Сборник трудов международной научной конференции молодых ученых



жүктеу 4,06 Mb.
Pdf просмотр
бет212/219
Дата31.01.2020
өлшемі4,06 Mb.
#27883
түріСборник
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   219

435

ол  ақша  қаражаттарының  белгілі  сомасына  айырбасталып, баға  өзгеруінің  аз  ғана

тəуекелімен сипатталуы керек (сондай-ақ, ХҚЕС 7, 15 т.). Қысқа мерзімді сипаттағы қаржы

инвестициялары ХҚЕС айырмашылығы ХҚЕС 7 операциялық (ағымдағы) қызмет құрамына

жатқызылуы мүмкін.

Үшінші  бөлімде  қаржылық  қызмет  нəтижесінде  ақша  қаражаттарының  қозғалысы

туралы  ақпарат  беріледі, бұл  қызмет  кəсіпорынның  меншік  жəне  несие  капиталдарының

мөлшері  мен  құрамының  өзгерісіне  алып  келеді (ХҚЕС 7, 6 т.). Банк  ссудалары  негізінен

қаржылық қызметке жатқызылады, алайда талап ету бойынша өтелетін банктік овердрафтар

шаруашылық жүргізу кəсіпорнының ақша қаражаттарын басқарудың ажырамас бөлігі болып

табылады жəне операциялық қызмет түрінде болады (ХЕҚС 7, 8 т.).

ХҚЕС 7 банктік  овердрафтар  операциялық  қызмет  құрамына  ұсынылуы  мүмкін.

ҰҚЕС  сəйкес  банк  несиесі  бола  отырып  овердрафтар  ресми  түрде  қаржылық  қызмет

бойынша ақша ағымдағы құрамына қосылады.

3) ақшалық  емес  операциялар  ақша  қаражаттарының  қозғалысы  туралы  есепке

енгізілмейді, себебі  кəсіпорын  активі  мен  капиталының  мөлшеріне  əсер  ететіндігіне

қарамастан  есепті  кезең  ішінде  ақша  қаражаттарының  қозғалысына  жатқызылмайды

(бартерлік операциялар тауарлармен жəне қызметтермен ақшасыз алмасу ретінде, жарғылық

капиталды  шығару  жəне  құнды  қағаздар  ретінде  акциялар  шығару, айналымдық  емес

активтерді қаржылық жалға алу келісім-шарттарына сəйкес алу).

4) бір  операцияға  əр  түрлі  қызмет  түрлерінің  ақша  қаражаттары  қозғалысын

жатқызуға болады.

5) ақша  қаражаттарының  қозғалысы  туралы  есепті  дайындау  үшін  келесі  ақпарат

қажет: есепті  жəне  алдыңғы  жылдағы  баланс (ҰҚЕС  бойынша «ҚР  қаржылық  есептілікке

қойылатын  негізгі  талаптар, ХҚЕС 1 сəйкес «Қаржылық  есептілікті  ұсыну» - халықаралық

тəжірибеде  ағымдағы  жылдағы  қаржылық  нəтижелер  туралы  есеп»; (ҰҚЕС  бойынша

«Қаржылық  нəтижелер  туралы (Жиынтық  кіріс  туралы)» - ҚР, Кірістер  мен  шығыстар

туралы есеп (ХҚЕС сəйкес бірінші халықаралық тəжірибе); ақша қаражаттары мен олардың

баламаларының  кірісі  мен  шығысы  бойынша кейбір  операциялар  туралы  қосымша  ақпарат

(Негізгі кітап).

6) ақша  қаражаттарының  қозғалысы  туралы  есепті  дайындаудың  соңғы  кезеңі  есепті

кезеңдегі  ақша  қаражаттарының  таза  қозғалысы  бабы  бойынша  ақшалай  кірістер  мен

шығыстар  сомасы  арасындағы  айырмашылыққа  тең  операциялық, инвестициялық  жəне

қаржылық  қызмет  нəтижесіндегі  ақша  қаражаттарының  таза  қозғалысы  туралы  жеке

берілген  ақпаратты, есепті  кезең  басындағы  жəне  соңындағы  ақша  қаражаттары  қалдығы

айырмашылығы турады ақпаратты алу болып табылады.

7) Инвестициялық  жəне  қаржылық  қызмет  нəтижесіндегі  ақша  қаражаттарының

қозғалысы бөлімдерін құрастыру барысында ақша қаражаттарының түсімі мен жылыстауын

жеке  көрсету  талап  етіледі. ҰҚЕС  жəне  ХҚЕС 7 Ақша  қаражаттары  туралы  есеп  формасы

бойынша ерекше белгілері:

1. ХҚЕС 7 сəйкес  жоғарыда  аталған  қызметтер  нəтижесінде  туындаған  ақша

ағымдарының өзара есебі мүмкін болатын екі жағдай бар:

а) ақша ағымдарының тұтынушылар тапсыруы бойынша түсуі жəне жылыстауы, бұл

жағдайда  ақша  қаражаттарының  қозғалысы  кəсіпорынның  қызметін  емес  тұтынушының

қызметін көрсетеді;

б) ақша  қаражаттарының  айналым  жылдам  болып  табылатын  баптар  бойынша  түсуі

жəне жылыстауы, бұл жағдайда сома үлкен, ал өтеу мерзімі қысқа болады.

