ҚАзақстандықтардың Әл-ауқатының Өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру құрметті қазақстандықтар!



жүктеу 5,85 Mb.
Pdf просмотр
бет4/7
Дата03.02.2020
өлшемі5,85 Mb.
#28079
1   2   3   4   5   6   7

4

қараша 2018 жыл

Елбасы  мақаласы  «Жаңа  тұрпатты  жаңғырудың 

ең  басты  шарты  –  ұлттық  кодты  сақтай  білу», 

-  деп  сананың  жағыруы  жолында  атқарылар 

міндеттерді  айқындап  берген  тарихи  құжат  болып 

отыр.  Осы  стратегиялық  маңызды  құжат  аясында 

«Рухани  жаңғыру»  бағдарламасын  жүзеге  асыру 

мақсатында Ақмола облысы әкімінің өкімімен өңірлік 

сараптамалық кеңесі құрылған болатын. Сараптамалық 

кеңестің құрамына Көкшетаудың құрметті азаматтары, 

қоғам  қайраткерлері,  танымал  ғалымдар  мен  ақын-

жазушылар енді. 

Сараптамалық  кеңестің  негізгі  мақсаты  –  Ақмола 

облысы бойынша реестрге енген жобаларды сараптау, 

ұсыну. 


Осыған  орай,  өткен  аптада  Біржан  сал  ауданында 

Ақмола  облыстық  сараптама  мүшелерінің  қатысумен 

көшпелі өңірлік сараптамалық кеңес өтті. 

Ғылыми шараға Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау 

мемлекеттік университетінің ректоры Марат Қадырұлы 

Сырлыбаев, 

университет 

ғалымдары, 

Ақмола 

облысындағы  сараптамалық  кеңестің  мүшесі  Ғосман 



Төлеғұл, Біржан сал ауданының әкімі Ермек Бекенұлы 

Нұғыманов пен аудан активтері, мектеп директорлары, 

ұстаздар  мен  оқушылар  қатысты.  Сондай-ақ,  арнайы 

ұйымдастырылған  алқалы  кеңеске  тарихшылар  мен 

саясаттанушылар және білім алушы жастар да қатысып, 

Біржан сал өңірінен шыққан тарихи тұлғалар жөнінде 

қажетті ақпараттар алынды, ғалымдардың маңызды да 

мағыналы баяндамалары тыңдалды.

Ғылыми  кеңестің  модераторы  Ш.  Уәлиханов 

атындағы  Көкшетау  мемлекеттік  университетінің 

ректоры,  Ақмола  облыстық  сараптамалық  кеңестің 

төрағасы  Марат  Қадырұлы  Сырлыбаев  өзі  жүргізіп, 

баяндамашыларға сөз кезегін беріп отырды. 

Біржан  сал  ауданының  әкімі  Ермек  Бекенұлы 

Нұғыманов Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы 

аясында  аудан  көлемінде  атқарылған  жұмыстарға 

тоқталып, ауқымды баяндама жасады. 

Келесі сөз кезегімен Ақмола облыстық сараптамалық 

кеңес төрағасының орынбасары Аманбай Асылбайұлы 

Сейітқасымов 2018 жылда өңірлік сараптама кеңесінің 

атқарған  жұмыстары  туралы  баяндама  жасады. 

Сондай-ақ,  Ақмола  облыстық  сараптамалық  кеңестің 

мүшесі Ғосман Төлеғұл бағдарламадағы тіл мәселесіне 

тоқталып,  облыс  көлемінде  атқарылып  жатқан 

маңызды  жұмыстарға  тоқталды.  Одан  кейінгі  сөз 

кезегі Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік 

университетінің ғалымдарына берілді. Алқалы отырыс 

барысында  университет  ғалымдары  келешек  жастар 

үшін тағылымы мол баяндамалар жасады. Атап айтсақ,

 1. Ақмола облыстық сараптамалық кеңестің мүшесі, 

т.ғ.д. профессор Қадыржан Қабиденұлы Абуев «Ақмола 

облысының  тарихи,  мәдени  тұлғалары.  Біржан  сал 

ауданындағы Алаш қайраткерлері».

2. Ш.Уәлиханов атындағы КМУ доценті, т.ғк. Қанат 

Тастемірұлы  Базаров  «Біржан  сал  ауданының  киелі 

жерлері».

3. Ш.Уәлиханов атындағы КМУ доценті, ф.ғ.к. Сәбит 

Нұрмұхамбетұлы  Жәмбек  «Біржан  сал  және  Рамазан 

Елебаев жайындағы мағұлыматтар».

4.  Ш.Уәлиханов  атындағы  КМУ  доценті,  ф.ғ.к. 

Аманжол Ыдырысұлы Есмағұлов «Есмағамбет Смайлов 

және Тұрсынбек Кәкішевтің ғылыми еңбектері».

Өткенімізді  бағалау,  тарихымызды  таразылап  келер 

буынның  кәдесіне  асыру  рухани  жаңғыруымыздың 

тармағы. Ата-бабаға құрмет – ұрпақ парызы болмақ! 

Егемендік алғалы еңселі ел болып, көк туымыз әлем 

айдынында  биіктен  желбіреп  келеді.  Елбасымыздың 

сындарлы 

саясатының 

арқасында, 

көршілес 

мемлекеттермен  достық  қарым-қатынасымыз  артып, 

дамыған  30  елдің  қатарына  ену  жолында  қыруар 

жұмыстар атқарылуда. 

Бүгінгі күні Елбасымыз әлемнің алпауыт елдерімен 

терезесі  тең,  иық  тірестіре  даму  жолында  тынбай 

еңбектеніп,  алға  жетелейтін  үлкен  мақсаттар  мен 

міндеттер  қойып  отыр.  Солардың  бірі  «Болашаққа 

бағдар:  рухани  жаңғыру»  бағдарламалық  мақаласы 

ел  дамуының  жарқын  үлгісі  мен  нақты  қадамдарын 

көрсететін  келелі  ой,  салиқалы  пікір,  батыл 

шешімдерге  құрылған  маңызды  құжат.  Бұл  мақалада 

сананы  жаңғырту,  ұлттық  болмыс  пен  ұлттық  кодтан 

айырылып  қалмай,  оны  әлемдік  құндылықтармен 

үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы 

мақсат-мүдделер  туралы  өзекті  мәселе  көтеріледі. 

Онда Қазақстан үшін қайта түлеудің айрықша маңызды 

екі  үдерісі  –  саяси  реформа  мен  экономикалық 

жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас ұлт болу үшін 

болашаққа  қалай  қадам  басатынын  және  бұқаралық 

сананы  қалай  өзгертетіні  жөнінде  алысты  болжайтын 

көзқарастарымен бөлісіп отыр. 

Ол  адами  құндылықтар,  рухани  қазына,  жастарды 

тәрбиелеу,  олардың  бойына  патриоттық  рухты  сіңіре 

білу  жұмысында  рухани  салаға  басымдық  берудің 

қажеттілігін алға қойды. Бұл дегеніміз – ұлтымыздың 

салт-дәстүрлерін, 

тіліміз 


бен 

әдебиетімізді, 

мәдениетімізді,  рухымызды  жаңғырту  деген  асыл 

ұғымға келіп саяды. Елбасымыздың рухани жаңғыруға, 

руханиятқа,  білім,  ғылымға  маңыз  беруі  –  үлкен 

көрегендік  пен  ұлттың  алға  ілгерілеуін  жылдам 

қарқынмен жылжытатын күш болары сөзсіз. 

Ш.Уәлиханов  атындағы  Көкшетау  мемлекеттік 

университетінің 

ректоры, 

Ақмола 

облыстық 



сараптамалық  кеңестің  төрағасы  Марат  Қадырұлы 

Сырлыбаев алқалы жиынға қатысушылардың сындарлы 

сұхбат  құрып,  табысты  жұмыс  атқарғандарына  алғыс 

білдірді. 

Шара  соңында  Біржан  сал  ауданы  әкімдігі  және 

Ш.Уәлиханов  атындағы  Көкшетау  мемлекеттік 

университеті  арасында  ынтымақтастықты    нығайту 

жөнінде меморандумға қол қойылды.

Қорыта  айтар  болсақ,  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың 

қоғамдық  сананы  жаңғыртуға  бағытталған  «Рухани 

жаңғыру»  және  «Туған  жер»  бағдарламасындағы 

негізгі  мәселелердің  жүзеге  асырылу  барысы  кеңінен 

талқыланды.  Бүгінде  жүзеге  асырылып  жатқан 

бағдарламаның  құндылығы  жайында,  осы  бағытта 

еліміздегі  атқарылып  жатқан  игі  іс-шаралар  жөнінде 

кеңінен  әңгіме  қозғалды.  Бұндай  маңызды  бастама 

келешекте де өз жалғасын таба бермек.

