56
ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНА ЖӘНЕ ОНЫ ПАЙДАЛАНУ
ЕРЕЖЕЛЕРІ
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ғылыми
кітапханасының басты бағыты ғылым мен білім беру үдерісіне сәйкес
оқырмандарға ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету және
кітапхананың электрондық ресурстарын пайдалануына мүмкіндік
жасау.
Ғылыми кітапхананың директоры – философия ғылымдарының
кандидаты Оразалиев Бақытжан Әсетілдаұлы.
Университеттің білім алушыларына ғылыми кітапхананың 4
абонементі, 7 оқу залы және «Отырар» ғылыми орталығы қызмет
көрсетеді.
Абонементтер кітапхананың бас ғимаратында орналасқан:
Оқу абонементіндегі (103 каб.) оқулықтар мен оқу-әдістемелік
басылымдар бір оқу семестріне беріледі, қажет болған жағдайда оқу
жылының соңына дейін ұзартылады.
Ғылыми әдебиеттер абонементінде (205 каб.) ғылыми басылымдар
мен
монографиялар,
анықтамалықтар
мен
энциклопедиялар
жинақталған, кітаптар бір айға беріледі.
Көркем әдебиеттер абонементінде (301 каб.) оқырмандар
әдебиетттану, көркем әдеби басылымдарға қол жеткізе алады,кітаптар
бір айға беріледі.
Шет тіліндегі әдебиеттер абонементінің (304/2 каб.) қорында
жинақталған барлық шет тіліндегі оқулықтар, ғылыми және көркем
әдеби басылымдар бір оқу семестріне беріледі.
Электрондық оқу залында(304 каб.)электрондық оқулықтар (CD,
DVD) мен аудио, видео басылымдар жинақталған. Сонымен қатар
электрондық каталогқа, толық мәтінді деректер базасына, интернетке
қолжетімді.
«Astana American Corner» ақпараттық ресурстар орталығы (307 каб.)
халықаралық тест TOEFL, SAT, IELTS тапсыру үшін дайындық ісінде
қызмет көрсетіп, ағылшын тілін оқытады. АҚШ-та білім алу туралы
кеңестер беріледі. АҚШ өкілдерінің қатысуымен пікірталас клубы,
тренингтер, семинарлар, кездесулер өткізіледі.
Каталогтар залынан (208 каб.) кітапхана қорындағы мәліметтерді
дәстүрлі әліпбилік, жүйелік және пәндік каталог арқылы алуға болады.
Оқу залдары оқу-зертханалық ғимараттың 4-қабатында
орналасқан:
57
Филология оқу залы (әдебиеттану, тіл білімі, көркем әдеби
басылымдар) – 402 каб.;
Әмбебап оқу залы (жаратылыстану ғылымдары, техника,
Қазақстан тарихы) – 404 каб.;
Әлеуметтік-экономикалық оқу залы (экономика, бүкіләлемдік
тарих, заң ғылымдары, т.б. басылымдар)
– 405 каб.;
Мерзімді басылымдар залы (отандық және шетелдік газеттер
мен журналдар) – 412 каб.;
Ақпараттық-библиографиялық
бөлімі
(диссертациялар
мен
авторефераттар, анықтамалық басылымдар) – 413 каб.;
Ғылыми кітапханада «Отырар» ғылыми орталығы орналасқан.
Орталық мемориалдық қорлардың коллекцияларын пайдалануға
мүмкідік береді:
Сирек кітаптар мен қолжазбалар қоры (201 каб.);
Академик Әлкей Марғұланның мұрағат кітапханасы (202 каб.);
Ақселеу Сейдімбек атындағы ғылым залы (204 каб.);
Академик Кемел Ақышевтың мұражай кабинеті (102 каб.);
Академиктер Серік Қирабаев пен Әлия Бейсенованың мұражай
кабинеті (302 каб.)
Кітапхананы пайдалану ережелері
1. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың қызметкерлері мен студенттері
кітапхананың ресурстары мен қызметтерін тегін пайдалана алады.
2. Оқу абонементінде әдебиеттерді беру электронды кезек тәртібі
арқылы ұйымдастырылады және оқулықтар бір семестрге беріледі.
3. Ғылыми әдебиеттер, көркем әдебиеттер, шет тіліндегі әдебиеттер
абонементінен алынатын басылымдар бір айға беріледі және егер
басылымға басқа оқырмандар тарапынан сұраныс болмасапайдалану
мерзімі оқырманның қатысуымен ұзартылады.
4. Кітапхананың кітаптары мен басқа да басылымдарын бүлдірген
және жоғалтқан жағдайда оқырман нақты осындай басылыммен
ауыстырады немесе соңғы жылы шыққан оқу процесіне қажетті
басылыммен орнын толтырады.
5. Оқу залдарының қоры ашық қолжетімді болғандықтан папкамен,
сөмкемен, пакетпен және сыртқы киіммен кіруге болмайды.
6. Оқу залының қорынан басылымдар үйге берілмейді.
7. Кітапхананың электрондық ресурстарын және интернет жүйесін
пайдалану тегін.
58
КІТАПХАНАНЫҢ ЖҰМЫС КЕСТЕСІ
Абонементтер:
09.00-19.00
Сенбі: 09.00-17.00
Оқу залдары:
09.00-20.00
Сенбі: 09.00-17.00
Жексенбі – демалыс
Әр айдың соңғы күні – тазалық күні
Кітапхананың мекен-жайы:
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ғылыми кітапханасы
010008, Астана қаласы, А. Пушкин к-сі, 11
8 (7172) 709 500, ішкі тел.: 36 101, 36 105, 36 107
Веб-сайт: lib.enu.kz
e-mail: library@enu.kz
Қала кітапханаларының мекен-жайы
Балалар кітапханасының №2
филиалы
Мекен-жайы: Астана қ. Кравцов
көш., 1/1
Телефон: 371 329
Астана қ. бойынша орталық
кітапханалар жүйесі
Мекен-жайы: Астана қ. Бөгенбай
батыр даңғ., 26
Тел.: 318713 Факс: 318713
Балалар кітапханасының №4
филиалы
Мекен-жайы: Астана қ. 2 ш/а,
20-үй.
Тел.: 364 812
Мұхтар Әуезов атындағы орталық
қалалық кітапхана
Мекен-жайы: Астана қ. Абылай хан
даңғ., 2
Тел.: 359869
Балалар кітапханасының №5
филиалы
Мекен -жайы: Астана қ.
Кенесары көш., 81
Тел.: 376 582
Орталық қалалық кітапхананың №1
филиалы
Мекен жайы: Астана қ.
Әл-Фараби ш/а