Оқулық Алматы, 2014 Әож 330(075. 8) Кбж 65 я73 ж 39


Н егізгі терм индер  мен  түсініктер



жүктеу 6,32 Mb.
Pdf просмотр
бет36/68
Дата31.01.2020
өлшемі6,32 Mb.
#27882
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   68

Н егізгі терм индер  мен  түсініктер:
• дағдарысқа қарсы шаралар
•  антициклдық реттеу
•  цикл  фазалары
• тұрақсыздық
•  циклдық ауытқулар
•  орнықтылық
•  экономикалық дағдарыстар
• қаржы жүйесін тұрақтандыру
• реструктуризация
С ұрақтар  мен  оқу тапсы рм алары :
1.  Экономиканың тұрақсыздану себептерін түсіндіріңіздер жэне 
ел дамуының орнықтылығы мен тиімділігіне қалай қол жетеді.
2.  Цикл  фазасының  күйіне  байланысты  экономиканы  мемле- 
кеттік  реттеу  шаралары  қандай  болуы  мүмкін  екенін  анықта- 
ңыздар.
3.  Цикл фазасының қандай да бір жай-күйіне қарай билік орган- 
дарына дағдарыстан шығу шараларын көрсетіңіз.
4.  2007-2009  жылдардағы  дағдарысқа  қарсы  шаралар  нәтиже- 
сінде  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  қандай  оң  нәтижелерге 
қол жеткізді?
5.  2007-2009  жылдардағы  кезеңде  қаржылық-экономикалык 
дағдарысқа  қарсы  әрекеттің  қазақстандық  тәжірибесінде  қандай 
ұйымдастырушылық ерекшеліктер орын алды?
6.  ҚР  Үкіметінің  2007-2009  жылдардағы  кезеңде  қаржылық- 
экономиаклық дағдарысқа қарсы шараларын атап өтіңіздер. Бүл ша­
ралар жеткілікті ме, онда сіз тағы қандай шараларды ұсынар едіңіз?
7.  ҚР  Үкіметі  дағдарыстан  кейінгі  қандай  шараларды  қолға 
алды?
8.  Ғаламдық  қаржылық-экономикалық  дағдарыс  Қазақстан 
экономикасына  ықпал  ете  бастағанда  Қазақстан  Үкіметі  мен  Үлт- 
тық  Банк  елеулі  мемлекеттік  инвестицияларды  қарастырған  Бағ- 
дарламаны  әзірледі.  Нарықтық  экономика  аясында  осындай  шара­
ларды  пайдалану заңға сәйкес  келеді деп  есептейсіз бе?
9.  Қазақстан  Республикасы  тэуелсіздік  жылдары  ішінде  іскер- 
лік белсенділікті  көтермелеуге байланысты өсу сатысынан, сондай-
112


ақ  құлдырау  сатысынан  жүріп  өтті.  Экономикалық  дамудың  эр 
сатысында  тиісті  мемлекеттік  билік  органдары  қандай  шаралар 
қолданды?
Әдебиет:
1.  ҚР  Үкіметінің,  ¥лтты қ  Банктің  жэне  ҚР  Қаржы  нарығын 
жэне  қаржы  ұйымдарын  реттеу  және  қадағалау  жөніндегі 
агенттігінің  2009-2010  жылдарға  экономика  мен  қаржы 
жүйесін  тұрақтандыру  жөніндегі  бірлескен  іс-қимылының 
жоспары.
2.  Елемесов Р. Е., Жатканбаев Е. Б. Государство и нарық. Алма­
ты.:  Қаржы -  қаражат.  1997 г.  Гл.  4.
3.  Стиглиц Дж.  Крутое пике:  Америка и новый экономический 
порядок после глобального кризиса.  М. 2011  г.  Гл.  1,3.
4.  Нурланова  Н.  К.  Экономические  вызовы  глобализации  и 
посткризисное развитие Казахстана // Вестник КазНУ. Серия 
экономическая.  2009 г. №3  (73).  С.  57-64.
113


