«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
301
Тайбек Айгерім
5В010500-Дефектология
3 курс студенті
Ғылыми жетекшісі: дефектология магистрі Ермағамбет Ә.Ы.
ҚазМемҚызПУ
ЗИЯТЫ ЗАҚЫМДАЛҒАН ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ
ҚҰРЫЛЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Аннотация. В данной статье рассматривается вопрос формирования грамматического строя речи у
учащихся 3 класса с нарушением интеллекта.
Abstract.
This article addresses the issue he formation of the grammatical structure of speech in 3 grade
students with intellectual disabilities.
«Қазақстан
республикасының 2011-2020 жылдары білім беру жүйесін дамыту
бағдарламасында» көрсетілгендей ҚР білім беру саясатының құзырлы міндеті – білім беру сапасын
көтеру болып табылады. Басты міндеттердің бірі халықтың барлық сатыдағылары үшін сапалы білім
алудың қолжетімдігін қамтамасыз етуді қарастырады [1, 13б.]. Жалпы білім беретін мектептердің
жаңартылған бағдарлама бойынша оқытуға ауысуына байланысты және бүкіл білім беру жүйесінің
осыған сәйкес қайта құрылуымен арнайы түзету мектептерінде дайындық сыныптар ашылуда. Бірақ
қазақ тілінде оқытатын арнайы кіші мектеп мекемелерінде және бастауыш сыныптарында
бағдарламалық және әдістемелік қамтамасыздандыру жоқтың қасы. Бастауыш сыныптарында сөйлеу
тілін дамыту бойынша қазақ тілінде оқу материалдары өңделіп жасалмаған [2, 78б.].
Осы орайда зияты зақымдалған оқушылардың сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымын
қалыптастыруға ықпал ететін жұмыс түрлерін даярлау және тиімділігін тәжірибе түрінде тексеру
мақсатында зерттеу жүргізілді: анықтау және қалыптастыру.
Зерттеу мақсаты: зияты зақымдалған балалардың сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымын
қалыптастырудың тиімді жолын анықтау, әдістерді қолдану.
Зерттеу міндеттері:
- сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымын қалыптастыру мәселесін педагогикалық және
психологиялық әдебиеттерден талдау;
- зияты зақымдалған 3 сынып оқушыларының сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымының
ерекшелігін анықтау;
- оқушылардың сөйлеу тілі грамматикалық құрылымын қалыптастыратын әдістерді іріктеп,
оларды қолданудың тиімді жолдарын белгілеу.
Зерттеу жұмысының болжамы: Егер зияты зақымдалған оқушылардың сөйлеу тілі
грамматикалық құрылымын қалыптастыруда мнемосызбалар мақсатты түрде кең қолданылса, онда
олардың жалпы сөйлеу тілінің дамуы артып, оқу материалын саналы меңгеруіне едәуір ықпалы тиеді.
Анықтау тәжірибесінің мақсаты - зияты зақымдалған 3 сынып оқушыларының сөйлеу тілі
грамматикалық құрылымының ерекшелігі мен қалпын анықтау. Ол үшін оқушыларға логопедиялық
тексеруде танымал О.Б.Иншакованың (тексеру альбомы негізінде), Қ.Қ.Өмірбекова ұсынған тексеру
әдістемесі негізінде құрастырылған тапсырмалар ұсынылды [3, 62б.].
Оқушылардың жауаптары келесі көрсеткіштер бойынша бағаланды:
1. морфологиялық категорияларды дұрыс қолдану (септік, тәуелдік, көптік жалғауларды
жалғау);
2. синтаксистік категорияларды дұрыс қолдану (сөйлемдегі сөздердің дұрыс ретпенен
орналасуы, мағынаның болуы).
Осы көрсеткіштерге негізделе отырып оқушылардың жауаптарын 3 деңгейге бөліп
қарастырдық: төмен, орташа, жоғары.
Оқушылардың грамматикалық құрылымының даму деңгейлері
1 деңгейде
2 деңгейде
3 деңгейде
60%
40%
-
«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
302
№3 кестедегі мәліметтер оқушылардың сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымының даму
деңгейлері төмен және орташа деңгейлерге сәйкес келгенін көреміз. Сонымен бірге 3 деңгейде
жауаптар кездеспегенін де кестеден байқауға болады.
Қалыптастыру тәжірибесінің мақсаты: сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымын
қалыптастыруға тиімді әдіс-тәсілдерді өңдеп жасау, оның тиімділігін дәлелдеу.
Қалыптастыру тәжірибесінің міндеттері:
1) тіл дамыту, қазақ тілі сабағы кезінде зияты зақымдалған оқушыларды мнемо-сызбалар
арқылы жауап беруге, сөйлем құрауға үйрету;
2) зерттеу барысында берілген жұмыс тәсілдерінің тиімділігін тексеру.
Тіл дамыту сабақтарында оқушылардың сөйлеу тілін дамыту үшін, грамматикалық
құрылымын қалыптастыру үшін мнемо-сызбалар кең қолданылды.
Әр сабақтың басында 10-12 мин шамасында оқушыларға суреттер мен оған сәйкес
мнемосызбалар ұсынылды. Сол мнемосызбаларды қолдана отырып, сурет бойынша сөйлем құрауға
үйрету жұмыстары жүргізілді.
Оқушылардың грамматикалық құрылымының даму деңгейлері
1 деңгейде
2 деңгейде
3 деңгейде
50%
50%
-
№ 6 таблицадан көрініп тұрғандай, оқушылардың жауаптары сандық көрсеткіштері бойынша
өзгерістер азғана болды. Яғни, 2-деңгейде 50% құрады.Дегенмен сапалық тұрғыдан оқушылардың
жауаптары жақсара түсті. Бұл болса қалыптастыру тәжірибесінде қолданған мнемосызбалар оң
ықпал еткенін көрсетеді.
Жүргізілген педагогикалық тәжірибелер нәтижелерін салыстырмалы түрде диаграмма арқылы көре
аламыз.
АНЫҚТАУ және ҚАЛЫПТАСТЫРУ тәжірибелерінің нәтижелерін салыстыру
Анықтау тәжірибесі
Қалыптастыру тәжірибесі
Қорытынды: жүргізілген тәжірибе біздің зерттеу болжамымызды дәлелдеді. Егер зияты
зақымдалған оқушылардың сөйлеу тілі грамматикалық құрылымын қалыптастыруда мнемо-сызбалар
мақсатты түрде кең қолданылса, онда олардың жалпы сөйлеу тілінің дамуы артып, оқу материалын
саналы меңгеруіне едәуір ықпалы тиеді.
Әдебиеттер:
1. Қазақстан республикасы 2011-2020 жылдары білім беруді дамыту бағдарламасы. Астана,
2011.
2. Кемтар оқушыларға әлеуметтік, медициналық, психологиялық түзеу арқылы қолдау
көрсету туралы Қазақстан Республикасының заңы. Астана, 2002 ж.
3. Өмірбекова Қ.Қ. Система работы над сочинениями дисс. канд. Алматы, 1983.
0
10
20
30
40
50
60
төмен деңгей
орташа деңгей
жоғары деңгей
60
%
40%
0
50%
50%