БІРЖАН САЛ АУДАНЫНДА ӨТКЕН КӨШПЕЛІ ӨҢІРЛІК

САРАПТАМАЛЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ

2018  жылғы  26  қазан  күні  Ш.  Уәлиханов  атындағы 

Көкшетау мемлекеттік университетінде Қарттар күніне 

арналған мерекелік кеш өтті. 

Мерекелік  шараны  оқу  ордасындағы  тәрбие  бөлімі 

және  Ардагерлер  Кеңесі  мен  кәсіподақ  комитеті 

ұйымдастырды. 

Мәдени  шараға  Ш.  Уәлиханов  атындағы  КМУ 

ректоры Марат Қадырұлы Сырлыбаев, университетінің 

әлеуметтік-мәдени  жұмысын  дамыту  жөніндегі 

проректоры  Аманбай  Асылбайұлы  Сейітқасымов, 

Ардагерлер Кеңесінің төрайымы Тыныштық Мұқатқызы 

Ахметова,  кәсіподақ  комитетінің  төрағасы  Мұрат 

Мұзафарұлы Асаров, университеттің баспасөз хатшысы 

Айдар Қазжанұлы Қожабаев, тыл және еңбек ардагерлері 

қатысты.


Қарттар – біздің ең асыл қазынамыз. Олардың өмірлік 

жолы,  мол  тәжірибесі  мен  ақыл-кеңестері,  сондай-ақ 

тәлім-тәрбиесі келешек жастар үшін орны бөлек дүние. 

Үлкенді  сыйлау,  оларға  құрмет  көрсету  –  ата-

бабадан  келе  жатқан  салтымыз.  Қарттарымыз  елдің, 

әр  аймақтың  дамуына,  өсіп-өркендеуіне  өз  үлестерін  

қосып,  қалқысыз  еңбек  етті.  Талай  жасты  тәрбиелеп, 

ізбасарларын  дайындады.  Еліміздің  бейбіт  те  тыныш 

өмір  кешуіне  өз  үлестерін  қосқан  осы  ардақты  да 

аяулы қарттарымыздың арқасы деп білеміз. Бүгінде сол 

еңбектерінің  зейнетін  көріп,  ұрпақтарына  игілік  пен 

ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін көрсетуде. Олардың 

өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына болары 

сөзсіз. 


Мерекелік  кеш  Ш.  Уәлиханов  атындағы  КМУ 

ректоры  Марат  Қадырұлы  Сырлыбаевтың  құттықтау 

сөзімен  басталды.  Ректор  ардагерлерді  ұжым  атынан 

құттықтап,  мекеме  басшысы  ретінде  оларды  әрдайым 

қолдайтынын, барынша көмек көрсететінін баса айтты. 

Сондай-ақ, Ардагерлер Кеңесінің төрайымы Тыныштық 

Мұқатқызы  Ахметова  және  кәсіподақ  комитетінің 

төрағасы Мұрат Мұзафарұлы Асаров та бүгінгі айтулы 

мерекелерімен  құттықтап,  қарттарға  мықты  денсаулық 

тіледі.  Соңында  кешке  жиылған  қарттарға  мерекелік 

дастархан жайылды. 

Кештің  құрметті  қонақтарына  арнап  әсем  әуендер 

шырқалып, игі тілектер молынан айтылды.

Шара  барысында  қарттар  құрметіне  университет 

қызметкерлері  мен  студенттерінің  орындауларында  ән 

шырқалып, әуезді күйлер тартылды.

Арнайы кеш қонақтары өздері де ән айтып, би биледі. 

Сөйтіп,  жастық  шақтарын  естеріне  алып,  бір  жасап 

қалғандай болды. 

Осынау ардақты да, асыл қазынамыз - қарттарымыздың 

көңілдеріне  қаяу  түсірмей,  әрқашанда  мерейлерін 

асқақтатып жүре берейікші дегім келеді! 

Мерекеге  келген  ардагерлер  білім  ордасының 

ректорына  және  оның  ұйымдастырушыларына 

ризашылықтарын  білдіріп,  өз  алғыстарын  айтып 

тарқасты.

Қарттарын қадірлеген ел ардақты



жүктеу 5,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау