МОНТАЖДАУ
20
6.3.16 Қолданыстағы номенклатураға байланысты сумен жабдықтау жүйесі
толықтай металлполимер материалдан немесе басқа материалдан (болат, мыс және т.б.)
жасалған құбырлармен аралас жасалуы мүмкін.
6.3.17 Қамыт, орнықтырғыш, қапсырмалар көлемі құбыр диаметріне қатаң түрде
сәйкес келуі тиіс.
6.3.18 Элеватор торабы бар жүйелерде, қорғауыш (кеңейткіш, сақтандырғыш,
асырма, сигналдық) құбыржолдар үшін металлполимер құбырларды қолдануға болмайды.
6.3.19 Үй-жайларда металлполимер құбырларды салмас бұрын барлық
электргазпісіру жұмыстары аяқталуы, бекіткіштер орнатылуы тиіс.
6.3.20 Сақталған немесе монтаждауға тасымалданған металлполимер құбырлар
бухталары (0°С температурадағы дайындау учаскесі) оларды жазбас бұрын +10°С-тан
төмен емес температурада 24 сағат бойы тұруы тиіс.
6.3.21 Бухталарды жазу және құбыржолының металлполимер құбырларын
монтаждау барысында құбырдың бұралмауын қадағалау қажет. Металлполимер
құбырларды тартпай, құбырға кір мен қоқыс түспеуі үшін бос ұштарын жабысқақ
таспамен немесе бітеуішпен жауып салу қажет.
6.3.22 Монтаждау кезінде құбыржолының металлполимер құбырларының
жаншылуына және сынуына жол берілмейді.
6.3.23 Тік құбыржолдар тік бағытынан 1 метрге 2 миллиметрден асатын ауытқу
болмауы тиіс.
6.3.24 Тұрғын және қоғамдық ғимараттарда болаттан жасалған тік құбырларды
бекіту құралдары ғимарат қабатының жарты биіктігіне орнатылады (қабат биіктігі 3
метрден асқанда). Өндірістік ғимараттарда тік құбырларды бекіту құралдарын бір-бірінен
3 метр қашықтықта орнату қажет.
6.3.25 Су тарту арматурасын орнату биіктігін (арматураның көлденең осінен
санитарлық аспаптарға дейінгі аралық) былай қабылдау қажет:
-
су тарту крандары мен араластырғыштары үшін раковина ернеуінен 250 мм, ал
жуғыш ернеуінен – 200 мм;
-
туалет крандары мен араластырғыштары үшін.
6.3.26
Таза еден деңгейінен крандарды орнату биіктігін былай қабылдау қажет:
-
моншаларда су тарту крандары, унитаздың жуғыш крандары, қоғамдық және емдеу
мекемелеріндегі инвентарь жуғыш араластырғыштары, ванна араластырғыштары үшін
800мм;
-
қиғаш шығарылымы бар видуар араластырғыштары үшін 800 мм;
-
тура шығарылымы бар видуар араластырғыштары үшін 1000 мм;
-
емдеу мекемелерінің араластырғыштары мен клеенка жуғыштары,
араластырғыштар, ортақ ванналар мен қолжуғыштар, оталық қолжуғыштардың шынтақ
араластырғыштары үшін 1100 мм;
-
қоғамдық ғимараттардағы дәретхана бөлмелерінің едендерін жуу үшін су беруді
қамтамасыз ететін крандар үшін 600 мм;
-
душ араластырғыштары үшін 1200 мм.
6.3.27 Душе торлары мына биіктікте орнатылуы тиіс::
-
тордың төменгі жағынан таза еден деңгейіне дейін өлшенген 2100-ден 2250
МОНТАЖДАУ
21
миллиметрге дейін;
-
мүгедектерге арналған кабиналарда 1700-ден 1850 миллиметрге дейін;
-
балалар мектепалды мекемелерде, табандық түбінен өлшенген 1500 мм.
Осы тармақта көрсетілген көлемдерден ауытқу 20 миллиметрден аспауы тиіс.
Ескерту – кранға арналған саңылауы бар, арқалы раковиналар үшін, сондай-ақ үстел
арматурасы бар жуғыштар мен қолжуғыштар үшін кран орнату биіктігі аспап
конструкциясымен анықталады.
6.3.28 Мүгедектерге арналған душ кабиналарында және балалар мектепалды
мекемелерінде биіктігі бойынша реттелетін, майысқақ шлангысы бар душ торларын
қолданған жөн.
6.3.29 Мүгедектерге арналған үй-жайларда суық және ыстық су крандары, сондай-ақ
араластырғыштар тұтқыш немесе басқыш әрекетті болуы тиіс.
6.3.30 Қол кемістігі бар мүгедектерге арналған үй-жайларда орнатылатын жуғыштар
мен раковина араластырғыштары, сондай-ақ шайғыш бактар крандары аяқпен немесе
шынтақпен басқарылуы тиіс.
6.4
Ішкі кәріз жүйесін монтаждау
6.4.1 Ішкі тұрмыстық кәріз жүйесін монтаждауды жұмыс жүргізу жобасы болғанда
жүргізу қажет.
6.4.2 Кәріздік құбыржолын салу монтаж жобасына сәйкес орындалады.
6.4.3 Монтаждау кезінде көлем түрі, құбыр мен келте құбыр ұзындығы, фасон
бөлшектері номенклатурасы жағынан жобалау құжаттамасының талаптарына қатаң сәйкес
келетін құбыр өнімі пайданылады.
6.4.4 Құрылыс объектісіндегі материалдардың сапасына кірме бақылауды құбыр
салушылардың бригадирі жүргізеді және бақылауға құбыр өнімдері мен жиынтық
бұйымдарды визуалды байқау, құбырларды, фасон бөлшектер мен құбыр дайындамасы
тораптарын техникалық тексеру, құбыр өнімдері мен санитарлық-техникалық
аспаптардың негізгі өлшемдік сипаттамаларын бақылау жатады.
6.4.5 Монтаж жұмыстарын жүргізуді бастағанда жобада көрсетілген жерлерде
шойын кәріздік құбырларды бекітуге арналған бөлшектер орнатылған, қабырғаларда,
аражабындарда, арақабырғаларда құбыр өткізу үшін саңылаулар, сондай-ақ ғимарат
қабырғаларында атыздар (жобаға сәйкес құбыржолдарын жасырын салғанда) дайындалған
болуы тиіс.
6.4.6 Монтаж операцияларын орындаған кезде шойыннан жасалған құбырларда,
фасон бөлшектер мен құбыр дайындамасы тораптарында сызаттардың бар-жоғын
тексеруді (тексеру ағаш балғамен бұйымдарды ақырын тықылдату арқылы жүргізіледі),
сондай-ақ шойын құбырлардың кең қонышты жапсарлары мен фасон бөлшектерді бітеу
сапасын тексеруді (құрылыста монтаждалған қосылыстар және құбыр дайындайтын
зауыттан келген дайын құбыр дайындамасы тораптарының жапсарлары тексеріледі)
жүргізу қажет. Цемент ерітінді құйылған жапсарларда қатпарлар мен ойықтардың,
сондай-ақ кең қоныштың жартылай құйылуына рұқсат етілмейді.
6.4.7 Құбыржолдарын бекіту құралдарын құбырлар мен фасон бөлшектердің кең
Достарыңызбен бөлісу: |