасы  қазіргі  кезде  тұрақты  даму  үстінде.  Бұны  жалпы  ішкі  өнімнің 

өсуімен көрсететін болсақ ресми статистика мәліметтері бойынша 2017 жылы бұл көрсеткіш алдыңғы 

2016 жылмен салыстырғанда 4 пайызға өсті,  өнеркәсіп өндірісі 7 пайызға артты, ал 2018 жылы ЖІӨ 

2017 жылмен салыстырғанда 4,1 пайызға, өнеркәсіп өндіріс 4,1 пайызға, өңдеу саласы да 40 пайызға 

өсті  [2].    Бұл  көрсеткіштердің  өсу  деңгейі  Қазақстанның  экономикасын  цифрландыруға  қажетті 

ресурстар  потенциалын көбейту  мен  бірге  цифрлық  технологияны  кеңінен  пайдалануға жол  ашуда.  

Қазақстанда  қазір  экономиканы  цифрлық  түрлендіруді  көздейтін  цифрлық  экономиканы 

қалыптастыруға  қажетті  жаңа  өндіріс  салалары  мен    салашықтар  пайда  болып  жатыр,  ақпараттық-

коммуникациялық  технологиялар  қолдану  үстінде,  осыған  байланысты  жаңа  қатынастар  жүйесі 

қалыптасуда.  Мысалы,  Қазақстанда  бұрын-  соңды  болып  көрмеген  өнеркәсіп  салалары  мен 

салашықтары  -  3D  принтинг,  онлайн  сауда,  мобильді  банкинг,  сирек  кездесетін  металдар  өндірісі, 




 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

109 



электроника, лазер техникасы, бұнымен бірге жасанды интелект робот, робот-автомобильдер сияқты 

инновациялық өнімдерді шығаратын өндіріс орындары құрылып жатыр.  

Қазақстанда цифрлық экономиканың қалыптасу жағдайында оның барлық салаларында және 

өндіріс орындарында цифрландыру үрдісі байқалуда, бұған қатысушылардың цифрлық сауаттылығы 

міндетті  түрде  қажет.  Бүгінгі  таңда  кәсіпкерлікпен  айналысатындардың  да  цифрлық  дағдылары 

болуы  керек.  Өйткені,  олардың  ақпаратпен  алмасуы,  өз  өнімін  сатуы,  оны  жарнамалау  мен 

тұтынушыларды іздеуі, серіктестермен хат алмасуы Қазақстанда құрыла бастаған цифрлық кеңістікте 

цифрлық  технологияның  құралдарын  пайдалану  арқылы  жүргізіледі. Бұл  бір  жағынан  кәсіпкерлікті 

цифрландыруға оларды ынталандырса, ал екінші жағынан, бизнесті жақсартуға,  шығынды азайтуға, 

еңбек  өнімділігін  арттыруға,  бәсекелестік  қабілетті  көтеруге  мүмкіндік  береді.    Қазіргі  кезде 

халықтың жалпы компьютерлік (цифрлық) сауаттылығының деңгейі 76,2 пайызды құрайды, ал 2022 

жылы  халықтың  цифрлық  сауаттылық  деңгейі  83  пайызға  жету  керек  [5].  Қазақстан  халқы  өзінің 

сауаттылығы  деңгейін  көтере  отырып,  ақпараттық  және  коммуникациялық  технологияларды 

өздерінің  күнделікті  өмірінде  және  жұмысында  пайдалануды  үйренуі  тиіс.  Осы  орайда  ЖОО 

дайындалатын  болашақ  білімді  мамандар  цифрлық  технологияны  және  оны  пайдаланудың  жолын 

жетік  білулері  қажет.  Бүгінгі  күні  цифрлық  технология  негізінде  мамандарды  даярлау  өмір  талабы 

болып отыр. Қазақстанда төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында 10 негізгі міндетті айқындай 

отырып, оның ішінде жетінші міндетті білім беру жүйесіне тоқтап, цифрлық білім беру ресурстарын 

дамыту,  кең  жолақты  Интернетке  қосу  және  білім  ордаларын  видеоқұрылғыларымен  жабдықтау 

жұмыстарын  жалғастыру  керек  деді.  Бұнымен  бірге  білім  беру  бағдарламаларының  негізгі 

басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамытуға тиіс. Сонда 

ғана білім беру деңгейі заман шындығы мен экономика сұраныстарына жауап береді. Бұл мамандар 

қазір  бірден  Қазақстанның  экономикасын  цифрлану  кезеңінде  жұмысқа  кірісіп  кетеді. 

Цифрландырудың  базалық  деңгейі  елдің  экономикасының  барлық  салаларында  бар  деп  айтуға 

болады.  Осыдан  ЖОО  оқу  үрдісін  біртіндеп,  цифрлық  экономиканы  жақсы  білетін,  цифрлық 

технология қолдану жағдайында жұмыс істей алатын мамандарды дайындауға бейімдеу керек. Оқыту 

үрдісінде  бұл  цифрлық  технологияны  қолдану  оқу  бағдарламасын  сапа  жағынан  жаңартады  және  

интерактивті әдістерді бүгінгі таңдағы ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оны әрдайым 

жетілдіріп  отыруға  мүмкіндік  береді.  Сондықтан,  болашақ  мамандарды  дайындауда  қолданылатын 

оқу бағдарламада цифрлық технология өзінің толық корінісін табуы қажет. Бұл студенттердің алатын 

білімдерін тереңдетеді және олардың алған білімін әлемдік стандарттық деңгейге жеткізеді. Цифрлық 

технологияны  оқу  бағдарламасына  енгізген  уақытта  онда  көп  өзгерістер  туындамайды,  әр  бір  пән 

бойынша алатын білімнің теориялық және әдістемелік негізі сақталады. Бұнда цифрлық технология 

оқыту  бағдарламасында  пәнді  игеруді  жеңілдету  және  алған  білімді  тереңдету  құралы  ретінде 

қолданылады. Мысалы, цифрлық технологияны пайдалануда оның құрамдас бөлігі болып табылатын 

ақпараттық 

құралдар, 

телекоммуникациялар 

және 

т.б. 


халыққа 

қызмет 


көрсетін 

инфрақұрылымдардың  көрсеткіштері,  компьютерлік  желілер  арқылы  жүзеге  асатын  электрондық 

іскерлік  операциялар,  электронды  коммерция  экономикадағы  құбылыстар  және  жағдайларды 

түсіндіруде қолданылады.  

Қолданудың  нәтижесінде  болашақ  мамандарда  инновациялық  технологиялар  мен 

интелектуалды  жүйелерді  экономикаға,  оның  салаларына  енгізу  арқылы  өнімділіктің  өсуіне  және 

халықаралық деңгейде бәсекелестіктің артуына, жалпы экономиканың жоғары қарқынымен дамуына 

қатысты білім қалыптасады. Сонымен жаңа тұрғыдан жасалып жатқан бағдарламалар цифрлық білім 

беру технологияларды оқу үрдісіне енгізу жолындағы маңызды бастама, болып табылады.  

 

Әдебиеттер: 

1.  JCT  Facts  and  Figures-The  word  in  2015  [Электронный  ресурс]  http  //www  itu  int/en/ 

ITUD/Statitcs/Pages/facts/default.aspx 

2.  Н.Назарбаев  Қазақстан халқының ХХІV Ассемблеясының сөйлеген сөзінен  [электрондық 

ресурс] (13.09.2017) 

3.  ҚР  статистика  жөніндегі  агенттігінің  статистикалық  жинағы  [электрондық  ресурс],  Ену 

режимі: 

https://www.stat.gov.kz

 14.01.19. 

4.  Егемен Қазақстан газеті, 27 ақпан 2018. 

5.   «Цифрлық 

Қазақстан» 

бағдарламасы 

[электрондық 

ресурс] 

ену 


режимі: 

https://www.mic.gov.kz/sites/default/files/pages/proekt_ukaza_kaz.docx

 28.06.2017. 



жүктеу 10,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   226




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау