33
жүйесінің тиімділігін анағұрлым көтере және (әлеуметтік көрсеткіштердің жақсаруы) және
ұзақмерзімдік перспективада мемлекеттің шығынын қысқарта алады.
Жаңа күн тәртібінде медициналық персоналдың құзыреттілігі мен жауаптылығына тиісті
көңіл бөлу қажет. Сапалы медициналық қызметтер көрсету айтарлықтай дәрежеде оларды
көрсететін маманға байланысты. Ұлттық консультациялар кезінде қамтылған халықтың
арасында медициналық қызмет сапасы мен медицина қызметкерлерінің біліктілігінің
төмендігіне наразылық байқалды. Бұл аспект денсаулық сақтау жүйесінің бұл аспектісі даму
бағдарламасында жиі көзден таса қалады. Медицина қызметкерлерінің түрлі деңгейлері
үшін құзырлығын халықаралық стандарттарға негізделген қатаң тексеру қажет. Жаңа күн
тәртібі жоғары білікті дәрігерлер мен медбикелер қажеттігіне ерекше көңіл аударулары және
тиісті көрсеткіштер енгізуі тиіс.
Білім саласындағы мақсат жалпыға бірдей орта білім беру мен бастапқы және жалпы орта
деңгейдегі білім беру сапасын қамтуы тиіс. Білім сапасы, оқуды аяқтаған оқушылар үлесі,
босқандар, мигранттар сияқты маргиналданған топтың мектепке дейінгі білімге қол жеткізу
және білімнің барлық деңгейлеріне қол жеткізген жетістіктері жөнінде қосымша
көрсеткіштер қажет. Балалардың психологиялық және эмоциялық жай-күйі проблема
күйінде қалып отыр, және бұл салалардағы бағалау балалардың игілігі үшін мүмкіндік
жасауға жақсы көмектесетін болады. Бұдан басқа, осы саланың мақсаттары үшін білім
беретін оқу материалдарына тұрақты даму принциптері мен салауатты өмір сүру мәселелерін
енгізу пайдалы болады. Сол сияқты, оқытушылар мен оқушылардың ара қатынасы мен
оқытушылардың біліктілігін бағалайтын көрсеткіштер сияқты көрсеткіштер қажет.
Білім беру саласындағы тағы бір проблема білім беру саласындағы алынған біліктілік пен
еңбек рыногындағы сұраным арасындағы сәйкессіздік. Оқу бітірушілердің еңбекке
орналасуын бағалау үшін жынысы, жас ы, қала/ауыл және халықтың осал топтарын
ажыратып бөлумен көрсеткіштер енгізу қажет.
Гендер проблемасы бүкіл дүние жүзіндегі ерлер мен әйелдер арасындағы шексіз теңсіздікті
қозғайтынын ескере отырып сын үстінде қалуда. Әйелдердің саяси, экономикалық және
әлеуметтік өмірде шешім қабылдау процесіне қатысуын, әйелдер, қыздар және ұлдарға
қатысты зорлық, ерлер мен ұлдар арасындағы өлім-жітім және т.б. ескеретін қосымша
көрсеткіштер енгізу қажет. Бұдан басқа, әйелдердің үлкен саны жұмыс істемейтінін және үй
шаруашылығы мен тәрбиеші рөлін орындайтынын ескеру керек. Атап айтқанда осы әйелдер
тұрмыстық зорлық пен қатаң қарауға ұшырасатындығынан және мансаптық өсуге үшін
мүмкіндіктері жоқтығынан гендер бойынша мақсаттар/көрсеткіштер осы әйелдерді қозғауы
маңызды. Бұдан басқа, әйелдердің едәуір көлемі өзінің өмір сүруі үшін формалды емес
секторда күнкөріс табады және әйелдердің қарқыны қадағалау үшін мониторинг
механизмімен қамтамасыз ету және осы әйелдерді формалды еңбекке тарту үшін саясат
әзірлеу ұсынылады. Гендерлік саясат анағұрлым маргиналданған топты енгізу үшін
инклюзивті болуы тиіс.
Әлеуметтік қорғау: Барлық адамдар белгілі бір деңгейдегі әлеуметтік қорғау мен елдің
экономикалық өсу мүмкіндігіне үйлесімді сапаға қол жеткізулері тиіс
37
. Жалпыға бірдей
әлеуметтік қорғау теңсіздік пен кедейлікті қысқартуға жәрдемдесе алатын мемлекеттік
саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады. Қазақстанда жаппай тегін білім беру
мен денсаулық сақтау қолданылып отырғанына қарамастан, жеке өз қалтасынан шығындану
әсіресе денсаулық сақтау секторында нормаға айналған, бұл табысы төмен отбастарына тағы
да үлкен қысым жасауға алып келеді. Анағұрлым осал топтар үшін тегін медициналық
37
Үкіметтің
барлығы үшін бірдей сапа деңгейімен қамтамасыз ету мүмкіндігін ескерумен сапа
стандарттарын белгілеуіне жатады.
34
көмек пен білім беру, сондай-ақ бірқатар әлеуметтік қорғау шаралары мәселелері халықтың
арасындағы кедейлікті болдырмау үшін қажетті талаптардың бірі болып табылады. Мұндай
шаралар аз қамтамасыз етілген отбасылары, жұмыссыздар үшін, баларға арналған
жәрдемақы, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жәрдемақы, зейнеткерлер мен осындай
топтарды әлеуметтік қорғау шаларын қамтиды. ДДҰ мен ХЕҰ анықтауы бойынша
әлеуметтік қорғаудың шағын стандарты ұлттық саясат пен 2015 ж. кейінгі күн тәртібіне
интеграциялануы тиіс. Жаңа күн тәртібі барлық адамдар олардың табыс деңгейінен тәуелсіз
негізгі қызметтерге әлеуметтік қорғаудың шағын стандартына сәйкес қол жеткізе алуы үшін
және елдер мақсатты бағыттау арқылы халықтың осал топтарын қорғауға қосымша шаралар
қабылдауы үшін жанжақты саясатқа шақыруы тиіс.
Демография: әлемдегі халықтың жылдам өсу жағдайын ескерумен халықтың саны мен
құрылымындағы өзгерісті және оның дамуға тигізетін әсерін қадағалау маңызды болып
отыр. Соңғы 25 жылда әлемдегі халықтың саны 2 млрд. адамға өсті және 2050 ж. таман
тағы соншама өсуі мүмкін. Осы цифрлардың сыртында әлемдегі демографиялық құрылым
мен кедейлік бейнесін өзгертуі мүмкін түрлі болуы мүмкін әлеуметтік, экономикалық және
экологиялық салдарлар тұр. Өмір сүру ұзақтығы ғаламдық деңгейде ескеріледі. Қартайған
адамдар әлемдегі халықтың ең көп өсіп отырған тобына жатады, бұл өзіне соң денсаулық
сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру және сәйкесті әлеуметтік инвестициялар жүйесі үшін
белгілі бір салдарлар әкеледі. Халық көп дәрежеде туудың жоғарылығына байланысты
дамып келе жатқан елдерде өсіп келеді, бұл өсімпаздықты сақтау, сондай-ақ өсімпаздық
құқығын қорғау қызметтеріне мейлінше кең қол жеткізуді талап етеді.
Барлы осы демографиялық өзгерістердің күдікті үрдісі шектеулі табиғи ресурстарға әлеуетті
жүктеме мен халықтың мейлінше осал топтарына айтарлықтай жағымсыз болуы мүмкін
көміртегі шығарындыларының арту тәуекелі болып табылады. Суға, энергияға және
жыртылатын жерлерге деген сұранымның артуы экологиялық тұрақтылыққа күш салуды
баяулатуы мүмкін. Жасыл экологиялық таза технологияларға салынатын экономика мен
инвестицияны дамыту 2015 ж. айтарлықтай өзекті болып тұр.
Бұдан басқа, қақтығыстар, дүлей апат немесе шектеулі экономикалық мүмкіндіктер мен
саяси еркіндік нәтижесінде адамдардың орын ауыстыруы салдарынан бүгінде әлемде 214
млн. астам халықаралық мигранттар мен 50 млн. астам босқындар саналады
38
. Көбіне
олардың құқықтары сақталмайды және оларды қорғау жүзеге асырылмайды. 2015 ж. кейінгі
күн тәртібі мигранттар мен босқындардың сұранымдарын көрсетуі және негізгі қызметтерге,
әлеуметті қорғауға және лайықты еңбекке кепілді қол жеткізуді қамтамасыз етумен
қабылдаушы елдердегі әлеуметтік интеграциялануына жәрдемдесуі тиіс.
2-бағыт: Әділ экономикалық даму
Еңбекпен айналысу және лайықты еңбек: Жұмыс даму саласындағы ғаламдық
басымдықтардың бірі болып табылады. Кедейлік, бірінші кезекте еңбекпен айналысу және
табыспен тікелей байланысты. Халықтың жұмысқа орналасуына қол жеткізу мүмкіндігін
экономикалық өсу күшейте түседі, және олай болса, әрбір мемлекет жаңа жұмыс орындарын
құруға мүдделі болса керек. Жаңа күн тәртібінің шеңберінде жұмыс пен лайықты еңбекті,
әсіресе еңбекпен айналысу инклюзивті болып табылатындықтан және қолда бар адам
ресурстарын барынша пайдалануға мүмкіндік беретіндіктен экономикалық өсу мен адам
дамуының қозғалтқышы ретінде бөліп көрсету мүмкіндігі бар..
38
Халықтың қарқыны, тақырыптық баяндама. 2015 ж. кейінгі даму дың күн тәртібі жөніндегі жүйесінің
жұмыс тобы ЮНДЕСА және ЮНФПА, 2012 ж.