2.  ХҚЕС  7    қолдану  ауқымы отандық ҰҚЕС салыстырғанда кеңірек болады  (барлық

кəсіпорындарға  жəне  қаржылық  мекемелерге  қатысты  болады), ол  банктер  мен  бюджеттік

мекемелерден  басқа  барлық  меншік  түрлеріндегі  кəсіпорындарға, шағын  кəсіпкерлік

субъектілеріне  қатысты  болады. Бұдан  басқа, ХҚЕС 7 «Ақша  қаражаттарының  қозғалысы

туралы  есеп» ХҰЕС 31 «Бірлескен  кəсіпорындардағы  үлестер  туралы  қаржылық

есептілікпен» бірге  бірлескен  немесе  ассоциациялы, еншілес  кəсіпорындардың  холдингтік



436

ұйымдары болатын кəсіпорындарда үлесі бар инвестордың ақша қаражаттарының қозғалысы

туралы  есепті  дайындауды, оның  құрылымын  жəне  ұсынуды  реттейді. Ақша

қаражаттарының қозғалысы туралы шоғырландырылған есепті құрастырудың ерекшеліктері

Украинада  жеке  ережемен (стандарт) анықталады (ҰҚЕС «шоғырландырылған  қаржылық

есептілік»);

3. ҰҚЕС  бойынша  ақша  қаражаттарының  қозғалысы  туралы  есептің  стандартты

бірыңғай  формасы  жəне  ақпарат  маңызды  болған  жағдайда  жолдар  қосу  мен  алып  тастау

мүмкіндігі  болады. Халықаралық  стандарттармен  есеп  формасы  реттелмеген, алайда

операциялық, қаржылық жəне инвестициялық ақша ағымдарына жіктеледі.

4. ҰҚЕС 11 т. сəйкес  қаржылық  есептілік  ескертулерінде  келесі  ақпараттар

көрсетіледі:

- ақша қаражаттарының құрамы;

- ақша  ағымдарының бірнеше түрлерін  біріктіретін  ақша  қаражаттарының қозғалысы

туралы есептің «Басқа да түсімдер», «Басқа төлемдер» секілді есеп баптарының құрамы;

- кəсіпорында бар жəне кəсіпорын тиісті болатын топтың пайдалануына қол жетімсіз

ақша қаражаттарының біршама сомасының болуы.

Жоғарыда аталған қаржылық есептілік ескертулерінде көрсетілетін бөлімдерден басқа

ХҚЕС 7 жеке бірқатар баптарды көрсетуді ұсынады:

- экстраординарлы  баптар – кəсіпорынның  күнделікті  қызметінен  айқын

ажыратылатын оқиғалар салдарынан туындайтын кірістер немесе шығыстар, олар жиі немесе

тұрақты түрде қайталанбайды;

- алынған жəне төленген пайыздар мен дивидендтер;

- кіріс салығынан туындайтын ақша қаражаттарының қозғалысы;

- еншілес  кəсіпорындарды  немесе  басқа  да  шаруашылық  жүргізу  бірліктерін  сату

немесе  сатып  алу  нəтижесінде  туындайтын  ақша  қаражаттарының  жиынтық  қозғалысы

(ҰҚЕС  қаржылық  есептілік  ескертулерінде  еншілес  кəсіпорындарды  сату  немесе  сатып

алудың қаржылық жағдайына (күніне), есепті  кезеңнің  қаржылық  нəтижелеріне  жəне өткен

кезеңдердегі осы көрсеткіштерге əсерін қарастырады).

5.  ХҚЕС  7,  22  т.  сəйкес  операциялық,  инвестициялық  немесе  қаржылық  қызмет

нəтижесінде  туындайтын  ақша  қаражаттары  қозғалысының  көрсеткіштері  нетто-əдіс

бойынша ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепте ұсынылуы мүмкін, ол келесілерді

қарастырады:

1) ақша  қаражаттарының  тұтынушылардың  тапсыруы  бойынша  түсуі  жəне  төленуі,

бұл жағдайда ақша ағымдары кəсіпорын қызметін емес тұтынушы қызметін көрсетеді;

2) ақша  қаражаттарының  айналым  жылдам, сома  үлкен, ал  өтеу  мерзімі  қысқа

болатын баптар бойынша түсуі жəне төленуі.

ҰҚЕС ХҚЕС 7 айырмашылығы мұнда нетто-əдісті қолдану қарастырылмаған.

6. ХҚЕС 7, 50 т. сəйкес ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепте операциялық,

инвестициялық  жəне қаржылық  қызметтен туындайтын  ақша  ағымдарының сомасы  туралы

əрбір көрсетілген  сала немесе географиялық сегментте  қосымша  ақпарат  беру ұсынылады.

Кірістер, шығыстар, қаржылық  нəтижелер, активтер  мен  есепті  сегменттер  міндеттемелері

туралы ақпаратты қалыптастырудың əдістемелік негіздері мен оларды қаржылық есептілікте

көрсетуді ҰҚЕС анықтайды.

Сонымен, айтылғандарды  қорытындылай  келе, біз  бүгінгі  таңда  ақша

қаражаттарының  қозғалысы  туралы  есепті  қалыптастырыудың  əдістемелік  негіздерін

жетілдіру  жəне оны үйлестіру жалғасын табуда деп  айта аламыз жəне бұл құрастыру əдісін

таңдауға қатысты балама құқығы қалған жалғыз есеп түрі екенін айта кету керек.

Ұлттық  жəне  халықаралық  стандарттар  бойынша  ақша  қаражаттарының  қозғалысы

туралы  есепті  қалыптастырудың  ортақ  белгілері  мен  негізгі  айырмашылықтарын  анықтау

арқылы  кейбір  ұстанымдық  мəселелердегі  ұқсастық (мақсат, ақша  ағымдарын  қызмет

түрлері бойынша шектеу) жəне белгілі аспектілер бойынша айырмашылық (қолдану саласы,

операциялық  қызмет  нəтижесіндегі  ақша  қаражаттарының  қозғалысы  туралы  есептілік



жүктеу 4,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   219




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау