17
жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдік, спорт және т.б.) туралы ақпараттандыру үшін
БАҚ пайдалану қажет.
Оқу бағдарламаларына салауатты өмір сүру мәселелерін енгізуге, сондай-ақ халықтың
арасында салауатты өмір салтын үздіксіз насихаттап және қалыптастырып отыратын білікті
медицина мамандарын дайындау жөнінде ұсыныстар жасалды. Сондай-ақ салауатты өмір
салты прогресті өлшеп отыру үшін баламалы әдістеме енгізу арқылы ғаламдық күн
тәртібінде көрініс табуы ұсынылды.
Денсаулық сақтауға Қазақстанда көп көңіл бөлінеді және бұл секторға мемлекеттік
әлеуметтік шығынның ең үлкен бөлігі жұмсалады. Орындалмаған мақсаттар бар және еліміз
4,5, және 6 МДМ қол жеткізуді жылдамдату қажеттігін мойындайды. Ана өлімін
төмендетуде айтарлықтай төмендету байқалады: 2011 ж. 100 мың әйелге 17,4 жағдай. Ана
өлімінің ең үлкен көрсеткіші Ақмола мен Маңғыстау облыстарында байқалады: 32,2% және
30,9% тиісінше
20
. Жаңа туған сәбилердің өлімін төмендетуге күш салу нәтижелері де
жақсартуды талап етеді: 2012 ж. 1 000 жаңа туған балаға 13,6 оқиғадан келеді, ал бес жасқа
дейінгі балалар өлімінің деңгейі дерек бойынша 2012 ж. 1 000 балаға 15,8 оқиғаны
құрайды
21
. Бала өлімінің деңгейі де әр облыста әрқалай. Облыс деңгейінде кедейлік
деңгейіндегі оң корреляцияны байқауға болады, кедейлік деңгейі мен денсаулықты қорғау
іс-шараларының нәтижелілігі арасындағы тікелей байланысты куәландырады.
Ел сексуалдық және өсімпаздық денсаулықты қорғау қызметтеріне жалпы қол жеткізуді
қамтамасыз ету бойынша міндеттерді орындаудан әлі алыс. Зерттеу нәтижелері бойынша
ұяны таңдап алуды қолданумен 9 әйелдің 1-уі орынсыз жүкті болумен ұшырасады және осы
әйелдердің көпшілігі аборт жасайды. Жастардың көбінесе отбасын жоспарлау мен
жыныстық жолмен жұғатын инфекцияны емдеу қызметтеріне қол жеткізе алмауы
салдарынан Қазақстандағы үйленгендер арасындағы бедеулік деңгейі 17% құрайды
22
.
ҮЕҰ мен денсаулық саласындағы мамандар өсімпаздық денсаулық пен бедеулікті емдеу
қызметтерін тегін жалпы қамту саласын жетілдіру қажеттігіне көңіл аударды. Бұл
әйелдердің де, сол сияқты ерлердің де өсімпаздық денсаулыққа қатысты. Осы қызметтердің
жеткіліксіздігі жүктіліктің асқынуына, ана өлімінің жоғарылауына және жыныстық жолмен
жұғатын инфекцияның көбеюіне соқтырады. Өсімпаздық денсаулық негізінен халықтың
денсаулығының құрамында талқыланды, отбасын жоспарлау мәселесі адам құқығымен және
елдің демографиясымен тікелей байланысты болатындықтан ол әлеуметтік сектордың
әлдеқайда көп үлесін қамтиды.
АИФ-жұқпалы дертіне қатысты алатын болсақ, онда Қазақстанда АИФ эпидемиясын
бастапқы сатыда ұстап тұруға болады. Бүгінде Қазақстанда 20 мың адамда АИФ бар және
инфекцияның жыныстық жолмен берілуі артып келеді. 2001 жылдан бастап 2011 жылға
дейінгі соңғы 10 жыл үшін АИФ-жұқпалы дертіне жаңа оқиғаларының саны 1175 бастап
тиісінше 2006 дейін артты. АИФ-жұқпалы дерті негізінен ер адамдар арасында таралғанына
қарамастан АИФ-жұқпалы дертін жұқтырған әйелдер саны өсіп келеді. 2011 ж. жаңа
тіркелген АИФ-жұқпалы дерті оқиғаларының санынан 40% әйелдерге келеді, оның 10%
жүкті әйелдер құрайды.
Кейбір ҮЕҰ АИФ жұқпалы дерті туралы консультация алу мен тестілеуге қол жеткізу жалпы
және халықтың осал топтарының көпшілігі бұрын қамауда болғандар, мигранттар,
босқындар және тіркеуде жоқ адамдардың мұндай қызметтерге қол жеткізулері шектеулі
20
ҚР Статистика агенттігі
, 2012 ж.
21
ҚР Статистика агенттігі
, 2012 ж.
22
ЮНИСЕФ, Ұялық таңдап алуды қолданумен көптеген көрсеткіштер бойынша тексеру, 2010 ж.