9. 
¥ЛТТЫ Қ ЭКОНОМИКАНЫҢ ИНДУСТРИАЛДЫ 
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
9.1. 
Мемлекеттің ғылыми-техникалық және 
инновациялық саясатының қалыптасу негіздері
Қазіргі  заманғы  мемлекеттік  ғылыми-техникалық  саясатты 
эзірлеу  мен  іске  асыру  заманауи  экономикалық  ойдың  бірқатар 
теорияларымен  негізделген  заңдардың  жэне  заңдылықтардың 
әсерін  есепке  алуды  талап  етеді.  Олардың  арасында  қоғамдық 
қайта  өндіру,  шаруашылық  жүйелері,  даму  циклдығы,  аралас  эко­
номика,  технологиялық ғұрыптар,  дамудың  инновациялық типінің, 
экономикалық  орнықтылық  пен  қауіпсіздік,  ғылыми-техникалық 
элеует  жэне  т.б.  теориялары  бар.  Әсіресе,  жаңа  типтегі  жүйелі 
техника  мен  базалық  технологиялар  түріндегі  ғылыми,  ғылыми- 
техникалық,  инновациялық  еңбектің  нәтижелері  түрлі  деңгейдегі 
шаруашылық  жүйелерінің  экономикалық  дамудың  инновациялык 
типіне  сатылап  өтуінің,  нарықтық  ортада  олардың  жоғары  тиімді- 
лігі  мен  экономикалық  орнықтылы  қамтамсыз  етілуінің  шешуші 
құрылым  түзуші  сатысы  болды.  Шаруашылық  жүргізудің  негізгі 
буындарындағы ішкі өндірістік қатынастарды қайта жаңғырту жаңа 
күрылымдар  мен  ғылыми  ортадағы  жаңа  механизмдерді  сөзсіз  та­
лап етеді.
Экономикалық  прогрестің  жаңа  типінің  қалыптасуы  қоғамдық 
өндірістегі  қайта  жаңғыру  сатысының  айқындаушы  дамуына, 
ғылым  салаларының  жэне  өндіріс  пен  нарықтың  арасындағы 
интеграциялық  үдерістердің  күшеюіне  байланысты.  Бүл  объек- 
тивті  түрде  мемлекет  деңгейінде  елеулі  институционалды  ықпал 
етуді 
қажетсінеді. 
Мемлекеттік 
ғылыми-техникалық 
саясат 
негізгі  экономикалық  функцияларға  сэйкес  шаруашылық  жүргізу 
жүйелерінің  құрылымдарын  жэне  олардың  қызмет  етуі  мен 
дамуының  институционалды  жағдайларын  жасау  жөнінде  қамқор 
болуға тиіс мемлекеттің құрылымдық, өнеркәсіптік, инновациялық, 
инвестициялық саясатымен тығыз байланысты  болады.
Аралас  экономика  жағдайында  ғылыми-техникалық  саясат, 
элеуеметтік-экономикалық  саясат  сияқты  тұтастай  алғанда,  мін-
114


деттері,  бағыттары,  бірақ  әсіресе  бастапқы  институционалды, 
шарттары  жэне  эзірлеу  мен  іске  асыру  механизмдері  бойыша 
күрделене  түседі.  Мемлекеттік  ғылыми-техникалық  саясаттың 
көптеген  компоненттері  -   міндеттері,  бағыттары,  формалары, 
тәсілдері -  біртұтас ғылыми-қайта өндіру циклы  бойынша пропор- 
ционал  түзілген  шаруашылық  жүргізу  жүйелерінің  жай-күйімен, 
сондай-ақ  олардың  қасиеттерінің  жиынтығымен  айқындалған.  Бүл 
жерде  экономикалық  орнықтылықтың  өз-өзін  қамтамасыз  етуге 
қабілеттілігін, яғни шаруашылық жүргізу жүйесінің дамуы үшін өз 
аясында негізгі факторларды (ресурстарды) қайта жаңғырта алу не- 
месе оларды өзінің шаруашылық қызметіне сырттан пэрменді тарту 
үшін жағдайлар туындату мүмкіндігін атап өту керек.
Мемлекеттік  ғылыми-техникалық  саясат  әдеттегідей  ғылыми- 
техникалық  қызметке,  интеллектуалды  еңбекке  тікелей  ықпал 
етпейді,  олар үшін  едәуір қолайлы ұйымдық,  мотивациялық,  құры- 
лымдық,  ресурстық,  құқыктық  алғышарттар  туындатады,  қайта 
жаңғыру  белгілері  бойынша  өзара  байланысқан  шаруашылық 
жүргізу  жүйелерінің  қалыптасуы  мен  дамуына  жәрдемдеседі, 
олардың  ғылыми,  инновациялық  және  тұтастай  алғанда  іскерлік 
белсенділігінің дамуын түрткі болады.
Пәрменді  мемлекеттік  ғылыми-техникалық  саясатты  эзірлеу 
мен  іске  асыру  үшін  технологиялық  төңкерістер  циклділігін 
қамтитын  экономикалық  даму  циклділігі  маңызды  мэнге  ие. 
Мемлекеттің  әлеуметтік-экономикалық  саясаты  эрқашан  өнді- 
рістегі  кез  келген  шаруашылық  жүйесінің  мүмкіндіктерін  тұтыну- 
шылар  игілімен  жиынтықта  бағалауға  арқа  сүйейді.  Экономика 
ғылымы  олардың  арасынан  инновациялық  факторларды  (жаңа 
техниканы,  материаларды,  технологияны,  өндіріс  пен  еңбектің 
үйымдастырылуын,  уәжді)  бөліп  көрсетеді,  оларды  анағұрлым 
толық  тиімді  пайдалану  барынша  жоғары  жиынтық  нәтитже  алуға 
мүмкіндік береді.
Ғылыми-техникалық  қызмет  нэтижелерінің  эртүрлі  жай-күйін 
талдау  олардың  барлығы  жинала  келе  интеллектуалды  еңбектің 
нәтижесі  болып  табылатын  ғылыми-өндірістік  циклдың  негізгі 
фазалары  бойынша  бөлінуі  мүмкін  екенін  көрсетті.  Қандай  да 
бір  шаруашылық  жүйесінің  ғылыми-технологиялық  негізінде 
ғылыми-өндірістік  циклдың  түрлі  сатыларында  тұрған  ғылыми, 
инновациялық білімнің жиыны жатыр, бүл жерде қызмет етіп түрған
115


жүктеу 6,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау