«Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» 71-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция аясындағыстуденттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың «smart nation. Kz» ғылыми марафоны Сәуір, 2018


«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»



жүктеу 10,14 Mb.
Pdf просмотр
бет124/226
Дата04.02.2020
өлшемі10,14 Mb.
#28209
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   226

 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

239 



Педагог  балалармен  бірлесе  отырып,  балалардың  танымдық  қабілеттерін  арттыруға,  ойын 

технологиясын  үйлесімді    қолдануға  мүмкіндік  берді.  Тәжірибелік-эксперимент  барысында  мектеп 

жасына  дейінгі  балалар  танымдық  сұрақтарды  өзбетімен  қою,  іс-әрекетке  ұзақ  және  тұрақты 

қызығушылық  таныту,  іс-әрекетті  өзбетімен  орындау,  өзбетімен  ұзақ  және  орнықты  іс-әрекетпен 

айналысуы т.б. қалыптасуы тексерілді. Соның нәтижесінде біз мотивациялық, эмоционалдық-еріктік 

және  іс-әрекеттік  өлшемдер  бойынша  жоғары,  орташа  және  төмен  деңгейлерді  анықтаудың 

көрсеткіштерін  алдыңғы  бөлімдегі  үлгіге  сәйкес  қарастырған  болатынбыз.  Бұл  жолы  біз  сол 

теориялық  болжамды  практика  жүзінде  дәлелдедік.    Күтілетін  нәтиженің  (болжам)  қорытындымен 

сәйкес келуін бақылау үшін мониторинг әдісін пайдаландық. 

Кесте  1  -  Тәжірибелік-эксперимент  жұмысының  анықтау  және  қалыптастырушы  эксперименттері 

бойынша  эксперименттік  топта  алынған  жоғары  көрсеткіштердің  салыстырмалы  түрде  талдау 

нәтижелері (% есебімен) 

№ 

Белсенділік 



көрсеткіштері 

Анық.эксперименті 

бойынша жоғары 

көрсеткіштер 

Қалып.эксперимент 

бойынша 


жоғары 

көрсеткіштер 

Айырмашылығы

(динамикасы) 

1. 

Танымдық 



процестердің 

даму 


деңгейі:  қабылдау,  ойлау,  есте 

сақтау, зейін, қиял 

 

14% 


 

32% 


 

 

18% 



2. 

ойын,оқу 

қызметіне 

қатысуы: 

жеке  жұмысы,  тапсырмаларды 

топпен орындау ерекшелігі,  

іс-әрекетке  белсенділігі 

 

 



 

35% 


 

 

 



60% 

 

 



 

35% 


3. 

Жеке 


тұлғалық 

ерекшелігі: 

баланың 

әлеуметтену 

бағыты, 

қарым-қатынасы, 

балалармен 

үлкендермен  тұлғааралық  қарым- 

қатынасы 

 

 



32% 

 

 



 

55% 


 

 

 



22% 

 

Кесте 2 – Асық терапиясы арқылы танымдық қабілеттерін дамыту арқылы қалыптасу деңгейлерінің 



эксперимент басы мен соңындағы көрсеткіштері 

 

Кезеңдері  



Балалар белсенділігінің қалыптасу көрсеткіштері (%) 

Эксперименттік топ 16 бала 

Бақылау тобы 16 бала 

Төмен 


орта  

жоғары 


төмен 

орта 


жоғары 

(%)   Б.с 

(%)  

Б.с 


(%)  

Б.с. 


(%)  

Б.с 


(%)  

Б.с 


(%)  

Б.с 


Эксперимент 

тің басында 

39,





33,5 

27,2 



47,3 


32,3 


20,4 


Эксперимент 

тің соңында 

10,


37,1 



52,3 


47,0 


31,7 


21,3 


 

Кестеден көрініп тұрғандай эксперименттік топтарда қалыптасу деңгейі төмен балалардың саны 



39,3%-дан  10,6%-ға  кемісе,  орташа  деңгейдегі  балалар    саны  33,5%-дан  37,1%-ға  өссе,  жоғары 

деңгейге  көтерілген  балалар    саны  27,2%-дан  52,3%-ға    артқанын  көреміз.  Ал  бақылау  топтарында 

көп өзгеріс байқалмайды. 

Қорытындылай келе, біз алдымызға қойған мақсат-міндеттерімізге жеттік. Сол бойынша Мектеп 

жасына  дейінгі  балаларды  асық  терапиясы  арқылы  тәрбиелеудің  теориялық  негіздерін  анықталды. 

Асық терапиясы арқылы балаларды тәрбиелеудің озық тәжірибелері зерделенді. 

Мектепке  дейінгі  білім  беру  үрдісінде  асық  терапиясы    әдістемесінің  тәжірибелік-эксперимент 

арқылы  тиімділігін  тексерілді.  Сонымен  қатар,  асық  терапиясы  арқылы  балаларды  тәрбиелеу  оқу 

үдерісіне  енгізілсе  және  қазақ  тілінде  әдістемелік  нұсқаулықтар  шығарылса  деген  ұсынысымызды 

айтқымыз келеді.  



Әдебиеттер: 

1.  Мемлекет  басшысының  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  атты  мақаласы/ 

http://www.akorda.kz/kz/events/

 - 12 сәуір 2017 

2.  Құрманбаева С.К. Ұлттық ойындардың бүгіні мен келешегі / Қазақстан мектебі. - Алматы, 

2004. 


3.   Атабаев А.С. Ұлттық ойындар -  халық мұрасы  /Ұлт тағылымы. – Алматы, 2006. 


 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

240 



Әуелбек Маригүл 

5В010200-Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі 

3 курс студенті 

Ғылыми жетекшісі п.ғ.д. Аймағамбетова Қ.А. 

ҚазМемҚызПУ 

 

 

 

ДҮНИЕТАНУ ПӘНІН ОҚЫТУДА ОҚЫТУ МЕН ОҚУДАҒЫ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРДІ 

ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

 

 



Аннотация.  В  этой  статье  рассмотрены  научные  и  практические  пути  формирования 

мировоззрения учащихся посредством  применения  новых  подходов  в обучении  и  обучении  познанию 

мира младших школьников 

Abstract.  In this article scientific and practical ways of formation of Outlook of pupils by means of 

application of new approaches in training and training to knowledge of the world of younger school students 

are considered 

 

 



Бастауыш  білім  беру   жүйесінде  әлемдік  жоғары  деңгейге  қол  жеткізген   танымал  оқыту 

әдістемелері  арасында  сындарлы  теориялық  оқытуға   негізделген  тәсіл  кең  тарағаны  бәрімізге 

белгілі. Қазіргі  сындарлы  оқытудың  мақсаты  –оқушылардың  пәнді  терең  түсіну  қабілетін  дамыту, 

алған білімдерін кез келген жағдайда тиімді қолдана білуді көздейді. 

ҚР «Білім туралы» заңында айтылған «Білім беру жүйесінің басым міндеттерінің бірі – жеке 

адамның  шығармашылық,  рухани  және  дене  мүмкіндіктерін  дамыту,  адамгершілік  салауатты  өмір 

салтының  берік  негіздерін  қалыптастыру,  жеке  басының  дамуы  үшін  жағдай  жасау  арқылы 

интеллектісін  дамыту»  деген  сөздерін  басшылыққа  ала  отырып,  бүгінгі  білім  беру  саласының 

алдында  жүйеленіп,  дайындалып  берген  білімді,  дағдыларды  меңгеретін,  қайталайтын  ғана  емес, 

шығармашылық  бағытта  жұмыс  жасай  алатын,  тың  жаңалықтар  ашатын,  біртума  ойлау 

қабілеттерімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.[1,5 б.] 

Тақырыпты  таңдаудағы  мақсатым:білім  алушылардың  шығармашылық  ойлау  әдісін, 

дүниетанымын  қалыптастырып, бір  проблеманың  бірнеше шешімін іздеуді,  өз бетінше ізденуін, өз 

ойымен  өзгелердің  ойын   сыни  қарап,  естігенін,  білгенін  талдап,  салыстырып,  реттеп,  жүйелеп, 

білмегенің өзі зерттеп, дәлелдеп тұжырым  жасауға бағыттау, ойлау қабілетін  жетілдіру өз бетімен 

шығармашылық  ойлауға,  үйретуді  көздеу  болып  отыр.Осы  орайда  біріншіден,оқытуды  жаңаша 

ұйымдастыруды;екіншіден,  оқушылардың   пәнге  деген  қызығушылығын  арттыруды;үшіншіден, 

жүйелі ойлап, қорытынды жасауға, өз ойын дәлелмен жеткізуге  мүмкіндік  жасау міндеттерін қойып 

отырмын. 

Әдетте  оқушылардың  дүниетанымын  қалыптастыру–  бастауыш  мектептен  бастау  алып,  

жоғары  сынып  оқушылары  мен  жоғары  оқу  орнындағы  оқушылардың  өзінің  өмірлік  ұстанымы 

арқылы  өз  қабілетіне  өзі  жауап  беретін  тұлғаға  айналдыруға  мүмкіндік  туғызады.  Алайда  бір 

проблеманың  бірнеше  шешімін  іздеуді    негіздерін  кішкентай  кезінен,  қажетті   дағдыларды  дамыту 

ең  оңтайлы  тәсіл  болып  отыр  деп  ойлаймын.  Сондықтан  1-сынып  оқушыларын  ерте  кезеңнен 

шығармашылық ойлауын жетілдіру арқылы дүниетанымын қалыптастыру мен үшін маңызды болды.  

Бастауыш  сыныптан  бастап  оқушылар  бір  мәселенің  бірнеше  шешімін  ойлай  білуін  дағдыға 

 айналдырса, оқушының шығармашылық ойлауы, сын тұрғысынан ойлауы дамитыны сөзсіз, сонымен 

қатар осы дағдылар арқылы дүниетанымдық түсінігі молаяры сөзсіз. 

Осы   дағдыларды  әр  пәнде  де  дамытуға  болады.    Сабақтарымда  жоғары  жетісікке  қол 

жеткізуге  әрекет  етудемін.  Сондықтан  сабақтарымды  бастамас  бұрын,  сабақтың  басын 

ынтымақтастық  атмосферасын  қалыптастыруға  баса  назар  аудардым. Себебі  сапалы  білім  алу  үшін 

ынтымақтастық  атмосфера  қалыптасуы  қажет.   Сыныптағы  бірлескен  жұмыс  оқытылатын  пәннің 

мазмұнын берумен шектеліп қана қоймайды, ол сонымен қатар оқушының өз ортасы және қоршаған 

ортамен  байланыстыруды  қамтамасыз  етеді  деп  ойлаймын.  Сабақтарымда   оқушылар  топтарға 

бөлініп,  ынтымақтастық  оқу  жағдайында  оқушылар  құрбы-құрдастарымен  қарым-қатынас  жасауға, 



жүктеу 10,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   226




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау