Оқулық Алматы, 2014 Әож 330(075. 8) Кбж 65 я73 ж 39



жүктеу 6,32 Mb.
Pdf просмотр
бет37/68
Дата31.01.2020
өлшемі6,32 Mb.
#27882
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   68

өндірістік  организмдегі  техниканың,  технологияның  пайдаланыл- 
майтын  резервтері,  сондай-ақ  жаңа  техникалық-технологиялық 
құралдар  мен  ұжым  шығармашылық  элеуетінің  іске  қосылмаған 
қорлары кіреді.
Уақыт  факторы  білім  трансформациялануының  ұзақтығын 
айқындап  ғана  қоймайды,  эртүрлі  тактикалық  мақсаттарға  байла- 
нысты ғылыми-техникалық элеуетке түрлі баға берілуіне түрткі бо- 
лады.  Тактикалық  әлеует  нақты  шаруашылық  жүйесі  жағдайында 
1-5  жыл  пайдалануға  болатын  инновациялардан  құралады.  Стра- 
тегиялық  элеует  дайындалып  жатқан  инновациялардың  жаңғыр- 
ғыштық  қабілетіне  байланысты,  бұларды  өнім  мен  өндірісті 
жаңартуға  пайдалану  бесжылдық  кезеңнің  шегінен  тыс  іске  асуы 
мүмкін.  Жалпы  ғылыми-техникалық  элеует  тек  жай  жиынтыкты 
ғана  емес,  тактикалық  және  стратегиялық  элеуеттердің  қандай  да 
бір  бірлігін  білдіреді.  Шаруашылық түзілістің ғылыми-техникалық 
әлеуеті жүйеішілік жэне жүйеаралық бөліктерге бөлінеді.
Әлеуетті  пайдалану  тиімділігі  бағалағыш  ретінде  таңдап  алы- 
нып,  қазіргі  кезде  қол  жеткен  эрбір  әлеуметтік-экномикалык  көр- 
сеткіштің  болашақта  ғылыми-техникалық  әлеуетті  барынша  пай- 
даланғанда  қол  жетуі  мүмкін  жетістіктерге  қатынасы  ретінде 
жалпылама бағаланады.
9.2.  Fылыми-техникалық инновациялық саясатты 
мемлекеттік реттеу механизмдері мен тетіктері
Әлеуметтік-экономикалық  көзқарас  тұрғысынан  мемлекеттік- 
техникалық  саясат -   ол  мемлекеттің  ғылыми,  ғылыми-техникалык 
салаға жэне шығармашылық еңбектің спецификасы мен оның моти- 
вациясын ескере отырып, қызметтің тиісті түрлеріне қатысты өзінің 
негізгі  фунцияларын  едәуір  толық  орындауы  деген  сөз.  Ол  қоғам 
дамуының  әлеуметтік,  экономикалық  жэне  саяси  мақсаттарының 
жиынына  тактикалық  жэне  стратегиялық  тұрғыда  қол  жеткізу 
үшін  сол  еңбектің  ықтимал  жэне  қолда  бар  ресурстарын  едәуір 
пәрменді  пайдалануға  бағытталған.  Ғылыми-техникалық  саясат- 
тың  әлеуметтік-экономикалық  табиғаты  айрықша  шығармашылық 
еңбектің  барынша  жоғары  нәтижелерін  алу  мен  тактикалық  жэне 
стратегиялық  элеуметтік-экономикалық  міндеттердің  жиынтық- 
талу  мэселелерін  едэуір  тиімді  шешу  үшін  пайдалануға  бағыт- 
талғандығымен  айқындалады.
116


Мемлекеттік  ғылыми-техникалық  саясат  адамдар  өмір-тірші- 
лігінің  барлық  салаларын  жаңарту  үшін  инновацияларды  жасау, 
қайтатүлету жэне пайдалану жөніндегі мемлекет пен қалған ғылыми- 
техникалық  субъектілері  арасындағы  қоғамдық-экономикалык 
қатынастар  жиынтығы  болып  табылады.  Мемлекеттік  органдар, 
ғылыми-техникалық  саясатты  эзірлей  отырып,  ғылымның  қуатты 
өндіргіш  күшке,  ғылыми-техникалық  әлеует  -   кез  келген  елдің 
әлемдік  нарықтағы  бәсекеге  қабілеттілігінің  шешуші  факторына 
айналғанын,  ал  ғылыми  эзірлемелерді  тиімді  және  мақсатты  пай­
далану  кез  келген  шаруашылық  жүйесінің  орнықты  дамуының 
алғышарты болып табылатынын назарға алады.
Мемлекеттің  ғылыми-техникалық  саясаты  -  ҒТП  стратегиялық 
мақсаттарын  қалыптастыру  іргетасына қаланатын  шаралар  жүйесі. 
Шаралар  жүйесі  елдің  ғылыми-техникалық  элеуетін  рационалды 
орналастыру  мен  тиімді  пайдалануға  негізделген.  Шаралар  жүйесі 
маңызды  әлеуметтік  мэселелерді  шешу  үшін  ғылымды  жэне  тех- 
никаны  дамытуға  қаржының  бөлінуін  арттырудан  басталады. 
Стратегияның  негізінде  өндірілетін  өнімнің  тиімділігі  мен  бәсеке 
қабілеттілігін  арттыруға,  экономикалық  ахуал  мен  мемлекеттің 
қорғаныстық  ақпараттық  ресурстарын  жақсартуға,  мемлекеттің 
қорғаныс  қабілеттілігін,  жеке  тұлғаның,  қоғам  мен  мемлекеттің 
қауіпсіздігін  нығайтуға,  ғылым  мен  білім  берудің,  сондай-ақ 
ғылымның,  өндіріс  пен  нарықтың  өзара  байланысын  күшейтуге 
арналған  материалдық  өндіріс  саласындағы  прогрессивті  құр- 
лымдық өзгерістер жатыр.
Ғылыми-техникалық  саясатты  іске  асыру  кезіндегі  мемлекет 
фунциясының жиынынан келесілерді:
1) жоспарлық-болжамдық;
2) үйлестіруші;
3) реттегіш;
4) ақпараттық;
5) зерттеушілік;
6) нормативтік-құқықтық;
7) сыртқы экономикалық;
8) ұйымдық;
9)  басқару;
10)  бақылау функциясын бөліп көрсету керек.
117


ҒТП реттегенде мемлекет келесі негізгі принциптерді:
-   қызметтің  нэтижесі  үшін  қызметкердің  жэне  ұжымның 
жауапкершілігімен  үйлескен  ғылыми  және  техникалық  шығар- 
машылық еркіндігін;
-   саясатты  эзірлегенде  жэне  іске  асырғанда  жариялылық  пен 
ғылыми жэне саяси қауымдастықты кеңінен тартуды;
-   ғылыми-техникалық  қызметті  дамытудың  жекелеген  ба- 
ғыттарына басымдық беруді жэне оларды ресурстық және қүкыктық 
қамтамасыз етуді;
-   ғылыми  және  ғылыми-техникалық  ақпаратқа  қол  жеткізу 
еркіндігін;
-   интеллектуалды  меншіктің  құқытық  қорғалуына  кепілдік 
берілуін;
-   мемлекеттік  реттеудің  және  шығармашылық  ұжымдардың 
үйлесімін;
-   ғылыми-техникалық  қызметтегі  меншік  формасының  көп 
түрлілігін;
-  ғылыми-техникалық қызметтегі бэсекелестік пен іскерлікті;
-   ғылыми-техникалық  қызметтің,  өндірістің,  инновациялық 
белсенділіктің жэне нарықтың интеграциялануын;
-   ғылыми  жэне  инновациялық  белсенділікті  мемлекеттік 
реттеуді;
-   ғылыми-техникалық  саясатты  әзірлеу  мен  іске  асырудың  көп 
субъектілігін;
-   мемлекеттің  ғылыми-техникалық  қызмет  субъектісі  ретіндегі 
белсенді рөлін;
-   халықаралық  ғылыми-техникалық  ынтымақтастықтың  даму-
ын;
-   ғылыми-техникалық  элеуеттерді  дамытуға  жүйелі  қырынан 
келуді;
-   ғылыми,  ғылыми-техникалық  жэне  инновациялық  қызметтің 
басқа да түрлерін белсенді  мемлекеттік  көтермелеуді;
-   жаңа  техника  мен  жаңа  технологияны  әзірлеу  кезінде  эко- 
логиялық,  экономикалық,  әлеуметтік қауіпсіздіктің сақталуын;
-   иновациялық  белсенділікті  оперативті  мониторингтеуді  бас- 
шылыққа алуға міндетті.
Мемлекет  өзінің  ғылыми-техникалық  жэне  инновациялық 
экономикалық саясатын  келесі тәсілдердің:
118


жүктеу 6,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау