61
табыстылығының төмендеуі жалғасуда. Республиканың зейнетақы активтерінің өсуімен
байланысты оларды инвестициялау үшін қаржылық құралдардың тапшылығы өте қатты
байқалады. Қазақстан Республикасының Президенті өзінің халыққа Жолдауында əлеуметтік-
экономикалық модернизация – Қазақстан дамуының басты бағыты деп атап өткен болатын.
Экономикалық жетістіктер мен қоғамдық игіліктер арасындағы тиімді балансқа қол жеткізу
үшін елбасының айтуы бойынша үкіметке он бағыт бойынша тапсырмалар кешенін
дайындау қажет.
Зейнетақы жүйесіне жасалынған акцент өте маңызды. Шындығында Қазақстанның
зейнетақы жүйесі өзіне жүктелген сенімді ақтаған жоқ. Елдің көптеген қызмет етуші
тұрғындары өздерінің еңбекақысынан міндетті зейнетақы жарналарын (10%) аударады,
бірақта соңғы жылдары олардың зейнетақы жинақтары инфляцияның күрмеуіне тез түседі.
Бүгінде 17 миллиард доллардан астам зейнетақы қаражаттары бар біздің ЖЗҚ-мыз
ұлттық экономиканың дамуына ешқандай үлес қосып отырған жоқ. Тəжірибелі экономистер
мемлекеттің күшті бақылауында бола отырып ЖЗҚ-ның өндірісті инвестициялауға қатысу
қажеттілігін шешу туралы бұрыннан айтуда. Астанада өткен үшінші экономикалық форумда
зейнетақы қорларының өкілдерінің өздері ақ зейнетақы қаражаттарын елдің ірі
кəсіпорындарына инвестициялау туралы атап өткен болатын. Зейнетақы компанияларының
өкілдері бұл ақшаның елдің ішінде қызмет етуіне басты назарды аударды. Тіпті, зейнетақы
жинақтарын елдің ішіндегі инвестиция ретінде пайдалану инициативасы президентпен
таңдалған ішкі инвестициялауға байланысты экономикалық модель шеңберінде де өзекті
болып табылады [2, 19 б.].
Бірнеше жыл қатарынан барлық жинақтаушы зейнетақы қорларында емделуге
жатпайтын бір ғана ауру бар- ол төменгі инвестициялық табыстылық. Президент
Жолдауында айтылып өткендей, бүгінгі күні салымшыларда зейнетақы қорларының
инвестициялық саясатына ықпал ету мүмкіндігі жоқ. Ал, кейбір қорлардың басшылары
оларға өздерінің жеке меншік қаражаттары сияқты иелік етеді жəне акционерлердің мүддесі
үшін қызмет етеді.Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің дамуының перспективалары жəне оның
бағалы қағаздар нарығына əсері зейнетақы активерінің жəне инвестицияланатын қаражаттар
көлемінің сəйкесті өсуімен байланысты. Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі
дамуын тежеуші факторлар – олар:
1) ұлттық қор нарығының дамымауы, яғни, активтерді инвестициялау үшін құралдар
тапшылығы;
2) қызметтің негізгі қағидалары бойынша тұрғындардың сауатсыздығы жəне
мағлұматсыздығы;
3) жинақтаушы зейнетақы қорларынң қызметімен тұрғындардың толық қамтылмауы;
4) ерікті жəне кəсіби зейнетақы жарналарының кеңінен қолданылмауы;
5) қоржынның нашар диверсификациясы жəне аффилиирленген тұлғалармен
мəмілелер;
6) отандық сақтандырудың дамымаған кластарының бірі - зейнетақылық аннуитеттер.
Қаржылық құралдар тапшылығынан шығудың бір жолы болып тікелей мемлекет
кепіліндегі мемлекеттік инвестициялық қағаздарды шығару немесе ұлттық компаниялардың
бағалы қағаздарын шығару табылады. Инфрақұрылымдық облигацияларды сатып алуда
зейнетақы активтері үшін негізгі тəуекел болып мемлекет тарапынан кепілдің жасалынған
механизмінің болмауы табылады, бұл өз кезегінде жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін
аталған бағалы қағаздардың тартымдылығын төмендетеді.
Қаншалықты зейнетақы қорлары ұзақмерзімді инвесторлар болып табылғандықтан, ал
банктер қысқа жəне орта мерзімді болғандықтан, нарықтың осы қатысушыларының мүддесін
ескеру қажет. Міне, сондықтанда зейнетақы қорлары үшін, олардың нақты сұранысы мен
ерекшеліктерін есепке ала отырып ұзақмерзімді бағалы қағаздарды шығару қажет.
Тұрғындардың сауаттылығын арттыру үшін, сондай ақ заңгерлер мен салық
төлеушілер, міндетті зейнетақы жарналарының салымшылары болашақ зейнетақымен
қамтамасыз ету үшін зейнетақы активтерінің жеткілікті ме, жоқ па екендігін білуі үшін
62
зейнетақымен қамтамасыз ету туралы ақпаратты кеңінен жариялау қажет. Сондықтанда
зейнетақы заңдылығы туралы жалпы ақпаратпен қатар, зейнетақы жинақтары мен оларды
басқару туралы жедел ақпараттар көрсетілетін қаржылық интернет-порталды құру
қажеттілігі туындайды.
Ұсынылған шаралар жинақтаушы зейнетақы қорларының дамуының барлық
мəселелерін шеше алмағанымен, Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің дамуына
өз септігін тигізеді.
Қорыта келе, Қазақстанның зейнетақы жүйесін дамытудың келешек перспективалары
ұлттық экономиканың шикізат моделінен индустриялық-инновациялық моделіне өтуімен
тығыз байланысты, оның басты құрамдас бөлігі қоғам мен мемлекеттің заманауи зейнетақы
жүйесінің жалпы рентабельдігіне тікелей əсер ететін тыныс-тіршілігінің барлық салаларын
жаңарту болып табылады, ал мемлекеттік шығыстарды жоспарлаудың негізгі басымдығы
халықтың тұрақты өсуі, өмір сүру деңгейінің артуы жəне олардың əл-ауқатын нығайту
болған жəне бола береді [3, 2 б.].
Əдебиеттер:
1. Проблемы инвестирования пенсионных накоплений.-Рынок ценных бумаг Казахстана, №8.
– 2008. С.18-24.
2. Əбдіқалықова Г.Зейнетақы жүйесін жетілдіру.-«Егемен Қазақстан»,03.02.2012 ж.
3. «Қазақстан Республикасында
зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан
Республикасының Заңы. - Алматы: Жеті-жарғы, 2014. – 44 б.
ҚАЗАҚСТАНДА АГРОӨНЕРКƏСІПТІ КЛАСТЕРЛЕР МОДЕЛІНДЕ
ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МƏНІ
Жусупов Р.С.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті,
Астана қ., Қазақстан Республикасы
E-mail: Rysbek_15031986@mail.ru
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан өз дамуындағы
жаңа серпіліс жасау қарсаңында: Қазақстанның əлемдегі бəсекеге барынша қабілетті 50 елдің
қатарына кіру стартегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауында былай деген болатын: «Біз
түпкі өнімдерін экспортқа шығаруға бағдарланған өндірістерді, мұнай-газ, көлік саласына
жəне машина жасау мен металлургиядағы, химия мен агроөнеркəсіп кешеніндегі басқа да
ішкі салаларда бірлескен кəсіпорындар құруға жəне дамытуға арқа сүйеуіміз керек.
Алдымызда халықаралық ұйымдырдың белсене қатысуымен биотехнологиялық орталықтар;
өңірлік ІТ-орталық ретінде ақпараттық технологиялар паркін дамыту міндеті тұр [1].
Белгілі амарикандық ғалым Майкл Портер өзінің «Халықаралық бəсекелестік» атты
кітабында «кластер» (яғни пакет, шоғыр, бөлшек) деген түсінік енгізді. Экономикада
ойдағыдай бəсекелесуші фирмалар тобы салалық, ұлттық, əлемдік рыноктарда
бəсекелестік жағдайын дамыта отырып пайда болады. Осылайша бəсекелестіктің
артықшылық көрінісі ретінде кластер дүниеге келеді, қалыптасады, кеңейеді, тереңдейді.
М.Портер ұлттық деңгейде бəсекелестік түрлерін қоғамдық экономикалық дамып
жетілуіне қарап анықтайды. Егер бəсекелестік жағдайын табиғи ресурстар, тек құндық
факторлар жəне сол сияқтылар айқындаса, онда іс басқа, ал инвестициялық мүдделер
шешуші жағдайға айналса – ол бір басқа, ал енді қозғаушы күш ретінде жаңалыққа, жаңалық
енгізуге деген ынталылық болса, онда іс тіпті бір басқа. Кластерлер бəсекелік қабілеттілікті
арттырудың құралы екенін ескере отырып, біздер өз еліміздегі бəсеке жағдайларын
анықтаудың əдістемелік амалы ретінде пайдалану керек екнін ұмытпауға, осы тұрғыдан
келіп, қайда жəне қандай кластерлер құруымыз, қалыптастыруымыз керек екенін анықтауға
тиіспіз [2].