27
Еуразиялық экономикалық одағын жетілдіріп, оны біздің басқа көршілеріміздің кіруі үшін
қолайлы етуді ұсынудамыз (қазіргі кезде Армения, Қырғызстан мемлекеттері мүшелікке
енген). Қазіргі кезде əлемдік рыноктарда біздің тауарларымызға, қызметтерімізге жəне озық
идеяларымызға жаңа «тауашалар» құру мен жеңіп алу үшін жеке меншік бизнес пен
мемлкеттің күш-жігерін топтастыру мəселесі қай кездегіге қарағанда да өзекті болып отыр.
2014 жыл қорытындысы бойынша Еуразиялық экономикалық одағына мүше
мемлекеттер бойынша жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) көрсеткіші шамалы артқандығын байқаймыз,
кесте 2.
Жалпы ішкі өнімді АҚШ долларына шаққанда үлес салмағы басымдық жағынан Ресей
мемлекеті көш бастап тұрса, Беларусь үшінші, Қырғыз елі төртінші орында жайғасқан.
Бүгінде ұлттық экономиканың жəне Казақстан мемлекетінің іргетасын берік
қамтамасыз етуге қол жеткізіп, біз қағидаттық жаңа кезеңге қадам бастық. Мұның өзі бүгінде
жəне болашақта Қазақстанның одан əрі тұрақты дамуын, яғни экономикалық, əлеуметтік,
саяси жəне əкімшілік негіздерінің биік мүмкіндіктері қамтуға жол береді.
Əдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлы Қолбасшысы Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан
халқына Жолдауы: «Əлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты».
«Егемен Қазақстан» газеті, №42, (27114), 28 қаңтар, 2012 жыл, 1б.
2. Айтаханов Е. «Региональная политика: основные ориентиры реализации в РК» // Саясат –
2012, № 4. с.56-58
3. Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері. ҚР
Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2010 жыл, 29 қаңтар online.zakon.kz/.
4. Жаңа əлемдегі жаңа Қазақстан. ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына
Жолдауы, Астана, 2008 жылғы, 16 ақпан, http://www.akorda.kz/kz/
5. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің статистикалық комитетінің
ресми сайты www.stat.gov.kz.
ҮШІНШІ ИНДУСТРИЯЛДЫҚ РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДА
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУІ
Мұратбекқызы А.
Р.Байсейітов ат. Семей қаржы–экономикалық колледжі,
Семей қ., Қазақстан Республикасы
E-mail: akmaral.muratbekkyzy@bk.ru
Қазақстан Республикасының экономикасы тұрақтылық пен өсудің айқын көрінісі.
Жылдан жылға экономикалық көрсетіштер, оның ішінде сыртқы сауда қатынастары, шетел
инвестициялар ағыны, халықаралық еңбек бөлінісіндегі орны дамып келді.
Үшінші индустриялдық революция термин ретінде АҚШ мемлекеттінің көрнекті
экономисті Джереми Рифкин енгізген болатын. Бірінші революция XVIII ғасырда өндірістік
төңкеріс, жаппай баспа құралдары мен көмір салаларының дамуымен ерекшелінсе, екінші
революция ХХ ғ. электр қуатының, байланыс құралдарының, ұялы телефондар мен байланыс
желілерінің дамуымен таңымал. Екінші революцияның басты тауар – символы автокөлік
болды. Өткен ғасырдағы өзгерістердің əсерінен қоғамдағы адамның өмір сүру салты, өмір
сүру орны үлкен өзгеріске ұшарады. Енді əлемнің алдында үшінші индустриялдық
революция келіп те жетті. Бұл төңкерістің басты ерекшеліктері:
1. Жаңартылмалы қуат көздерін пайдалану;
2. Ғимараттарды қуат өндіретін мини-зауыттарға айналдыру;
3. Қуат мен ресурстарды жинақтайтын технологияларды дамыту мен енгізу;
28
4. Көліктерді сутегі энергетикасына аудару, үнемді көлік құралдарының түрлерін
ойлап табу;
5. Өнеркəсіптік өндірістен жеке өндіріске көшу, тұрмыстық техниканы ЗD-
принтерлер арқылы шығару;
6. Метталургиядан құрамында көміртек бар өндіріске көші;
7. Мал шаруашылығынан толықтай бас тарту, 3D – принтерлер арқылы «жасанды
еттерді» əзірлеу;
8. Ауыл шаруашылығын «тік фермалар» арқылы қалаға көшіру [1].
Əлемдік экономика Еуропа Одағының елдері 2020 жылы қуаттың 20 пайызын
жаңартылмалы қуат көзінен алуға дəмелі, алайда бұл елдердің инфрақұрылым жағдайы көне
əрі ірі болғандықтан жаңа заманға сай мини-зауыттарды қайта салуға уақыт керек. Қытай
мен Индия үшін əлсіз инфрақұрылым пайдасын бермек.
Соңғы жылдары еліміздегі экономикалық өсу көрсеткіштері көбіне ішкі сұраныс пен
ұсынысқа байланысты болса да, шетелдік серіктестердің экономикалық өсу көрсеткіштеріне
тікелей тəуелді болып келеді. Мəселен, 2013 ж. ЖІӨ - 6% болса, 2014 ж. 5% төмендеген,
оның себебі Қытай мен Ресей мемлекетінен мұнайға деген сыртқы сұраныстың
төмендеуінен, мұнай өндірісі қысқартылды. 2014 ж. ақпан айындағы теңге девальвациядан
ішкі сұраныс көлемі де төмен деңгейде болды [2]. Дегенмен Қытай (-3), Ресей (-2) елдерімен
салыстырғанда еліміздің экономикалық өсу көрсеткіші жоғары [3]. Нарықтағы
тұтынушылардың сұранысының көбеюі тұтынушылық жеке несиелер көлемінің ұлғаюымен
тікелей байланысты. Сонымен қатар, əлсіз тұстарына, өндіріс мəселесін жатқызуға болады.
2015 ж. қорытындысы бойынша экономикалық өсу – 2% құрап отыр. Экономикалық өсудің
бұл төмендеу көрсеткіші мұнай бағасының арзандауы мен Ресей елінің экономикалық өсу
көрсеткіштерінің төмендеуімен байланысты. Осыған байланысты ішкі нарықтағы мұнайды
өндіру деңгейі төмендеді. Дүниежүзілік шаруашылықта сыртқы тəуекелдер жоғары, себебі
АҚШ мемлекетінің ақша – несие саясатының қаталдануына байланысты, əлемдік қаржы
нарығындағы несиелендіруде қаталданды. Бұған қарамастан, еліміздің алтын, ақша
резервтері қысқа мерзімдегі экономикалық өсуді тұрақтандыруға пайдасын тигізеді, атап
айтқанда 2015 ж. І тоқсанында 29 млдр.дол., ұлттық қорда – 70 млрд.долл. құрайды [4].
Үшінші индустриялдық революцияның əсерінен елімізде экономикалық өсу қандай
деңгейде болатыны көптеген экономистерді толғандырады. Кейбір экономистердің ойынша
үшінші революция еліміз үшін тиімсіз, себебі Қазақстан минералды ресурс көзі
болғандықтан, альтернативті энергия көздерін пайдалануға жаңа инфрақұрылым, жаңа
идеялар қажет. Екінші экономистер тобы керісінше үшінші революция шектеулі ресустарды
тиімді пайдаланып, жаңа қуат көздерін табуға септігін тигізетін сөзсіз екенін атайды. Əрине
бұл ұғым орынды, себебі минералды ресурстар шектеулі, үнемді пайдалану арқылы жаңа
қуат көздеріне айналдыру керек. Сонымен қатар жаңа технологиялардың əсерінен, ішкі
нарықта отандық өнімге сұраныс туындайтын болады, қазіргі таңда техника барлығын шет
елдерден импорттайтын болса, осы революция негізінде отандық өнімге сұраныс өседі.
Еліміздің сауда айналымы 2015 ж. желтоқсан айында 6 205, 8 млн. АҚШ долл., соның
ішінде импорт 2 326, 3 млн. АҚШ долл. құраса, экспорт 3 879, 5 млн. АҚШ долл. құрап отыр.
Негізгі экспорттаушы елдер: Ресей, Қытай, Германия. «Машиналар, жабдық, көлік
құралдары, аспаптар жəне аппараттар» негізгі импорт өнімдері болса, негізгі экспорт
өнімдері «минералды ресурстар» болып табылады. Қазақстан өз тарапынан осы
көрсеткіштерді тиімді пайдалану керек, қоғамда «жасыл экономика, балама энергия көздері»
еліміздің шикізат өнімдерін экспорттауды жояды деген қате пікірлер туындамауы керек.
Керісінше еліміз үшін бұл төңкерістің жақсы жақтары көрініс табады, атап айтқанда,
«шикізат көзі» атауы жойылады, сəйкесінше өңдеуге, өндіруге жол ашылады, заман
талабына сай даму орын алады, еліміздің қысқа мерзімде əлемдік сахнадағы орнын
дəлелдеуге мүмкіндік туады, экономикалық өсуге пайдасын тигізеді.
Жоғарыда келтірілген үшінші индустриалды революцияның ерекшеліктердің негізгі 5
элементті қазіргі таңда еліміздегі «EXPO -17» көрмесінде қолданылу жоспарлануда, яғни