7 .10 . Асырап алушы ата-аналар балаларды қамтамасыз етуге бөлінетін
ақша қаражатының түсуі мен жұмсалуы бойынша 2-қосымшаға сәйкес
жазбаша формада есеп жүргізеді . Жұмсалған қаражат пен асырап алушы
отбасындағы тәрбиеленушінің мүлкін басқару туралы мәлімет жыл сайын
қорғаншылық және қамқоршылық органына ұсынылады .
8. Жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар
тұратын білім беру ұйымының құқықтары мен міндеттері
8 .1 . Жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар
тұратын білім беру ұйымдары:
1) асырап алушы ата-аналарды іріктейді;
2) асырап алушы ата-аналарға қажетті көмек көрсетеді, жетім бала мен
ата-ана қамқорлығынсыз қалған баланың өмірі мен тәрбиесіне қалыпты
жағдайларды қалыптастыруға ықпал жасайды .
Қосымша
128
1-қосымша
Жетім баланы немесе ата-ана қамқорлығынсыз қалған баланы асы-
рап алушы отбасына беру туралы
КЕЛІСІМШАРТ
Қала, аудан ________________ «___» _____________ 20___ ж .
_______________________ ауданының білім беру органы ______________
ауданы Әкімдігінің __________________ жылғы №_____________ шешімінің
негізінде жұмыс істейтін _______________________________________ білім
беру органының басшысы _________________________________________
тұлғасында бір тараптан және азамат _______________________________
________________________, әрі қарай «Асырап алушы ата-ана» деп атала-
тын екінші тараптан асырап алушы отбасы туралы Ережені басшылыққа ала
отырып, төмендегілер туралы осы келісімшартты жасады:
1. Келісімшарт мәні
1 .1 . Білім беру органы асырап алушы отбасының жұмыс істеуіне
қажетті жағдайларды жасайды, асырап алушы ата-аналарға қажетті көмекті
көрсетеді, жетім баланың немесе ата-ана қамқорлығынсыз қалған баланың
қалыпты өмір сүруі мен тәрбиелену жағдайларын қалыптастыруға ықпал
етеді .
1 .2 . Асырап алушы ата-аналар жергілікті бюджет есебінен жетім
балаға немесе ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаға қалыпты өмір
сүру жағдайларын құру, қамтамасыз ету, оқыту және тәрбиелеу бойынша
міндеттемелер алады .
2. Асырап алушы ата-аналардың құқықтары мен міндеттері
2 .1 . Асырап алушы ата-аналар міндеттеледі:
2 .1 .1 . Белгіленген сметаға сәйкес балаларды қамтамасыз етуге .
2 .1 .2 . Әр баланы тәрбиелеуге, дамытуға, оқытуға және денсаулығын
сақтауға .
2 .1 .3 . Балалардың іс-әрекеті үшін жауапкершілік алуға .
2 .1 .4 . Білім беру ұйымына балаларды қамтамасыз етілуін бақылау
мүмкіндігін беруге .
2 .1 .5 . Жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар
бұрын тұрған білім беру ұйымдарына алты айда бір жетім баланың немесе
ата-ана қамқорлығынсыз қалған баланың денсаулық жағдайы туралы есепті,
оны тәрбиелеу бойынша жұмыстар туралы, жетім баланы немесе ата-ана
129
қамқорлығынсыз қалған баланы қамтамасыз етуге бөлінген қаражатты
жұмсау, сондай-ақ оның мүлкін басқару жұмыстары туралы есепті ұсынуға
міндетті .
2 .2 . Асырап алушы ата-аналар құқылы:
2 .2 .1 . Әр баланың қажеттілігі мен асырап алушы отбасының қажеттіліктерін
ескеріп, өзіні ағымдық қызметін жеке жоспарлауға .
2 .2 .2 . Мемлекеттік және жергілікті бюджет есебінен біліктілігін арттыруға,
сондай-ақ психологиялық-педагогикалық сұрақтар бойынша консультация
алуға .
2 .2 .3 . Білім беру ұйымынан келісімшарттың қаржылық бөлігін орындауды
талап етуге .
3. Білім беру ұйымының құқықтары мен міндеттері
3 .1 . Білім беру ұйымы міндеттеледі:
3 .1 .1 .Осы келісімшартта белгіленген мерзімдерде асырап алушы
отбасының қаржыландырылуын қамтамасыз етуге .
3 .1 .2 . Балаларды тәрбиелеуде әдістемелік көмек көрсетуге, асырап алу-
шы ата-аналарға психологиялық-педагогикалық сұрақтар бойынша кеңес
беруге .
3 .1 .3 . Асырап алушы ата-аналардың біліктіліктерін арттыру үшін мүмкіндік
беруге .
3 .2 . Білім беру ұйымы құқылы:
3 .2 .1 . Асырап алушы отбасының қызметін бақылауға, бабалардың
тұрмыстық жағдайларын, тәрбиесі мен оқуын бақылауға .
3 .2 .2 . Асырап алушы ата-анадан балаларды қамтамасыз ету үшін
жергілікті бюджеттен бөлінген ақша қаражатының шығыс туралы есепті та-
лап етуге .
3 .2 .3 . Тәрбиелеу процесінің жүргізілуін бақылауға .
4. Келісімшартты бұзу және мерзімін ұзарту
4 .1 . Осы келісімшарт тараптардың келісімі бойынша ұзартылуы мүмкін .
4 .2 . Жетім баланы немесе ата-ана қамқорлығынсыз қалған бала-
ны асырап алушы отбасына беру туралы келісімшарт мерзімі аяқталған
жағдайда оның отбасында болу мерзімін ұзарту жаңа келісімшарт негізінде
жүргізіледі .
4 .3 . Тараптардың бірі келісімшарттың шарттарын бұзған жағдайда осы
келісімшарт мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін .
4 .4 . Осы Келісімшартты тоқтату, оны өзгерту немесе ұзарту тура-
лы өтініш осы келісімшарттың аяқталу мерзімінен 3 ай бұрын жергілікті
атқарушы билік органдарына беріледі .
Қосымша
130
5. Тараптардың жауапкершілігі
5 .1 . Толық немесе уақытында қаржыландырмаған жағдайда білім беру
ұйымы әр кешіктірілген күн үшін төленбеген соманың 0,1% төлейді .
5 .2 . Асырап алушы ата-аналар балаларға қатысты өз міндеттерін
орындамаған жағдайда асырап алушы отбасымен жасалған келісімшарт
бұзылады, тәрбиеленушілер басқа асырап алушы отбасына беріледі не-
месе білім беру ұйымына қайтарылады .
6. Басқа шарттар
6 .1 . Білім беру ұйымы жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз
қалған балаларға арналған мемлекеттік білім беретін интернаттық ме-
кемелерге арналған қолданыстағы нормалар бойынша асырап алушы
отбасындағы тәрбиеленушілерді қамтамасыз етуге кететін шығындар сме-
тасын әзірлейді .
6 .2 . Асырап алушы отбасын қамтамасыз етуге жұмсалатын қаражат ай
сайын әр айдың 5-ші жұлдызынан кешіктірмей келесі айға бөлінеді .
6 .3 . Бюджет дефицитін білім беру ұйымы жаппайды, жыл бойы
үнемделген қаражат өндірілмейді .
6 .4 . Білім беру ұйымы жазғы уақытта балалар үшін балаларға арналған
лагерлер мен санаторийлерге тегін жолдамалар беру арқылы асырап алу-
шы ата-аналарға үш апталық еңбек демалысын қамтамасыз етеді .
6 .5 . Асырап алушы ата-аналарға әдістемелік көмек мамандар қызметі
мен консультациясы түрінде беріледі, сондай-ақ балалардың тұлға ретінде
даму бағдарламасын жасау кезінде көрсетіледі .
7. Тараптардың заңды мекенжайлары
Достарыңызбен бөлісу: |