18
болуына, бұл АИФ-жұқтырғандардың үлесі өсіп келе жатқан елде мазасыздық
тудыратынына алаңдаушылық білдірді. Мұндай қызметтердің шектелуі адамдардың
денсаулығын қорғау құқығына және АИФ-жұқпалы дерті эпидемиясының өсуіне әсер етеді.
АИФке жасырын тестілеуден өтетін бірқатар орталықтардың бары еске салынды, бірақ, бұл
ақпараттың халықтың кең тобы арасында болмауы бұған өте зәру адамдардың қол жеткізуін
шектеп отыр.
Талқылау нәтижелері бойынша заң жүзінде жергілікті жерлерде тегін жаппай көрсетілетін
медициналық көмек барына қарамастан, медициналық қызметтердің әр түрі бойынша
көрсетілетін мұндай көмек барлық жерде бірдей еместігін және ресми емес төлем төлеген
жағдайлар болатынын айтуға болады. Денсаулық сақтау қызметтеріне қол жеткізу халықтың
кейбір осал топтарына, негізінен тіркеуде болмағандықтан, ерекше қиындық тудырады. Сол
сияқты, балалар үйінің бұрынғы тәрбиеленушілері денсаулық сақтау қызметтеріне қол
жеткізу қиындықтарына ұшырасады.
Жақында ЕЖДБ
өткізген сұраулардың нәтижелері бойынша Қазақстан азаматтарының тек
54% ғана медициналық қызметке қанағаттанады, ал денсаулық сақтау жүйесіндегі ресми
емес төлем 18% құрайды.
23
Көптеген қатысушылар медициналық мекемелердегі «ұзын
кезекті» көрсетеді. Талқылауға қатысқан мүмкіндігі шектеулі бір әйел, ол дәрігерлерге
келген кезде «оған жоғарыдан қарайтынын, сондықтан өзін қорлағандай сезінетінін» айтты.
«Мені дәрігерлер көрген кезде, олар маған жаман оймен қарайды. Бірде олар маған менің өз
жағдайыма байланысты балалы бола алмайтынымды айтты, бұл мені қатты қапаландырды.
Арада бірнеше жыл өтті, қазір мен бақытты анамын және менің дені сау бақытты балам бар».
Көптеген талқылауға қатысушылар медицина қызметкерлері «пациенттерге неғұрлым
тілектестікпен қараулары, адамдармен жұмыс істеуді үйренуі және олар қызмет көрсетіп
отырғанын естерінде ұстауы тиіс».
МДМ қол жеткізу жөнінде өткізіліп жатқан шараларға қосымша ретінде инвестициялар
профилактикалық қызметтерді нығайту үшін қажет және бастапқы медициналық-
санитарлық көмек пен халықтың барлық қабаты үшін оларға қол жеткізуді қамтамасыз ету.
Байқау, мемлекеттік денсаулық сақтау департаменттері арнайы қызметтерге инвестиция
салуды табанды түрде қолдайды, поликлиникаларды, отбасы орталықтарын және донорлық
ұйымдарды білдіретін медициналық ұйымдардың мамандары бастапқы медициналық-
санитарлық көмекке көңіл бөлінбейтініне қынжылады. Сапалы медициналық-санитарлық
көмек ауырудың ерте сатысында алдын алуға көмектесіп қана қоймайды, сондай-ақ негізгі
алдын алу шаралары бойынша ағарту функциясын орындайды, бұл Қазақстанға өте керек.
Ол, сондай-ақ алдын алу мен емдеуге жаппай қол жеткізуді қамтамасыз етуге өзінің үлесін
қосады. Бұған вакцинацияны кеңейту, отбасын жоспарлау саласындағы жағдайды жақсарту
мен жас кезінде жүкті болу нәтижелері енеді, сонысымен ол орынсыз жүкті болу мен жас
өспірімнің жүкті болуы деңгейін төмендете отырып, отбасын, бала көтеруді, ана болуды,
салауатты өмір сүру және денсаулық сақтауды т.б. жоспарлау мәселелері бойынша
оқытуды қамтамасыз етеді. Баламалы ресурстармен және арнайыландырылған медициналық
көмектің жолға қойылған байланыстарымен қуатталған бастапқы медициналық-санитарлық
көмекті күшейту медициналық-санитарлық көмек көрсетудегі үздіксіздікті қамтамасыз етуге
және денсаулық жүйесінде қосарлану мен тиімсіздікті болдырмауға көмектеседі..
Денсаулық жүйесінің кейбір қатысушылары, ғаламдық және ұлттық деңгейде баламалы
назар аударуды талап ететін қатерлі ісік, жүрек-тамыр және диабет сияқты
жұқпалы емес
ауырулар туралы мәселе қозғады. Қазақстандағы өлім-жітімнің негізгі себебі жүрек-тамыр
23
ЕБРР, Экономикалық ауыспалы кезіндегі өмір: Дағдарыстан кейін, 2012. Деректер 2010 ж. сұрауға
негізделген.