Бағдарламасы бойынша қазақстандағЫ Ұлттық консультациялар 2013 жылғы мамыр қазақстандағы БҰҰ Елдік командасы



жүктеу 1,21 Mb.
Pdf просмотр
бет13/21
Дата31.01.2020
өлшемі1,21 Mb.
#27877
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21

 

27

Мектеп  әкімшілігі  мен  оқытушылардың  қатысуымен  өткен  консультативтік  кездесу  білім 



беру  жүйесінің  мамандарын  балалардың  қауіпсіздігі,  балар  мен  бала  құқығын  қорғау  

мәселелеріне  үйрету  қажеттігі  анықталды.  Балардың  психологиялық  және  эмоционалдық 

қолдауға  зәру  болуы  кезінен  бірқатар  мысалдар  келтірілді;  мектеп  болса  мұндай  қолдау 

көрсетуге  шамасы  келмейді.  Сол  сияқты  ұлттық  оқу  жоспарында  балалар  арасында 

менталитет  пен  жауапты  азаматтық  позиция  қалыптастыруда  маңызды  мәні  бар  көптеген 

аспектілер  бойынша  кемшіліктер  бар    туралы  алаңдаушылық  білдірілді.  Еліміз  тұрақты 

дамуға қарай бағыт алып отырғандықтан білім беру жүйесі де  сондай-ақ, қоршаған ортаны 

денсаулық  негіздері  мен  салауатты  өмір  сүруді,  құрдастары  мен  қартайған  адамдарды 

сыйлауға,  толерантылыққа  және  т.б.  аспектілерді  қоса  алғанда,  тұрақтылық  принципін 

көрсетсе деген тілек білдірілді.  

 

Мектептердің әлсіз материалдық жарақтандырылуы, әсіресе ауылдық жерлерде білім беру 

саласындағы мамандарды, сондай-ақ, ата-аналарды мазасыздандырады. Ауылдық жерлердегі 

мектептерді  жылыту  әлі  де  проблема  болып  табылады.  Тазалық  мәселесі,  соның  ішінде  

қауіпсіз  ауыз  суға  және  тиісті  санитарлық  талаптарға  қол  жеткізу,  әсіресе  бұл  МДМ 

міндеттеріне енгендіктен көп көңіл бөлуді талап етеді. Балар үшін тазалықты қамтамасыз ету 

басымдылық  ретінде  қаралуы  тиіс.  Кейбір  мектептерде  дене  тәрбиесі  үшін  бара-бар  емес 

жағдайлар, ал көптеген мектептерде спорттық керек-жарақтардың жоқтығы туралы мәселесі 

көтерілді.  Сол  сияқты  ауылдық  жерлерде  стадиондардың  және  спорт  секцияларының 

жоқтығы,  бұл  балар  мен  жастардың  дене  бітімінің  дамып  жетілуіне  қойылатын  үлкен 

шектеулер екені де сөз болды.  

 

Бұдан  басқа,  мектептер  сыныптан  тыс  іс-шаралардың  жоқтығынан  зардап  шегеді. 



Балалардың  секциялар  мен  үйірмелерде  айналысуына  мүмкіндіктің  жоқтығы,  және  мұндай 

бастамаларды қолдау үшін бюджет бөлінбейтіні  талқыланды. Сондай-ақ ауылдық жерлерде 

интербелсенді  тақтаны  қолдану  да  шектелген.  Ұлттық    консультациялар  өткізу  шеңберінде 

барған мектепте интер белсенді тақта бар небәрі үш кабинет болған.  

 

Балалардың оқу үлгеріміне қатысты айтатын болсақ, онда консультацияларға қатысушылар 

оқу  жоспарының  жүктемесі  асып  кеткендігі,  балар  игеруі  тиіс  болатын  материал  бөлігінде 

баларға  түсірілетін  жүктеменің  көптігіне  шағым  айтылды.    Сыни  ойлау  мен    творчество 

көтермеленбейді.  Тестілер  қолданбалы  білімге,  логикаға  және  ойлауға  емес  фактілерді 

жаттауға негізделеді. Көптеген мектептерде нақты ғылымдарды іс жүзінде табиғат заңдарын 

түсіну үшін биология, химия, физиканы оқып-үйрену үшін тиісті жабдықтар жоқ. Сондай-ақ 

оқулықтар мен оқу материалдарының сапасы нашар.    

 

Мектепке  дейінгі  оқыту  мен  тәрбиеге  қол  жеткізу  шектеулі.  Елде  бала  бақшалардың 

жеткілікті  саны  жоқ  екендігі  атап  өтілді.  Ұялы  таңдауды  қолданумен  (MICS)  2010-2011  ж. 

ЮНИСЕФ  өткізген  көптеген  көрсеткіштер  жөніндегі  зерттеу  нәтижелері  бойынша  3-4 

жастағы  балалардың  тек  37%  мектепке  дейінгі  мекемелерге  барған,  бұл  ретте  қала  мен 

ауылдың  арасындағы  айырмашылық    өте  маңызды:  қалада  45,3%  және  ауылдық  жерлерде  

29,4% 

30

. Мектепке дейінгі біліммен қамту   5 жастағы балалар арасында біршама төмен, осы 



жастағы  балалардың  тек    41%  мектепке  дейінгі  мекемелерге  барады

31

.  Бұл  5-6  жастағы 



балаларға  міндетті  түрде  мектепке  дейінгі  тегін  білім  беруді  көздейтін  ҚР  «Білім  туралы» 

заңына қарамастан (23-бап) орын алып отыр. Мұндай жағдай кішкентай жастағы балаларды 

ерте оқытуды,  сондай-ақ  әйелдердің олардың карьералық  өсуіне әсер  ететін  жұмысқа  шығу 

мүмкіндіктерін  шектейді.  



 

                                                         

30

 

ҚР Статистика агенттігі мен ЮНИСЕФ, MICS  2010-2011 ж. үшін



  

31

 



Қазақстандағы МДМ Ұлттық есебі, 2010 ж.

  



 

28

Білім  беру  жүйесіндегі  және  академиялық  топтағы  мамандар  кәсіптік-техникалық  



колледждердегі  білім  сапасы  туралы  мәселе  көтерді.  Талқылауға  сәйкес  кәсіптік-

техникалық    колледждер  инженерлер,  құрылысшылар,  сәулетшілер  және  күрделі 

мамандықтар  үшін  қажетті  дағдылармен  қамтамасыз  етпейді.  Олар  станоктарда  жұмыс 

істеумен  аспаптарды  қолданып  үйрену  үшін  қажетті  қазіргі  заманғы  жабдықтармен 

жарақталмаған.  Мұндай  іс  жүзіндегі  дағдылардың  болмауы,  олардың  техникалық 

жұмыстарды  орындау  үшін  қажетті  дағдылары  болмағандықтан,    колледж  бітірушілердің 

жұмысқа орналасу мүкіндігін одан сайын шектей түседі. Нәтижесінде, мұндай бос орындар 

толықтырылмайды,  бұл  еңбек  рыногында  проблема  тудырады.  Мұндай  колледждердің  оқу 

бағдарламасын  қайта  қарау  және  олар  арналып  құрылған  мақсатқа  қызмет  етуі  үшін  тиісті 

қаржыландырумен қамтамасыз етілуі қажет.  

 

Жоғары білім алу  құны  әр  жыл  сайын  өсіп  келе  жатқаны  еске  салынды.  Адамдар өздерінің 

жоғары білім алуларына  мүмкіндік  жасай  алмайды  және  ЖОО  мемлекеттік  грант  бойынша 

түсе  алмайтын  мектеп  бітірушілерге  техникалық    колледждерге  түсуден  басқа  балама  жоқ 

және бұл    адамдардың болашақ мансаптық өсуін шектейді.   

Гендер  

 

Гендерлік мәселелер өзінің өзектілігін сақтап отыр.    2012 



ж.  Қазақстан  Дүниежүзілік  экономикалық  форумның 

гендерлік  теңсіздік  индексі  бойынша  31-орынды  иеленді. 

Қазақстан  жоғары  балды  әйелдердің  денсаулығы  мен  тірі 

қалу,  сондай-ақ  экономикалық  қатысуы  бойынша  алып 

отыр. Бірақ ел алған білімінің деңгейі мен саяси құқық пен 

әйелдердің  мүмкіндіктері  бойынша  мейлінше  төмен  баға 

алды,  тиісінше 66 және 61 орында

32

.  



 

 

Гендерлік паритет білімде жоғары болып табылады, жұмыс 



күшіндегі әйелдердің қатысу үлесі   2010 ж. 66% құрады

33



Елде  тұрмыстық  зорлық-зомбылықты  жою  бойынша 

қосымша  міндет  қойылған  болатын,  ол  қазірге  дейін  көп 

мазасыздық  тудырып  отыр.    2011  ж.  тіркелген  барлық 

қылмыстың  38%  әйелдерге  қарсы  қылмыстар  болды,  ал 

4,3%  -  балаларға  қарсы

34

.  Талқылау  барысында  қыздарға 



қарсы зорлық көрсетумен байланысты  қылмыстардың өсіп 

келе  жатқаны  анықталды.  Үкіметтің  әйелдерді  қорғау  жөніндегі  саясатына  жоғары  баға 

берілді  және консультациялар барысында осындай түрде балаларды құқықтық қорғауға алу 

және  балаларға  қарсы  зорлық  көрсетумен  байланысты  проблеманы  шешу  жөніндегі 

шараларды енгізу  табандылықпен  сұралды.    Сол  сияқты  қайталап  күш  қолдану  оқиғаларын 

қысқарту  мақсатында  мінез  құлықтағы  өзгерістер  мен  тиісті  қызметтерге  қол  жеткізуге 

көмектесе  отырып мұндай бағдарламалардың іске асырылуын мұқият қадағалау қажеттілігі 

атап айтылды.   

 

Талқылауларға  сәйкес,  үкімет  әйелдерді  шешім  қабылдау  үшін  лауазымдық  рөлге 



ілгерілетуге  шынайы  шаралар  қолданылуда.  Қазақстан  өзіне  мұндай  қосымша  міндетте 

(міндет  +)    2007  ж.  қойған  болатын.    Мемлекеттік  қызметтегі  шешім  қабылдайтын 

                                                         

32

 



Гендерлік теңсіздік туралы есеп, Дүниежүзілік экономикалық форум, 2012 ж. 

 

33



 

Дүниежүзілік банктің деректері. 

http://data.worldbank.org/indicator

 

 



34

 Теңсіздік жөніндегі ұлттық 

консультациялар туралы есеп, Алматы, 2013 ж.,  12 ақпан

 

Негізгі фактілер



 

Парламенттегі 

әйелдердің 

үлесі


 

11,3 % (2000 

ж.) 

13,7 % (2011 



ж.)

 

Саяси өмірдегі 

әйелдердің 

үлесі


 

8,8% (2000 ж.) 

9,5% (2011 ж.)

 

Әйелдер мен ер 

адамдардың 

арасындағы 

еңбекке ақы 

төлеу үзілістері 



 

68% (2011 ж.) 

61,5 % (2000 

ж.)


 

Әйелдер 


арасындағы 

жұмыссыздық 

6,2 % (2011 ж.) 

12 % (2001 ж.)



 


жүктеу 1,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау