«Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» 71-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция аясындағыстуденттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың «smart nation. Kz» ғылыми марафоны Сәуір, 2018


«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»



жүктеу 10,14 Mb.
Pdf просмотр
бет32/226
Дата04.02.2020
өлшемі10,14 Mb.
#28209
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   226

 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

60 



Нурсан Аяулым 

6М011700-Қазақ  тілі мен әдебиеті 

Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.д., проф. Р.Зайкенова 

ҚазМемҚызПУ 



 

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҒҰМЫРБАЯНДЫҚ РОМАНДАР 

 

Аннотация. В этой статье говорится об исторической поэтической сущности написания мемуарных 

произведений. Тема будет посвящена романам А. Абишева «Оставлять позади нехорошо», а также романам 

К.  Чумадилова  «Чудесный  мир»  по  этим  произведений,  изучение  биографии  писателя,  составляющих  основу 

для  сюжета  это  главный  стержень  выявлены.  Статья  систематизируется  в  основном  по  жанровому 

характеру жизненных произведений. 

Annotation. This article deals with the historical poetic essence of writing memoirs. The theme will focus on 

the  novels  of  A.  Abisheva  "to  Leave  behind,  not  good"  and  the  novels  of  K.  Jumadilov  "Wonderful  world"  for  these 

works,  the  study  of  the  biography  of  the  writer,  form  the  basis  for  the  story  is  the  main  core  revealed.  Article 

sistematizarea mainly on genre nature of life works. 

 

Қазақ әдебиетінің тарихындағы  мемуарлық шығармалар – ұлттық тарихтың көркем шежіресі. 

Деректердің  нақтылы  сипатына    негізделген  мемуарлық    шығармалардың  тарихи  поэтикалық  

болмысы  арқылы  адамзат  ұрпақтарының    қарым-қатынастарындағы    адамгершілік-имандылық 

ұлағаты  танылады.  Авторлардың  ғұмырнамалық-өмірбаяндық  деректері  бойынша  жазылған 

мемуарлық  шығармалар  арқылы  ұлт  тарихындағы  тұлғалар  тағылымы,  қоғамдық-әлеуметтік 

оқиғалардың мәні, маңызы айқындалады.  

Мемуарлық туындыда  көркем әдебиеттегідей өмірлік материал көркемдік жинақтауға түседі. 

Кейіпкерге  түп-тұлға  болған  адамдар  мінезі  белгілі  бір  адам  (кейіпкер)  бойына  жинақталуы, 

жинақталып  ірі  образға  айналуы  мүмкін.  Көркем  әдебиет  пен  мемуарлық  әдебиет  арасындағы 

айырмашылық  –  бірінде  автордың  араласуы  белсендірек  те,  екіншісінде  әлсіздеу  болмақ.  Бірінде 

кейіпкерге еркіндік аз беріледі, де екіншісінде еркіндік молдау беріледі. 

Мемуарлық  роман  жазуға  дайындық  жұмыстарын  жүргізудің  жауапты  бір  қыры  автордың 

өмірлік материалдар мен фактілерді шығармасына дұрыс іріктеп ала білуіне байланысты. Адамның 

өмір жолында көрген, білген,естіген оқиғаларының барлығы мемуар жанрына енгізуге жарайды деп 

түсіну  жаңсақтық.  Басқа  адамдар  үшін  елеулі  маңызы  жоқ,  тек  автордың  жеке  өмірінде  ғана  орын 

алған тым ұсақ нәрселер мен тұрмыстық детальдарды тықпалай беру көркемдік талаптар тұрғысынан 

мемуарды ұщпаққа шығара қоймайды. Бұдан шығатын қорытынды – автор өзін қоршаған қоғамдық 

ортамен, оқырманның рухани сұранысымен санасы білуі шарт. 

«Ғұмырнамалық роман жанрында әдебиетте кенже қалған шығармада болған нәрсені бүкпей 

айту – басты шарт» десек, оған кеңестік дәуірде екінің бірі тәуекел ете алған жоқ. Бұл жерде жазушы 

үшін қажетті құрал  – күнделік, хат, құжаттар т.б. және ең бастысы суреткердің зейін-зердесі. Адам 

жанынан  асқан  сүзгі  жоқ.  Қажеттісі  есте  қалады,  қажетсізі,  ұсақ-түйегі  ұмтылады.  Демек,  бұл 

шығарманы естен кетпес сәттердің жиынтығы десе де болады. [1.27б] 

Қазақ  мемуаристикасының  қалыптасу  жайы  бүкіл  әлем  әдебиетінің  озығынан,  орыс 

әдебиетінен  оқу  арқылы  жетіле  түскен.  Ол  ұлттық  әдебиетіміздегі  мемуарлық  дәстүрлердің  негізгі 

жолын  ескере  отырып,  күрделене  жаңарған,  жаңа  мазмұнмен  түлеп,  мәселен  деп  бағытта  түрлене 

көркейген жанр. Орхон-Енисей жазба ескерткіштері назар аудартады. Ескерткіш бойынан биография 

мен  естелік  элементтерінің  ұшқындарын  табамыз.  Бұл  бүгінгі  мемуаристикамыздың,  оның  ішінде 

ғұмырнамалық  форманың  ұлттық  саласы  сонау  көнеден  екенін  еске  алғызады.  Алғашқы  мемуар 

ұшқындарының туу себептері ескерткіш авторларының соңына белгі қалдыру ғана мақсатынан емес 

сияқты.  Тоныкөктің  «Түрік  білгіш  қағанының  еліне  осы  ескерткішті  бағыштаған,  Мен»  –  деуінде 

халыққа  тәрбиесін  мирас  етпегі  де,  үлгі  етіп  ұрандауы  да  жоқ  еместей.  Мүмкін  мұндай  ескерткіш 

қалдыру  сол  кездің  дәстүрі  үшін  аса  маңызды  болған  тәрізді.  Орхон-Енисей  жазбалары  сияқты 

ескерткіштердегі өмірбаян элементтері сол болған адамның өзі туралы айтқандарына жүйеленеді. 

XX  ғасырдың  20-80-жылдары  мен  XXI  ғасырдың  басындағы    әдеби  үдерісте  мемуарлық 

эпикалық шығармалар жазу үрдісі жаңа сипатымен қалыптасып дамыды. Сәкен Сейфуллиннің «Тар 

жол тайғақ кешу», Сәбит Мұқановтың  «Өмір мектебі», Ғабиден Мұстафиннің «Көз көрген», Мәлік 

Ғабдуллиннің  «Менің  майдандас  достарым»,  Бауыржан  Момышұлының  «Ұшқан  ұя»,  Әзілхан 

Нұршайықовтың  «Мен  және  менің  замандастарым»,  Шерхан  Мұртазаның  «Ай  мен  Айша»,  Мұхтар 




 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

61 



Мағауиннің «Мен», Қабдеш Жұмаділовтің «Таңғажайып дүние», Әлжаппар Әбішевтің «Айтпай кетті 

демесін  арттағылар»  т.б.  көрнекті  туындылар  қазақ  әдебиетіндегі    мемуарлық  роман  жазу  дәстүрін 

қалыптастырды.  

Ғылыми  жұмыста  Әлжаппар  Әбішевтің  «Айтпай  кетті  демесін  арттағылар»  және  Қабдеш 

Жұмаділовтің  «Таңғажайып  дүние»  атты  романдары  арқылы  дерекнамалық-тарихнамалық  және 

психологиялық-философиялық  мәселелер  тоғысқан    мемуарлық  романдар  тақырыптық-идеялық, 

жанрлық  тұрғысынан  анықталады.  Екі  автордың  аталмыш  ғұмырнамалық  романдары  бұрын-сонды 

арнайы сөз болмағандықтан бұл бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр. Сонымен 

бірге қазақ әдебиетінің тарихындағы  мемуарлық романдар жүйесін әдеби үдеріс аясында  жүйелеп 

қарастыру жұмыстың жаңашылдығын танытады. 

Мұнда  қазақ  әдебиеті  тарихындағы  ғұмырбаяндық  туындылардағы  тұрмыстық  қарым-

қатынастар  қайшылықтарының  бейнелену  ерекшеліктері  мен  шығармалардағы  халық  тарихы 

деректерінің кейіпкерлер тағдырындағы  мәні анықталады.  Сондай-ақ халық тұрмысындағы ұлттық, 

ата-бабалық  ұстанымды,  тәлім-тәрбие  негіздерін  сақтаушы  тұлғалардың    шығармаларда  бейнелену 

тағылымына  баға  беріліп,  уақыт  пен  кеңістіктегі  деректілік  пен  көркем  шындық  тұтастығындағы 

бейнелілік өрнектерінің эстетикалық маңызымен бағаланады. 

«Ғұмырбаяндық  шығармаларды  танып-білу  үшін  алдымен  сюжеттің  негізін  құрайтын  басты 

өзегін  білуіміз  керек.  Ол  –  қаламгердің  өмірбаяны»  [2.34б].  Мысалы:  Қ.Жұмаділовтің 

«Ғұмырнамалық романды шындықты айтудан қорықпайтындар ғана  жаза болады. Өзінің өмірі таза 

емес адамдар ғұмырнамалық шығарма жазудан қорқады» [3.3б],- деген сөзінде үлкен мән жатқанын 

байқаймыз.  

Өмірбаян дегеніміз  –  жеке  адамның  өмір  жолы  хронологиялық  тәртіпте  қысқаша  жасалған 

ресми құжат. Тәжірибеде өмірбаян үш түрлі болып жазылады. Бірі  – адамның өз өмірі мен қызметі 

туралы  баяндауы.  Өмірбаянның  екінші  түрі  –  мемуарлар,  яғни  акын,  жазушылардың,  өнер,  қоғам 

қайраткерлерінің  өз  өмірін  қоғам  өмірімен  байланыстыра  баяндауы.  Өмірбаянның  үшінші  түрінде 

қоғамға  белгілі  қайраткерлердің  өмірі  мен  шығармашылық,  саяси  қызметтері  өз  тарапынан  емес, 

басқа  біреулер  тарапынан  баяндалады.  Мәселен,  ұлы  жазушылар  мен  ақындар  - Абай 

Құнанбайұлы, Шоқан  Уәлиханов, Қажымұқан  Мұнайтпасов,  Қаныш  Сәтбаев  т.б. өмірі  туралы 

шығармалар  осындай  өмірбаян  түріне  жатады.  Мысалы,  М.Әуезовтің  «Абай  жолы»,  С.Мұқанов - 

«Аққан  жұлдыз».  Өмірбаянның  мұндай  түрі  көркем  шығарманың  әр  түрлі  жанрлары  ыңғайында 

очерктен бастап роман-эпопеяға дейін жазыла береді.

 

 



 Бұл  тұрғыдан  алғанда  біз  бұған  дейінгі  жазылған  іргелі  зерттеулер  мен  тарихи-танымдық 

еңбектерді негізге алдық. Көрнекті қаламгерлердің зерттеу нысанына алынған туындыларға қатысты 

теориялық  қисындар  мен  автордың  өзіндік  тұжырымдары  арқылы  ізденістің  кешенді  болмысы 

танылады. 

Мақала  нысанына  алынған  қаламгерлердің  (Ә.Әбішев,  Қ.Жұмаділов  т.б.)    туындылары  мен  

қазіргі  әдеби  үдеріс  сабақтастығы  басты  назарда  болады.  Ал,  қазіргі  Тәуелсіз  Қазақ  Елінің  жаңа 

тарихында да  мемуарлық туындылар жазу үрдісі арқылы ұрпақтар жалғастығы ұлықтала береді. 

          Қорыта  айтқанда,  Тәуелсіз  Қазақ  Елі  әдебиетіндегі  дерекнамалық-тарихнамалық    шығармалар 

жазу үрдісі жаңа буын ұрпақтарды қалыптастыру, тәрбиелеу мұратына  қызмет етері ақиқат. 

 

Әдебиеттер: 

1.  Ақыш Н.Қазақ мемуарлық романы.-Алматы: Арда, 2010. - 416 б.  

2.  Байтұрсынұлы А. Әдебиет танытқыш: Зерттеу және өлеңдер.-Алматы: Атамұра, 2003.-308 

б. 

3.  Жұмаділов Қ. Таңғажайып дүние. – Алматы: Тамыр, 1999. – 624 б. 



 

 

 

 


жүктеу 10,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   226




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау