Білім алушыларға арналған жолбасшы-анықтамалығЫ



жүктеу 1,99 Mb.
Pdf просмотр
бет14/18
Дата01.02.2020
өлшемі1,99 Mb.
#27931
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

47 

ОҚУ АҚЫСЫН ТӨЛЕУ 

 

 

Оқу ақысы келісілген негізде ҚР БжҒМ бекіткен (2017-2018 жж.) 



білім грантының мөлшеріне байланысты белгіленді. Ақылы түрде оқу 

бойынша 


ақы 

құны 


enu.kz 

ресми 


  сайтынан 

«Талапкер» 

тарапшасынан көруге болады. 

 Төлеу мерзімі және тәсілі: 

Білім  беру  қызметтерін  көрсетудің  келісім-шартына  сәйкес  28 

тамызға  дейін  курс  бойынша  оқу  ақысының  50%  және  25  қаңтарға 

дейін  оқу  ақысының  қалған    50%,  қолма-қолсыз  АҚ  «Цеснабанк», 

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ  ағымдағы есепшотына. 



Білім алушыларға берілетін жеңілдіктер   

Білім  алушылар  үшін  көптеген  кинотеатрларда,  мұражайларда 

және қоғамдық көліктерде жүруге жеңілдіктер бар. 

 

ШӘКІРТАҚЫ ЖӘНЕ ЖӘРДЕМАҚЫМЕН   

ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ 

 

Мемлекеттік  білім  гранты  негізінде  білім  алушыға  мемлекеттік 

шәкіртақы  тағайындау  және  төлеу  тәртібі,  мемлекеттік  шәкіртақы 

мен  оған  қосылатын  үстемеақылар  мөлшері  ҚР  Үкіметінің 

қаулысымен  бекітілген  Ережелерге  және  ҚР  басқа  нормативтік-

ұқықтық актілеріне сәйкес анықталады. 

Мемлекеттік  білім  гранты  бойынша  бірінші  курсқа  оқуға 

қабылданған 

барлық 

білім 


алушыларға 

бірінші 


семестрде 

мемлекеттік шәкіртақы тағайындалады. 

Кейінгі 

оқу 


семестрлерінде 

мемлекеттік 

шәкіртақыны 

тағайындау  және  төлеу  емтихандық  сессия  қорытындысыбойынша 

(білімді  бақылаудың  барлық  үлгілерін  қосқанда)  білім  алушыдаек 

«жақсы»  («В+»,  «В»,  «В-»)  және  «үздік»  («А»,  «А-»)  бағалары  болса 

ғана жүргізіледі.  

Шәкіртақы ректор бұйрығы негізінде әр айдың алғашқы күнінен 

бастап  жартыжылдық  емтиханына  дейінгі  аралықта  төленеді. 

Мемлекеттік  шәкіртақы  тағайындау  кезінде  білім  алушының  GPA 

көрсеткіші емес, тек бағалары ғана ескеріледі. 

Барлық  үлгерімді,  мемлекеттік  грант  есебінде  білім  алатын 

(емтихан  нәтижесі  бойынша  академиялық  қарыздары  жоқ)  білім 

алушыларға мемлекеттік  шәкіртақы беріледі. 




48 

Үкімет  жарлығына  сәйкес  мемлекеттік  шәкіртақы  төленетін 

білім алушылар: 

- көру және есту бойынша мүгедектерге – 75%; 

- жетім және ата-анасынан қараусыз қалған балалар – 30%; 

- емтихан бағасы бойынша тек «өте жақсы» көрсеткішін көрсеткен 

студенттер мен магистранттарға – 15% қоса төленеді. 

 Кәсіби  (өндірістік)  практика  және  жазғы  демалыс  кезінде 

шәкіртақы сақталады. 

Академиялық демалыстан келген білім алушыларға мемлекеттік 

шәкіртақы  белгіленген  тізім  бойынша  келесі  емтихан  бағасына  сай 

беріледі.  Денсаулық  жағдайына  сәйкес  келесі  оқу  жылына 

қалдырылған  білім  алушыларға  келесі  емтихан  уақытына  дейін 

төленеді. 

Жүкті  болу  мен  босануа  байланысты  демалыс  уақытындағы 

білім  алушыларға  шәкіртақы  қолданыстағы  еңбек  заңнамасымен 

белгіленген  толық  демалыс  мерзімі  ішінде  академиялық  демалысқа 

кеткенге  дейінгі  мөлшерде  төленеді.  Академиялық  демалыс  кезінде 

жүкті  болуы  себебінен  уақытша  еңбекке  жарамсыздық  туралы  ортақ 

үлгідегі анықтама ұсынылған жағдайда, академиялық демалыс үзіліп, 

жүктілік  мен  босануа  байланысты  демалыс  ресімделуі  керек.  Білім 

алушы  3  жасқа  дейін  бала  күтімі  бойынша  академиялық  демалыста 

болған кезде шәкіртақы тағайындалмайды.  

     Шәкіртақымен  қамтамасыз  ету  әр  білім  алушының  атына 

ашылған карта есепшотына аударылады.  

Мемлекеттік  шәкіртақы  төлеу  ҚР  заңнамасында  қарастырылған 

жағдайларда тоқтатылады.  

Мемлекеттік  шәкіртақыны  төлеуді  тоқтату  Ректордың  тиісті 

бұйрығын шығару арқылы жүзеге асырылады.  

Басқа 


шәкіртақыларды 

тағайындау 

және 

төлеу 


тәртібі 

(Қазақстан 

Республикасы 

Президентінің 

шәкіртақысы, 

құрылтайшылар шәкіртақысы және т.б.) Қазақстан Республикасының 

заңнамасына  және  Л.Н.  Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық 

университетінде  білім  алушыларға  университеттің  ішкі  грантын, 

жеңілдіктер  ұсыну  және  әлеуметтік  көмек  көрсету  туралы  ережеге 

сәйкес анықталады. 

ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігі  бөлген  Президенттік  және 

атаулы  шәкіртақылар  саны  факультеттер  ішінде  факультеттердегі 

студенттер  мен  магистранттар  контингентіне  байланысты  бөлініп 

беріледі.  Жекелеген  факультеттерде  Президенттік  шәкіртақыны 




49 

тағайындау  туралы  ережелерінің  талаптарына  сәйкес  келетін 

студенттер  мен  магистранттар  қатарынан  үміткерлер  болмаған 

жағдайда, бөлінбеген орындар университет басшылығының қосымша 

өкімі бойынша басқа факультеттерге беріледі.  

Факультет 

декандары 

Президенттік 

және 

атаулы 


шәкіртақыларды  тағайындау  үшін  білім  алушылардың  қатарынан 

алдын ала үміткерлерді іріктеуді ұйымдастырады, сонан соң олардың 

тізімін белгіленген мерзім ішінде Тіркеу офисіне ұсынады. Ұсынысқа 

келесі құжаттар қоса беріледі: 

- білім алушының транскрипті; 

- факультет кеңесі шешімінен көшірме. 

Президенттік  және  атаулы  шәкіртақыларды  тағайындауға 

арналған  үміткерлер  тізімі  Университеттің  Ғылыми  кеңесінде 

қарастыру және бекіту үшін ұсынылады.  

  Мемлекеттік  тапсырыс  бойынша(грантта)  оқитындарға  білім 

ұйымдарында  оқитын  кейбір  санаттағы  адамдарға  мемлекеттік 

шәкіртақы  төлеу  (ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігінің  17.02.2008ж. 

№116 бұйрығымен бекітілген) Ережесіне сәйкес ай сайын белгіленген 

мөлшерде  (шәкіртақы  мөлшері  сол  жылғы  ҚР  «Бюджет  туралы» 

заңына  сәйкес  өзгертіліп  отырылуы  мүмкін)  (5құж.,    2-б.,  5-  т

мемлекеттік шәкіртақы белгіленеді.  

  Мемлекеттік  оқыту  гранты  бойынша  1-курсқа  қабылданған 

барлық  білім  алушыларға  1-семестрде  мемлекеттік  шәкіртақы 

беріледі. 

  Мемлекеттік  тапсырыс  бойынша  оқитын  білім  алушыларға 

алдыңғы  өткен  семестрдегі  емтихан  сессиясының  қорытындысы 

бойынша шәкіртақы төленеді. Басқа оқу орындарынан ауысқан, ЕҰУ-

дің  ішіндегі  бір  мамандықтан  екінші  мамандыққа  ауысқан  білім 

алушыларға 

мемлекеттік 

шәкіртақы 

жалпы 

негізде 


оқу 

бағдарламасындағы  айырмашылықтарды  жойғаннан  кейін  беріледі. 

Жазғы емтихан сессиясының қорытындысы бойынша жазғы демалыс 

кезеңіндегі  екі  айдың  шәкіртақысы  қосылып  (шілде-тамыз), 

несиелердің  ашылу  мерзіміне  қарай  (яғни  жоғары  оқу  орнының  есеп 

шотына мемлекеттік бюджеттен қаржы түскеннен кейін) төленеді.  

Азық-түлікпен қамтамасыз етуге сәйкес жетім және ата-анасынан 

қараусыз қалған балалар үшін арнайы ақшалай төлем төленеді. 

Әлеуметтік  орналасқан  жеріне  қарай  студенттерге  (анықтама 

деканатқа көрсетіледі) қоғамдық көлік бағасына сәйкес 50 % ақшалай 




жүктеу 1,99 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау