Қазақстан Республикасының Білім жəне Ғылым Министрлігі Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты



жүктеу 1,14 Mb.
Pdf просмотр
бет44/70
Дата29.01.2020
өлшемі1,14 Mb.
#27704
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   70

 
145 
сонымен қатар түрлі орын ауыстырулар арқылы гимнастикалық 
жаттығуларды орындау барысында [6, 11 б.]. 
Н.Т. Иванов өткізген зерттеу нəтижелері бойынша талапкер-
ұшқыштардың 
дене 
дайындығы 
мен 
жүйке-эмоциялық 
жағдайының  динамикасы  тыңдаушылардың  жылдық  оқу 
циклінде  функциялану  тəртібі  ерекшеліктерін  ескеру  арқылы 
оқу  процесін  кезең-кезең  бойынша  құруды  қарастырады. 
Бірінші  кезеңде  жалпы  дене  дайындығының  міндеттері  келесі 
тəртіптер  бойынша  шешіледі:  оқытуға  бейімдеу(қыркүйек-
қазан),  дене  сапаларын  коррекциялау  (қараша)  жəне  емтихан 
сессиясы  кезінде  жоғары  жүйке  жүктемелерін  коррекциялау 
(желтоқсан-қаңтар).  Екінші  кезеңде  маңызды  кəсіби  сапаларды 
жəне  жоғары  жүйке  жүктемелерін  дамыту  (ақпан-сəуір)  мен 
жетілдіру  тəртібі  арқылы  (мамыр-маусым)  арнайы  дайындық 
міндеттері шешімін табады. 
Жалпы  дене  дайындығы  кезеңдерінде  функцияланудың 
түрлі  тəртібі  арқылы  келесі  дене  жаттығуларын  қолдану 
мақсатқа сай іске асуы тиіс: 
-  жылдамдық  арттыруға  аралған  жаттығуларға  бейімделу 
кезінде; 
-  артта  қалған  сапаларды  дамытуға  арналған  басым 
бағыттарды коррекциялау процесінде; 
-  емтихан  сессиясы  кезінде  –  төзімділікке  арналған 
жаттығуларды орындауда [7, 21 б. ]. 
В.А.  Гетман  КҚДД  бойынша  үздіксіз  бағдарлама  жасауды 
ұсынды,  оның  мəні  əдістемелік  жұмысты  рет-ретімен  ашып 
көрсету арқылы ұсыныс жасауда болып табылады: 
1.   КҚДД 
жағдайларына, 
проблеманың 
теориялық 
өңделуіне,  оқытушылар,  студенттер,  сонымен  қатар  дене 
тəрбиесі  əдістері  мен  тəсілдерінің  мүмкіндіктері  мен  шектелуі 
туралы алдын-ала көзқарастарға талдау жасау. 
2.  Жасау  мақсаттарын  қоя  білу.  Мақсат  бүкіл  жұмысты 
тұтастай алғанда (кəсіби бағдарланған дайындық – КҚДД) жəне 
алдағы  уақытта  болжанған  «адымдар»  үшін  анықталуы  мүмкін 
(бағдарламада жəне іс-əрекет барысында). 
3.  Осы  кезеңнен  кейін  бағдарламаларды  іске  асырудың 
мүмкін  болған  оң  жəне  теріс  салдарын  талқылау  көзделеді 
(басқа  оқу  бағдарламаларының  орындалуына  əсері,  3-5 


 
146 
курстарда  КҚДД-ның  жалғасуы  жəне  студенттің  жеке  өмірінің 
жекелеген ерекшеліктерінің өзгерістері). 
4.  Алынған  мақсаттарды  міндеттер  блогына  ауыстыру.  Бұл 
жұмыс қолданыстағы əдістер мен тəсілдерге инвентаризациялау 
мен талдау жасауды көздейді. Іс-əрекет тəсілдерінің мақсаттарға 
сəйкес келуі барысында міндеттердің бағдарламалар мен жұмыс 
жоспарларына  шартты  түрде  ауысуы  мүмкін.  Кездескен 
қиындықтардың 
тіркелуі 
проблемалардың 
блок-тізбесін 
анықтауға  мүмкіндік  береді  (осы  кезеңде  қиындықтар  мен 
проблемалар  туындамаған  жағдайда  бағдарламалау  процесі 
жұмыс жоспарын құрумен аяқталуы мүмкін). 
5.  Проблемаландыру  –  принципті  қиындықтар  мен  дау-
дамайлы 
жағдайлардың 
анықталуы 
(ЖОО-да 
оқытуды 
ұйымдастырудың 
қиындығы, 
КҚДД 
практикасындағы 
жасалынған  бағдарламалардың  қарама-қайшылығы).  (Екінші 
«адымға» ауысу). 
6.  Кейінгі  іс-əрекеттерді  іске  асыру  жолдары  мен 
нұсқаларын 
талқылау, 
проблемаларды 
типтік 
міндеттер 
жиынтығына 
ауыстыру 
(педагогикалық, 
əдістемелік, 
ұйымдастырушылық-басқарушылық).  Соның  ішінде  ерекше 
міндеттер  кешені  түріндегі  проблемаларды  шешуге  мүмкіндік 
беретін  жаңа  əдістер  мен  тəсілдерді  іріктеу  барысы  іске 
асырылады. 
7. 
Міндеттерді 
шешуді 
қамтамасыз 
ететін 
жұмыс 
жоспарларын  құру.  Жұмыс  жүйесін  жоспарлау  (бағдарлама 
алдындағы шараларды жəне КҚДД бағдарламалары мен оларды 
іске асыру барысын жасау). 
Ұйымдастыру-қызметтік 
бағдарламалау 
бойынша 
жұмыстың  жеке  кезеңі  КҚДД  бағдарламасын  жасау  болып 
табылады. 
КҚДД 
мазмұнын 
жасауда 
ұйымдастыру-қызметтік 
бағдарламалаудың ұсынылған теориялық негіздерін пайдалану – 
оқыту  мен  тəрбиелеудегі  икемделген  қызмет  пен  кезеңдік 
технологиялық 
зерттеулер 
қажеттілігінің 
мүмкіндіктерін 
көздейді.  Аталған  көзқарас  бағдарламаның  дамытылған  оқу 
мазмұнының  жұмыс  бағытын,  студенттер  мен  оқытушылардың 
рефлексті ойлауы мен қарым-қатынасы дамуын анықтайды. Осы 
бағдарламалау  принциптерін  пайдалана  отырып,  студенттермен 


 
147 
бірлескен жұмыс барысындағы КҚДД бағдарламаларын жасауға 
бағытталған  дене  тəрбиесі  əдіскерінің  басты  көзқарасы 
анықталады [8, 9-10 б.]. 
 
2. Семинарлық сабақтар  
2.1.  Қазіргі  кезеңде  кəсіптік  бағыттағы  оқу  сабақтарды 
ұйымдастыру формалары, амалдары жəне əдістері 
Мақсаты  –  қазіргі  кезеңде  кəсіптік  бағыттағы  оқу 
сабақтарды  ұйымдастыру  формалары,  амалдары  жəне  əдістерін 
анықтау. 
Жоспар:  1.  Қазіргі  кезеңде  кəсіптік  бағыттағы  оқу 
сабақтарды ұйымдастыру формалары. 
2.  Қазіргі  кезеңде  кəсіптік  бағыттағы  оқу  сабақтарды 
ұйымдастыру амалдары. 
3.  Қазіргі  кезеңде  кəсіптік  бағыттағы  оқу  сабақтарды 
ұйымдастыру əдістері. 
 
Əдістемелік нұсқаулар 
 
1.  Қазіргі  кезеңде  кəсіптік  бағыттағы  оқу  сабақтарды 
ұйымдастыру формаларын анықтаңыз.  
2.  Қазіргі  кезеңде  кəсіптік  бағыттағы  оқу  сабақтарды 
ұйымдастыру амалдарын анықтаңыз. 
3.  Қазіргі  кезеңде  кəсіптік  бағыттағы  оқу  сабақтарды 
ұйымдастыру əдістерін анықтаңыз. 
 
3. ОСӨЖ 
3.1. Тақырып: Жоғары оқу орнында кəсіптік бағыттағы 
оқу  сабақтарды  ұйымдастыру  формаларын  жүзеге  асыру 
ерекшеліктері. 
Мақсаты  –  жоғары  оқу  орнында  кəсіптік  бағыттағы  оқу 
сабақтарды 
ұйымдастыру 
формаларын 
жүзеге 
асыру 
ерекшеліктерін анықтау. 
Жоспар:  1.  Жоғары  оқу  орнында  кəсіптік  бағыттағы  оқу 
сабақтарды ұйымдастыру формалары.  
2.  Жоғары  оқу  орнында  кəсіптік  бағыттағы  оқу  сабақтарды 
ұйымдастыру формаларын жүзеге асыру ерекшеліктері. 
 


жүктеу 1,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   70




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау